Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Сау тəн үшін аффирмациялар
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
Сау тəн үшін аффирмациялар
Маған менің санам ұнайды: Менің санам маған менің Тəнім - əсем Ғажайып екенін түсінуге жəрдемдеседі. Мен өмір сүргенім үшін қуанамын. Мен санамның көмегімен өзімді емдей алу қабілетімді таныдым. Менің санам, менің болашағым соған байланысты болатын айдың əрбір секундын таңдап алады. Мен санамды пайдалану арқылы одан емделуге болатын күш аламын. Мен өзімнің көңіл- күйімді жақсартатын ойларды таңдап аламын. Мен өзімнің тамаша санамды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің басымның терісі ұнайды Менің басымның терісі бос жəне тыныш. Ол менің шашыма төсек болып тұр. Ол менің əдемі шаштарымның өсіп, толық болып тұруы ү шін қуат береді. Мен ойларымды, олар менің басымның терісін ə демілеп сылап-сипап беретіндей етіп таңдаймын. Мен өзімнің басымның тамаша терісін сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің шаштарым ұнайды Мен өміріме маған керек нəрселер жайлы қамқорлық жасауға мүмкіндік беремін, сөйтіп мықты жəне бейбітшіл адам боламын. Мен басымның терісін жұмсартамын, сөйтіп менің тамаша шаштарымның өсіп, топ-толық болып тұруына мүмкіндік жасаймын. Мен шаштарыма махаббатпен қараймын жəне олардың өсуі мен мықты болуына жəрдем жасарлық ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша шаштарымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің көздерім ұнайды Менің көзім өте жақсы көреді. Мен барлығын анық жəне жарқырата көре аламын. Мен өзімнің өткеніме, бүгініме жəне болашағыма махаббатпен қараймын. Менің санам менің өмірге көзқарасымды айқындайды. Мен барлық нəрсеге жаңаша қараймын. Мен əр адамдағы жақсылықты көре аламын, мен оны қашан, қай жерде болса да көре аламын. Мен өз махаббатыммен өзім көріп отыра беруге құмар өмірді жасай аламын. Мен өзімнің тамаша көздерімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің құлақтарым ұнайды Мен тыныш, байсалды, өмірсүйгіш адаммын. Мен өз төңірегімде ү ндестік туғызатын ойларды таңдаймын. Мен барлық жақсы жəне жəйлі нəрселерді тыңдағанды жақсы көремін. Əр адамның сөздерінен мен махаббатқа шақырудың жасырын түрін естимін. Мен өзгелерді түсінуге тырысамын жəне оларға жанашырлықпен қарай аламын. Мені менің өмірді тыңдай білу қабілетім қуантады. Менің санам қашан болса да қабылдауға ашық. Мен рахаттана тыңдаймын. Мен өзімнің тамаша құлақтарымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің мұрным ұнайды Мен өзімді қоршап тұрғандардың бəрімен бейбіт өмір сүремін. Менің ү стімнен ешкім, ешқашан билік ете алмайды. Мен өз əлемімде күш пен биліктің иесімін. Мен өзімнің шын құндылығымды мойындайтын ойларды ғана таңдаймын. Мен өз сезіміме сенемін, өйткені мен қашан да Кеңістіктегі Ақылмен жəне Ақиқатпен байланыстамын. Мен қашан да өзімнің дұрыс жолымды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша мұрнымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің аузым ұнайды Мен жаңа идеялардан қуат аламын. Мен қабылдап сіңіру үшін жаңа концепциялар дайындаймын. Мен Ақиқат заңдары негізінде оңай шешімдер қабылдаймын. Менде өмірге деген жақсы сүйіспеншілік бар. Мен қай нəрсе болсын махаббатпен айтуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен не ойласам соны батыл жеткізе аламын, себебі мен өз бағамды білемін. Мен өзімнің тамаша аузымды сүйемін жəне |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling