Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Күш - өз ішімізде
1-бөлім. Сана жетілгенде
Біз санамызды жетілдіре бастасақ жəне сенімімізді орнықтырсақ, онда махаббат біздің жүрегімізден өзі-ақ еркін ағылады. Біз тырысып қалсақ, жүректің қақпағы жабылып қалады. Күш - өз ішімізде Біздің ішкі күшпен байланысымыз қаншалықты мықты болса, біз ө міріміздің барлық салаларында еркінірек бола береміз. Сіз кімсіз? Сіз неге осы жердесіз? Сіз өміріңізде неге сенесіз? Адамдар мыңдаған жылдардан бері осы сұрақтарға жауап іздеп жүр жəне бұл ізденісте олар ылғи да өз ішіне үңілуде. ІШКЕ ЖЫЛЖУ дегеніміз не? Ішкі күш біздің əрбірімізді махаббат пен тап-таза денсаулыққа, таза қ арым-қатынасқа, таза күйіндегі карьерадағы өсуге жетуге алып баратынына мен сенемін. Ол біздің əрбірімізді жарқырап өрлеуге ү йрете алады. Келесі қадам – қолайсыз жағдайлар туғызатын тұрмыс ү лгісінен босанып шығу. Бұлай ету өте қарапайым: біз өз ішімізге үң ілеміз де ішкі күштің қақпасын қағамыз. Ол біз үшін қайсысы дұрыс екенін біледі. Егер бізде өз өмірімізді бізді сүйетін жəне қолдайтын ішкі күшпен бір қатарға қою тілегі болса, осы жеткілікті. Біз махаббат пен ілгері өрлеуді өз өмірімізге кіргізе аламыз. Біздің санамыз Бірыңғай Таусылмас Санамен барлық уақытта байланыс жасап тұратынына мен сенемін. Демек, барлық білім мен барлық ақылды біз кез-келген уақытта ала аламыз. Біз Таусылмас Санамен, Кеңістік күшімен байланыстымыз. Ол бізге ішкі саңылау арқылы, біздің Жоғарғы «меніміз» жəне Біздегі Ішкі Күш арқылы өмір береді. Кеңістік Күші өзінің барлық жасағандарын сүйеді. Бұл күштің негізінде ізгі, жарқын бастау бар жəне ол біздің өміріміздегінің барлығына басшылық жасайды. Ол жек көруді, алдауды жəне жазалауды білмейді. Ол – таза махаббат, бостандық, түсіністік пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Өз өмірінде əркім Жоғарғы “Меніне” назар аударуы маңызды. Нақ осының нəтижесінде біз өмірдің шын рахатын танимыз. Бұл күшті əртүрлі пайдалануға болатынын біз түсінуіміз керек. Егер біз өткенмен өмір сүруді таңдасақ жəне біз үшін қ олайлы болмаған жағдайлар мен тиімсіз істерге қайта-қайта орала берсек, онда біз орнымыздан ілгері жылжи алмаймыз. Бірақ біз ө ткеннің құрбаны болудан саналы түрде бас тартып, өз өмірімізді жаңадан құруды бастасақ, онда Ішкі Күш біздің жағымызға шығады. Біз, өмір шын мəнінде тамаша болуы мүмкін екенін біле бастаймыз: Мен екі түрлі күштің болуына сенбеймін. Мен, РУХАНИ БАСТАУ - БІРЛІКТЕ деп ойлаймын. “Ол – сайтан” немесе “Олардан тамұқ лебі есіп тұр” дей салу оңай. Шындығында барлығы біздің өзімізге байланысты. Я, біз, тəжірибе жинақтай жəне ақыл толыса келе бұл күшті пайдаланамыз, я онымен басқаша айналысамыз. Сайтан шынымен біздің жүрегімізде ме? Ондай болса басқаларды сынап-мінеудің керегі не? Олар бізден қай жағынан ерекшеленеді? Сонда біз нені таңдаймыз? Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling