Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet32/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Ақылды жаттықтыру
Ө
зіңді сынау – бұл өз «мылжыңыңызды» автоматты түрде іске
қ
осу, немесе латынша «едо» («бұл») аталатын нəрсе. Сіз ойыңызды
ө
зіңізді үнемі қорлауға жəне өзгерістерге қарсылық жасауға
жаттықтырғаныңыз соншалық, оның сізге не айтқанына көңіл
бөлмеудің өзі қиын.
Бұрын суреттелген жаттығуды жасаймыз. Айнаға қараңыз да
ө
зіңізге: «Мен өзімді осы қалпымда сүйемін жəне құрметтеймін» деп
айтыңыз. Бұны айтқанда сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Мүмкін, жұрттың
бəрін жəне өзіңді кешіргеннен кейін сізге əлдеқайда жақсы болған
шығар?
Ө
зімді өзім жоққа шығарған күндері, кейде өзімді шапалақтаушы да
едім. Мен ол кездері өз-өзіңді қабылдаудың мəнін білген жоқпын.
Менің басқа бірдеңеге қарағанда, өзімнің жетімсіздігіме деген сенімім
күшті болатын. Егер біреу маған мені сүйем деп айтса, менің табан
асты реакциям: «Неге? Ол менен нені көрді?» болатын. Немесе мендегі:
«Егер шын мəнінде менің кім екенімді білсе, олар мені сүймес еді»
деген классикалық ой. Мен бұл кезде біздің сыртқы «Меннен» өзгеше,
ө
міріміздегі барлық жақсылықтар ішкі «Менді» қабылдаудан
басталатынына шүбəланған жоқпын. Сыртқы «Мен» - бұл біздің
бұрынғы бағдарламаларымыздың нəтижесі болып табылатын біздің
іс-əрекетіміз ғана. Ішкі «Мен» - Бұл Құдаймен арадағы үзілмейтін
байланыс, өмірдің бағасыз сыйы. Бұл кітапта сөз тек қана ішкі «менге»
деген махаббат жөнінде болады.
Мен өзімнен жақсы қасиеттер іздей бастадым, бұл менің өмірімді
күрт өзгертті. Денсаулығым əлдеқайда жақсарды. Мықты денсаулық
ө
зіңе деген махаббаттан басталады. Бұл өзара қарым-қатынасқа,
творчестволық бейімділіктерді дамытуға, байлыққа да қатысты.
Кейінірек, өзімдегі барлық, тіпті, оншалықты «жақсы» болып
көрінбеген қасиеттерді де сүйіп, мақұлдадым. Сонда, тек сонда ғана
менің өмірімде айтарлықтай прогресс басталды.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling