Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


«Мен өзімдегінің бəрін мақұлдаймын» жаттығуы


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet33/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

«Мен өзімдегінің бəрін мақұлдаймын» жаттығуы
Мен бұл жаттығуды жүздеген адамға ұсынамын, ал нəтижесі адам
сенбестей. Келесі ай бойына: «Мен өзімді мақұлдаймын» деп жиі
айтыңыз. Бұны күніне 300-400 рет қайталаңыз. Қаншама көп айтсаңыз,
соншалықты жақсы. Бұл сөз қашан да сізбен бірге жүрсін, сіздің
дұғаңыз секілді болсын. Бұл сөз сіздің санаңызға қарсы тұрғандардың
бəрін анықтап береді. «Осынша семіз бола тұрып, мен өзімді қалай
мақұл көре аламын?» деген теріс пікір келгенде, немесе «Осы маған


жəрдем береді» деп ойлаудың өзі ақымақтық деп ойлағаныңызда
барып, сіз үшін өз ойларыңызды бақылауға алатын уақыт келді дей
беріңіз. Бұндай ойларға назар аудармаңыз. Ол ойларды сол күйінде
қ
абылдаңыз да, жөніне жіберіңіз. Бұндай ойларға: «Мен сізді бос
жібердім жəне өзімді мақұл көрдім» деңіз.
Кейбіреулер, бұл жаттығу ақымақтың ісі жəне мұнда ешқандай
мағына жоқ деп ойлайды. Мейлі, бұндай ойлар да сіздің санаңыздан
ө
тіп кетсін, егер сіз өзіңізге оларды таңдамасаңыз, олар сізге ешқашан
билік ете алмайды. Бұндай ойлар – сіздің уақытқа қарсылығыңыз.
Ештеңеге қарамастан жалғастыру керек. Өзгелер сізге не десе де
көңіл бөлмеңіз. Егер сіз, біреулер өзіңіз мақұлдамаған нəрсені жасап
жатқанда, осы сөздерді қайталай алған болсаңыз, онда сіз рухани өрлеу
ү
стінде екеніңізді ішіңізбен сезесіз.
Біз өз ойларымызды өзімізге бағындырғанымызша, олар бізге билік
ете алмайды. Өз ойларымыз ешқандай мағынаға ие бола алмайды. Біз
оларға мағына береміз, сондықтан қандай мағына беретінімізді
біз, тек қана біз таңдауымыз керек. Өзімізді өзіміз сезінуіміздің бір
бөлігі өзгелердің пікірінен арылу болып табылады. Егер мен сізге
ұ
дайы «ақшыл көк шошқа» десем, сіз маған күлер едіңіз немесе мені
ақымақ санар едіңіз. Сіз оған ешуақытта сенбеген болар едіңіз. Біздің
ө
зімізге айтатындарымыздың да көбісі осы секілді шындыққа
жанасымсыз. Егер біз өзіміздің бағамыз бойымыздың ұзындығына
байланысты дегенге сенер болсақ, онда біз бос далбасаға сенген
боламыз. Біз өз кемшілігіміз деп жиі ойлайтын нəрсеміз, мүмкін біздің
жеке қабілетіміздің көрінісі шығар. Біздің ерекше қасиетіміздің өзі осы
болар.
Жаратылыс
ө
зін
ешуақытта
қ
айталамайды.
Табиғат
жаратылғалы бері бір біріне ұқсаған қар ұшқыны немесе жаңбыр
тамшысы болған емес. Əрбір түймедақ бір-біріне ұқсамайды. Біздің
саусақтарымыздың ізі де біз секілді əртүрлі. Табиғат солай жаратқан.
Егер сіз осы ойды қабылдай алсаңыз, онда сіз өзіңізді өзгелермен
ұ
дайы салыстыра бермейтін боласыз. Біреуге ұқсас болуға тырысу - өз
жаныңызды бағаламау. Біз бұл планетаға келгенде өзімізді көрсете
білу үшін келгенбіз. Мен де өзімнің рухани ізденістерімді бастағанша
ө
зімнің кім екенімді білмегенмін.
Демек, бізді бақытсыз ететін ойларды қуып шығуымыз керек, бізге
ұ
наған істермен айналысайық, бірге жүргенде өзімізді жақсы сезінетін
адамдармен бір жүрейік.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling