Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
Ағзалар - өзіңді көрсете білудің бастауы. Менің өзімді көрсетуім – ол
менің өмірге деген қатынасымның түрі. Мен – ерекше тұлғамын. Мен ө зімнің даралығымды бағалаймын. Менің өмірімде кездескен барлық жақсылықтың бəрі алдымен менің жанымда пайда болады. Менің қ айталанбайтындығым мен таңдаған ойлардан басталады. Рухани беріктік пен күш менде мықты жəне теңестірілген. Мен қуатты жəне жеңіл қимылдайтын адаммын. Мен өзімнің тамаша ағзаларымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жүрегім ұнайды Менің жүрегім бүкіл бойыма, оның жасушаларына қуат беру арқылы қ уаныш əкеледі. Қазір менде жаңа қуанышты ойлар еркін айналып жүр. Мен өмірдің қуанышын сезінемін жəне көрсетемін. Мен, осы сəттің мəңгі шат ойларын таңдаймын. Менен барлық жаққа махаббат лебі еседі, жəне менің бар өмірім шаттықтан тұрады. Мен жүрегіммен сүйемін. Мен өзімнің тамаша жүрегімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің қаным ұнайды Менің бойымдағы қаным – тап-таза қуаныш. Өмірдің осы қуанышы бойымда еркін ағып жатыр. Мен бақытты жəне шат-шадыман өмір сүрудемін. Менің өмірім бай, толыққанды жəне қуанышты. Мен өзімнің тамаша қанымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жүйкем ұнайды Менде тамаша жүйке жүйесі бар. Жүйкем менің өмірмен байланысымды толық көлемде қамтамасыз етеді. Мен өзімді қауіпсіз жағдайда сезінемін. Мен жүйкелеріме бейбіт босаңсуға рұқсат беремін. Жаныма тыныштық беретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша жүйкемді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің асқазаным ұнайды Мен өмір тəжірибесін рахаттана қорытамын. Өмір бəрін менің пайдама шешеді. Мен өмірдің əрбір жаңа сəтін жеңіл сіңіре аламын. Менің əлемімде барлығы жақсы бара жатыр. Мен өзімнің бар екенімді мадақтайтын ойларды таңдаймын. Өмір маған керек нəрсемен мені қ оректендіретініне мен сенемін. Мен өзімнің бағамды білемін. Маған ұқ саған адам онсыз да жақсы. Мен - Өмірдің Тамаша Киелі Көрінісімін. Мен осы ойды сіңіремін де, оны өзім үшін ақиқатқа айналдырамын. Мен ө зімнің тамаша асқазанымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің бауырым ұнайды Мен барлығынан бас тартамын, маған басқа ештеңе де керек емес. Мен тіксінуді, сын мен айыптауды шаттана жоққа шығарамын. Менде енді тек таза жəне сап-сау ойлар қалды. Менің өмірімде бəрі Киелі Құқ ық анықтаған Тəртіпке сəйкес орындалып келеді. Барлығы менің жағдайым мен қуанышым үшін жасалып жатыр. Мен өз өмірімде барлық жерде махаббат кездестіремін. Мен, мені емдейтін, тазартатын жəне биікке көтеретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша бауырымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің бүйрегім ұнайды Мен өзім құра алған өмірді сол күйінде қабылдауға жəне соның ішінде дамуға əзірмін. Мен ескілерден қол үзіп барлық жаңаны қарсы алудамын. Менің бүйрегім, бұрын менің ағзамды уландырып келген нəрселерді тиімді жойып жатыр. Мен енді менің өз əлемімді құратын ойларды таңдаймын. Менің сезімдерім махаббатты байсалды етеді. Мен өзімнің тамаша бүйрегімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің қара бауырым ұнайды Менің жалғыз жақсы көретін нəрсем - өмірден рахаттану. Менің шын болмысым – ол шаттықтың, махаббаттың, тыныштықтың араласқан түрі. Менің сап-сау, бақытты, қалыпты қара бауырым бар. Мен толық қауіпсіздіктемін. Өмірдің тəттісін ғана таңдаймын. Мен ө зімнің тамаша қара бауырымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің белім ұнайды Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling