Ү. Жаңа білімді бекіту.
-2 санын, 3 санын қалай шығарып аламыз? -3,2,1 санының алдындағы қандай сан?
-Оны қалай білдіңдер?
Дәптермен жұмыс. 3 цифрын жазып үйрену. 0,1,2, 3 қатарын жазу.
Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қай санның құрамын білдік?
3 санын қалай шығарып аламыз?
24. Сабақтың тақырыбы: Өрнек. Қосынды. Айырма. 28 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Өрнек . Қосынды. Айырма жайлы жалпы түсінік беру.Оларды ажырататып, мәнін таба білуге баулу.Сонымен бірге алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге баулу. 2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық және
үлестірмелер, жұмбақтар, тақпақтар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. Жалпы математика сабағынан «Қарапайым түсініктер» тарауы бойынша осы уақытқа дейін алған білімдерін көрсету. 1.
« Геометриялық фигуралар» бойынша. 2. «Заттардың қасиеті» бойынша. (Интерактивті тақта бойынша эл. оқу.жұмыс.) - Осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?
- 0, 1, 2, 3. - Ендеше осы сандарға байланысты қандай сергіту жұмысын білетін едік?
Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Өрнек. Қосынды. Айырма.
ІҮ. Жаңа сабақ:
1.Интерактивті тақтамен электронды оқулықтың көмегімен «Қосу»,»Азайту»
бойынша жұмыс жүргізу. 2. Оқулықпен жұмысты тақтаға түсіре отырып, үлкейтілген түрде түсіндіру:
а/ 2+1 3-1 Бұлар өрнектер.
1+2 3-2
ә/ Жұмбақ жасыру.
Қарап сүт пен қаймақты,
Көзін шоқтай жайнатты. Тышқан көрсе тықыршып,
Бола қалар айбатты. /Мысық/
Мысық суреттері бойынша түсіндіру.
Do'stlaringiz bilan baham: |