Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet27/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Қ
атерлі ісік – терең қордаланған реніштердің əсерінен болатын,
шын мəнінде денені жегідей жейтін ауру. Балалық шақта біздің өмірге
деген сенімімізді үзетін бірдеңе болады. Бұл жағдай ешқашан
ұ
мытылмайды да, адам өзіне үлкен аяушылық сезімімен өмір сүреді.
Оған кейде ұзақ та байыпты қарым-қатынаста болу қиынға соғады.
Ө
мір бұндай адамдар үшін шексіз түңілулерден тұрады. Тығырыққа
тірелу мен үмітсіздік сезімі оның санасын жаулап алады, өзінің
проблемаларына байланысты өзгелерге кінə арту ол үшін əлдеқайда
жеңіл. Қатерлі ісікпен ауыратын адамдар өзіне өте сыншыл болып
келеді. Өзім жүре келе қалыптастырған тəжірибемде көзімнің
жеткеніндей, қандай қалыпта болса сол қалыпта өзіңді қабылдай білу
мен өзіңді жақсы көре білу қатерлі ісік ауруынан айықтырады.
Артық салмақ – қорғанысқа қажеттіліктен басқа ештеңе емес. Біз
аурудан, сыннан, сексуальдылықтан, қорлаудан қорғануды іздейміз.
Ү
лкен таңдау, солай емес пе? Мен ешқашан семіз болған емеспін, бірақ
менің өз тəжірибемнен көзім жеткені - мен өзімді батылсыз немесе
ə
лсіз сезінген кезде мен автоматты түрде бірнеше килограммға семіре
бастаймын. Қауіп сейілген кезде, ауыр салмақ та жоғалады. Əлеммен
күрес - күш-қуат пен уақытты босқа шығындау. Сіз қалай қарсыласуды
тоқтатасыз, солай сіздің салмағыңыз қалыпқа түседі. Өзіңе, өмір
процесінің өзіне сену, жаман ойлардан аулақ болу – міне арықтаудың
ə
дісі.
Менің ойымша əртүрлі негіздегі ауру – кінəлі сезінудің айғағы. Ал
кінə əрқашанда жазалауды іздейді, ал жазалау өз кезегінде ауруды
тудырады. Созылмалы ауру кейде біздің өзіміз де білмейтін өзімізде


терең көмілген созылмалы кінəлі сезінуден пайда болады. Кінə -
пайдасыз сезім. Бұл сезім ешкімге ешқашан көмектеспейді, ол
жағдайды өзгертуге дəрменсіз. Сондықтан да өзіңді абақтыдан босат.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling