Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Махаббатпен емдеу
мақұлдау концепциясын жиі пайдаланатынымды байқаған боларсыз.
Егер біз, шынымен Құдайдың құдіретінің жəрдеміне сеніп, өзімізді ө зіміз мақұлдап, махаббатқа толы жүрекпен өмір сүрсек, онда бейбітшілік пен қуаныш біздің өмірімізді толтырып, кесел мен қ иыншылық жоламайды. Біздің мақсатымыз – аурусыз, өзіміз қ атысқан көңілді отырыстардан рахаттанып өмір сүру. Махаббат ашуды ерітіп жібереді, махаббат реніштерді ұмытуға мəжбүр етеді, махаббат қорқынышты қуады, махаббат қауіпсіздік əкеледі. Егер сіздің ө міріңіздің негізінде өзіңізге деген махаббат жатса, онда сіздің өміріңіз жеңіл, үндестікте, сау-саламат, жайнаған қуанышта өтуі тиіс. Тəни кеселдерге ұшырағанда бұл кітапты пайдалануға болатын пайдалы мысалдар мыналар: 1. Бұл кітапта кеселдің қандай психологиялық себебі берілгенін табыңыз. Сіздің жағдайыңызда ол шындыққа сай ма, тексеріңіз. Егер олай болмай шықса, онда тыныш отырып: «Менің қай ойларым осыған ə келіп соқтыруы мүмкін?» деп сұраңыз. 2. Өзіңіз үшін (лажы болса дауыстап): «Мен осы кеселді туындатқан ойлау стеротипінен арылғым келеді» деп қайталаңыз. 3. Жаңа ой үлгілерін бірнеше рет қайталаңыз. 4. Сіз аурудан жазылу жағдайында екендігіңізге өзіңізді сендіріңіз. Сіз өз кеселіңіз жайлы ойлаған сайын жоғарыдағы əрекеттерді қ айталаңыз. Содан соң қорытынды медитативтік талдаулар келеді, оларды күн сайын оқу пайдалы, өйткені олар сау сана қалыптастыруға, сол арқылы тəн саулығына жетуге мүмкіндік береді. Махаббатпен емдеу Менің болмысымның терең ортасында махаббаттың таусылмас қ оры бар. Мен сол махаббаттың сыртқа шығуына мүмкіндік беремін. Ол менің жүрегімді, тəнімді, ақыл-ойымды, санамды, менің бар болмысымды толтырып тұр, менен жан-жаққа нұр шашып, одан бірнеше есе ұлғайып, өзіме қайта оралады. Мен махаббатты қ аншалықты мол қабылдасам, соншалықты көп етіп қайтаруым керек, оның қоры шексіз. Махаббат маған жақсы көңіл-күй сыйлайды, ол – менің ішкі қуанышымның көрінісі. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан мен өзімнің тəніме махаббатпен қамқорлық жасаймын. Мен қ айырымдылықпен оны жақсы дəммен жəне сусынмен тамақтандырамын. Мен оны махаббатпен жасандырып, киіндіремін. Тəн де маған өзінің саулығы мен қуатын сыйлайды. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме барлық талаптарыма сай келетін, сонда тұру жақсы көңіл-күй əкелетін, қолайлы мекен-жай алдым. Мен бөлмелерді махаббат дірілімен толтырамын, ол махаббатты кірген адамдардың бəрі, соның ішінде өзім де сезіп көңілі қош болатындай етемін. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме ұнайтын, одан рахат алатын, менің дарыным мен қабілетімді аша алатын жерде жұмыс істеймін. Мен адамдармен жəне өзім ұнататын, мені жақсы көретін адамдар үшін жұмыс істеймін, айлығым да жақсы. Мен өзімді жақсы көремін, өйткені менің мінезімде жəне ойларымда барлық адамдарға махаббатпен қараймын, өйткені менің бергенім өзіме көп есе болып қ айта оралатынына мен сенемін. Менің ішкі əлеміме мен тек өзімді жақсы көретін адамдарды шақырамын, себебі олардан менің өз болмысым айнадан көрінгендей көрінеді. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан да мен кешіре білемін, өткенді жəне барлық өткен тəжірибемді ұмытамын, сөйтіп бостандық аламын. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан да тек бүгінгі күнмен, оның əрбір сəтінен рахат ала ө мір сүремін жəне мені жарқын да қуанышты болашақ күтіп тұрғанына сенемін, өйткені мен Кеңістіктің сүйкімді баласымын, ол мен үшін қ азір де, болашақта да қамқорлық жасайды. Шын мəнінде бұл солай. Мен сіздерді сүйемін. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling