Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, әр түрлі заттардың шаблоны
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Сыныпта ұл да, қыз да көп. Ұлдың ішінен бір ұлды, немесе екі қызды бөліп алып, санды сәйкестендіру. - Менің қолымда неше алма бар? -1 алма 2 алма болу үшін не істеу керек? -Тағы бір алма қосу керек. Осындай жаттығудың нәтижесінде 2 санын шығарып алу қорытындысын оқушылар өздері жасайды.
ә) Полотноға бір көк, екі қызыл дөңгелек қыстыртып салыстыру. Қандай дөңгелек көп? Қандай дөңгелек аз? Демек,1 ≤ 2. 2>1-ден. 2-1 азайтса1 шығады. 1+1 қосса 2 шығады.
Сергіту сәті:
Бірден кейін тұрамын Бірден кейін тұрағым.
1-ді 1-ге қосқанда Мен шығамын шырағым.
Ү.Жаңа білімді бекіту. 1) Суреттен 2 санын бөліп алу. 2 ) Қорапта не бар?
-
-2 деген қорапқа нені саламыз? -2 капуста, 2 қияр, 2 көк бұрыш.
3) Дәптермен жұмыс
2 Цифрын ауада жазып,дәптерге жазып үйрену. 1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?
ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау
19. Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту. 22 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Қосу және азайту таңбаларымен таныстыру (+)және(-) таңбаларын енгізу арқылы қосу және азайту амалдарын жазуды үйрету. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Қосу және азайту амалдары ұғымын қалыптастыра отырып, олардың негізінде топтарды біріктіру және ажырату екенін көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.
Do'stlaringiz bilan baham: |