Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


ІІ тарау. Өз тəніңді емде


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet35/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

ІІ тарау. Өз тəніңді емде
(тəн ауруының психологиялық себептері жəне оны жеңудің
метафизикалық жолдары)
Нақ осы сəттегі күш алу нүктесі
Күш алу нүктесі біздің санамызда – осы жерде жəне қазір қатысып
тұр. Жəне, ол, біздің ойларымыздың теріс болғанына, бізге кесел
келгеніне, төңірегіміздегілермен қатынасымыз бұзылғанына, ақшаның
таусылғанына, өзіңді-өзің жек көре бастағаныңа байланыссыз,
ө
згерістерді бастау ешқашан кем емес. Бұл уақытқа дейін біздің
ө
міріміз бен тəжірибеміз біздің басымызда тұрған ойлар арқылы
құ
рылған, біз ол ойларды ұдайы пайдаланып жүргенбіз. Сөйткенмен
бұл ойлар өткеннің еншісінде, бұл мəреден біз өтіп кеттік. Біздің
бүгінгі, нақ осы сəттегі ойларымыз бен сөздерімізден біздің ертеңіміз,
арғы күніміз, одан арғы күніміз, келесі апта, ай, жыл, т.т. байланысты.
Салмақ нүктесі қашанда осы сəтте тұр. Қазір, міне осы сəтте біз өз
ө
мірімізді өзгертуді бастадық. Қандай жеңілдететін ой! Біз өзіміздің
бұрынғы санасыздығымыздан арылуды бастай аламыз. Тап қазір.
Тіптен кішкене ғана бастапқы қадам шешуші болып кетуі мүмкін.
Бала күніңізде сіз таза көңіл мен махаббаттың өзі болдыңыз. Сіз
ө
зіңіздің маңыздылығыңызды сезініп, өзіңізді Кеңістіктің ортасы деп
сезіндіңіз. Сізде ержүректік мол болатын, сіз өзіңізге не керек болса,
соны талап ете алдыңыз жəне сіз өз сезіміңізді ашық білдіре алдыңыз.
Сіз өз тəніңізді сүйдіңіз, оның əрбір мүшесін сүйе білдіңіз. Сіз өзіңізді
ə
бден жетілген деп санадыңыз. Өмір шындығы да нақ солай болатын.
Сіз мына сөздерді көп айтасыз ба: “Міне, мен қандай адаммын”
немесе “Бұл солай, оған ештеңе жасай алмайсың”. Шын мəнінде біз
“өзімізге шындық секілді боп көрінген” нəрсені айтамыз. Əдетте біздің
сеніміміз – ол өзге адамдардың біз қабылдаған жəне біздің өз
көзқарасымыз жүйесіне кіргізіп қойған пікірі. Егер бізді балалық
шағымызда: бұл өмір – тұнып тұрған қиыншылық деп үйретті десек,
онда біз осы пікірмен сəйкес келген ойға ұдайы сенеміз де, оны өзіміз
ү
шін ақиқат деп қабылдаймыз. “Бейтаныс адамдарға сенбе”, “түнде
ү
йден шықпа”, “адамдар сені алдап кетеді”, т.с.с. сөздер Сізге зиян.
Одан да бізді жас кезімізден: “барлық жерде – махаббат”, “адамдар


қ
андай мейірімді”, “маған ақшаның келуі оп-оңай” деген сенім болған
болса, ол біздің өмірімізді нұрландырар еді.
Біз өз сеніміміздің ақиқат екендігіне өте сирек күдіктенеміз.
Мысалы, мен өзімнен: “Маған оқу қиын екеніне неге сенемін? Бұл шын
мəнінде солай ма? Бұл осы қазір маған қатысты дұрыс па? Менде бұл
сенім қайдан пайда болды? Бұл сөзге мен озат ұстаз солай деген соң
сеніп жүрмін бе? Осыған сенуді тоқтатқан дұрыс емес пе еді?, - деп
сұрай алар едім.
Нақ осы сəтте сіздің басыңызға келе қалған ойды тоқтатыңызшы. Сіз
не туралы ойладыңыз? Егер барлығы ой ойлауға байланысты болса, сіз
бұл ойдың орындалуын қалар ма едіңіз? Ал егер онда қобалжу мен ашу,
ауырсыну мен өш алу болса, онда ол ой сізге қай күйінде қайта оралар
еді, қалай ойлайсыз? Егер біз шат өмір кешкіміз келсе, онда біздің
ойларымыз да жарқын болуы керек. Бізден ой жəне сөз түрінде не
шықса, ол сол күйінде бізге қайтып оралады.
Ө
з сөзіңізге құлақ салып көріңіз. Егер бір ой сізге үшінші рет қайта
оралса, оны жазып қойыңыз. Бұлай болуы, сіздің ойыңыз сіз үшін үлгі
болып
қ
алғанын
көрсетеді.
Апта
соңында
жазып
қ
ойған
ойларыңыздың тізбегін қарап шықсаңыз, сөздеріңіз сіздің өміріңіздегі
оқиғаларға қай дəрежеде сəйкес келетінін көресіз. Өз ойларыңыз бен
сөздеріңізді өзгертуге дайын болыңызшы, сонда сіздің өміріңіз
қ
аншалықты өзгеретінін бақылай аласыз. Сөздер мен ойларды
таңдауды бақылау арқылы өз өміріңізді бақылау мүмкін. Өйткені,
сіздің ақылыңызды сізден басқа ешкім пайдалана алмайды.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling