Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


сізде де тура осындай дағдылар бар екендігіне


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet30/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

сізде де тура осындай дағдылар бар екендігіне мен кепілдік
беремін. Сіз олардан арылыңыз, бала да автоматты түрде арылады.
Басқаларды өзгертудің бір ғана жолы бар – алдымен өзіңді
ө
згерт. Өз ойларыңыз бен дағдыларыңызды өзгертіңіз – басқалар да
автоматты түрде өзгереді. Ал кімді де болмасын ұрысу – пайдасыз.
Басқаларды кінəлау – демек өз күшіңді босқа сарқу. Сіз өз күшіңізді
сақтауға тиістісіз. Ол сізге өмірде өзгеру үшін керек болады.
Сондықтан да əлсіз құрбандарды ойнауды доғарайық та, өзімізге
көмектесу үшін нақты бір нəрселерді жасайық.


Ө
міріңізге махаббатты енгізу
Махаббат біздің өмірімізде күтпеген жерден пайда болады. Егер сіз
махаббатты үнемі іздесеңіз, бұдан ештеңе де шықпайды. Махаббат
қ
ашан да біздің ішкі дүниемізде, ол – сырт көрініс емес.
Махаббат бірден келсін деп табандатудың қажеті жоқ. Сіздің дайын
болмауыңыз мүмкін. Немесе осы негізде рухани жеткілікті
дамымағансыз. Сіздің тырнағыңызға да тұрмайтын адамдарға
ө
зіңізді шығын қылудың қажеті жоқ. Өз ұмтылысыңыздың дəрежесін
нақты анықтау керек. Сізге өмірде қандай махаббат керек? Осы
қ
асиеттерді алдымен өзіңізде дамытыңыз, тек сонда ғана сіз өзіңіздің
көңіліңіздегі адамды тартатын жағдайда боласыз. Қараңыз, сізге
бұндай қарым-қатынас жасауға не бөгет? Мүмкін, басқалардың
сынауы. Жан-жақты жетілмеушілік сезімі ме? Ұмтылыстың өте
жоғарылығы ма? Киножұлдыздар бейнесі ме? Ашыналық қорқыныш
па? Сізді ешкім сүйе алмайды деген таным ба?
Махаббат келген кезде сүюге дайын болыңыз. Сүйіңіз – сізді де
сүйетін болады. Өз ниетіңізде ашық болыңыз, сонда барлығы да
жақсы болады.
Ө
з өміріңізде жаңаны қалыптастыру
Менің семіз болғым келмейді;
Менің кедей болғым келмейді;
Менің кəрі болғым келмейді;
Менің көріксіз болғым келмейді;
Менің бұл жерде тұрғым келмейді;
Мен өмірімдегі бұл адамды қаламаймын;
Менің əкем (шешем) сияқты болғым келмейді;
Менің бұл жерде жұмыс істегім келмейді;
Менің жалғыз басты болғым келмейді;
Менің бақытсыз болғым келмейді;
Менің ауру болғым келмейді.
Ө
міріміздегі келеңсіздіктермен саналы түрде күресу үшін біздің
қ
алай
бағдарланғанымызды
жоғарыда
келтірілген
танымдар
көрсетеді. Біз, егер жағымсыз сəттер туралы ойласақ, жағымдысы


ө
мірімізге автоматты түрде келеді деп ойлаймыз. Шын мəнінде
барлығы керісінше. Өміріңізде қанша рет сіз қаламаған нəрсеге көңіл
аудардыңыз, есіңізге түсіріңіз? Қалауыңызды алдыңыз ба? Жоқ, сірə.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling