Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
Менің белім əсем. Ол қалыпты, табиғи жəне өте иілгіш. Мен қалай
қ аласам солай иіле де, майыса да аламын. Мен жаныма жайлы түрде жасалған жаттығулардан рахат алуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Менің белімнің көлемі маған өте лайық. Мен өзімнің тамаша белімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің бүйірім ұнайды Мен бұл өмірде өте нық жүріп келемін. Мен ұдайы бір жаңа нəрсеге қ арай жүріп келемін. Əр жастың өзіне лайықты мақсаттары мен мұраттары бар. Мен, мықтылық пен күшті сақтап тұратын ойларды таңдаймын. Менің күшім мен құдіретім - өмірдің осы тұтқасында. Мен ө зімнің тамаша бүйірімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жамбасым ұнайды Менің жамбасым күн санап əдеміленіп келеді. Олардан менің құ діретім көрінеді. Мен өзімнің мықты адам екенімді білемін. Мен ө зімнің күшімді білемін жəне бағалаймын. Мен, өзіме күшіммен ақылға сай пайдалануыма махаббатпен мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Өз күшіңді сезіну қандай рахат. Мен өзімнің тамаша жамбасымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тік ішегім ұнайды Мен өзімдегі бар жақсы нəрселердің дархан жəне қуанышты жылжуы үшін ашық та еркін каналмын. Мен алға жылжуыма зияны тиетін жəне кедергі болатын ойлар мен заттардан оп-оңай ажыраймын. Менің өмірімде барлығы қалыпты, үндестікте, жетілген. Мен тап қазіргі уақытпен өмір сүремін. Мен өмірде ілгері жылжуыма жəрдем беретін ашықтық пен қабылдай білу туралы ойларды таңдаймын. Сіңіріп алу, түсіну мен ойдан шығарып жіберу менде оп- оңай-ақ жасалады. Мен өзімнің тамаша тік ішегімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің өтім ұнайды Мен өз ойларыммен жəне сезімдеріммен түсіністікте өмір сүремін. Мен өзімді қоршап тұрғандармен келісімде өмір сүремін. Менің ү стімнен ешкім жəне ештеңе билік ете алмайды, өйткені мен өз ақылыммен өмір сүремін. Мен өзіме тыныштық əкелетін ойларды таңдаймын. Ескірген идеялар мен түсініктерден өз еркіммен жəне ешбір қиындықсыз құтыла аламын. Менен олар оп-оңай жəне қуана- қ уана кете барады. Мен өзімнің тамаша өтімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жыныс органдарым ұнайды Менің сексуальдылығым маған ұнайды. Бұл қалыпты іс, табиғи жəне ең жақсы күй. Мен өз органдарымды əсем, табиғи жəне маған өте лайық деп табамын. Мен, осы жерде жəне қазір қалай болсам сол күйде жақсы жəне əдемімін. Мен өз денем өзіме беретін рахатты бағалаймын. Менің денемнің маған беретін рахаты қауіпсіз. Мен өзімнің тамаша жыныс органдарымды сүйетін жəне бағалайтын ойларды таңдаймын! Маған менің аяқтарым ұнайды Мен қазір, балалық шақта ауыртып алған жəне ұрып алған барлық ауруларымды ұмытқым келеді. Мен өткенмен өмір сүруден бас тартамын. Мен бүгінгі күнмен өмір сүремін. Мен өткенімнің бəрін ұ мытамын жəне кешіремін, ал менің аяқтарым бұрынғыдан да жақсарып келеді. Менің еркін қозғалуыма менің қозғала алатын мүмкіндігім жəрдем жасайды. Менің өткенім менің ілгері жылжуыма зиянын тигізбейді. Менің мықты балтырларым босаңсып тұр. Мен, ө зімнің қуанышпен ілгері жылжуыма жəрдем беретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша аяқтарымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тізем ұнайды Мен иілгішпін жəне майысқақпын. Мен беремін жəне кешіремін. Маған бас ию мен қозғалу жеңілге түсіп тұр. Мен өзге адамдарды түсіне аламын жəне жаным ашиды. Маған өткенімді жəне сол кезге қ атысты адамдарды кешіру оңай. Мен өзге адамдарды мойындай аламын жəне оларды мақтап жүремін. Мен, айналадағының бəрін еркін толтыратын махаббат пен қуанышты сақтау мен қабылдауға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен өз Тəңіріме табынамын. Мен өзімнің тамаша тіземді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің сырт келбетім ұнайды Мен өзімнің сырт келбетімді ұнатамын. Бұл өмірде олар мені толық қ анағаттандырады. Мен өзімнің сырт келбетімді тумай жатып таңдағанмын жəне таңдауыма өкінбеймін. Мен ерекше, ешкімге ұқ самайтын адаммын. Менен басқа ешкімнің көрінісі маған ұқсамайды. Менің тартымдылығым күн санап өсіп келеді. Мен, өзімнің əсемдігімді көрсете түсетін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша сырт келбетімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің бойым ұнайды Менің бойым маған дəлме-дəл сəйкес келеді. Ол онша ұзын да, қысқа да емес. Мен төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге еркін қарай аламын. Мен жұлдыздарға қол соза аламын жəне жерді қолыммен ұ стай аламын. Мен, қауіпсіздік, қорғаушылық, махаббат сезімі пайда болатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша бойымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің салмағым ұнайды Қ азір менің өзіме ең қолайлы салмағым бар. Ол менің өзіме белгілеп алған салмаққа сəйкес келеді. Мен өзімнің салмағымды қалаған кезде ө згерте аламын. Мен, өзімнің денемнен жəне оның көлемінен рахат алу сезімін төмендетпейтін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша денемді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жасым ұнайды Мен қазір ең жақсы жастамын. Мен үшін өмірімнің əрбір жылы қ ымбат, өйткені ол бір-ақ рет беріледі. Балалық шақтан кəрілікке дейін тамашаларға толы. Балалық та кəрілік секілді ерекше. Мəн бəрін де басымнан өткізгім келеді. Мен, маған тыныш қартаюға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен əр жаңа жылдың əрбір сəтіндегі оқиғаларды асыға күтемін. Мен өзімнің тамаша жасымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тəнім ұнайды Менің тəнім - өмір үшін тамаша үй. Мен өз өмірімде менің таңдауым тамаша тəніме түскеніне ризамын. Оның барлық жағы əсем: көлемі, тұрпаты жəне түсі. Ол маған өте жақсы қызмет етеді. Мені тəнімнің керемет келбеті қуанышқа бөлейді. Мен, менің сау тəніме жақсы əсер ететін, жақсы көңіл-күй сыйлайтын емдеуші ойларды таңдаймын. Мен ө зімнің тамаша тəнімді сүйемін жəне бағалаймын! Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling