Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet110/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
қажет екендігіне тағы көзіміз жетті
Зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне сәйкес арнайы мекемелердегі 
мүмкіндігі шектеулі балалрды әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастырудың мынадай 
жолдары анықталды: 
- өзара сыйластық, шыдамдылық және оптимизм негізінде «педагог-бала» өзара 
индивидуалды жүйеде әрекеттесу қабілетін қалыптастыру.
- мүмкіндігі шектеулі баламен дамуындағы ерекшеліктерді ескере отырып, жеке 
қызығушылықтарын анықталды, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен 
мүмкіндіктеріне қолдау көрсету; 
- оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту 
нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, 
өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмек беру;
- бала дамуындағы жақын аумақты, сонымен қатар оның дамуындағы 
ресурстарды анықтау және баламен және оның ата-аналарымен қолдағы әлеуметтік 
жағдайда пайдалану мүмкіндіктері мен амалдарын анықтау;
- баланың оң мақсаттарын түзуінде көмек көрсету, яғни оның келешектегі даму 
үлгісін жасау, сонымен қатар баланы белгіленген мақсатына өз қажеттіліктерін, 
мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін ескерумен қол жеткізуіне түрткі беру;
- белгіленген мақсаттарға қол жеткізу амалдарын, соның ішінде баламен жасанды 
жағдайда жасайтын тапсырмаларының, сонымен қатар қалыптасқан дағдыларды бала 
дамуындағы өзекті жағдайға ауыстырудың бағдарламасы мен режимін таңдау.
Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру барысында 
шешімін таппаған мәселер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін 
тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек. Егер әлеуметтік педагогикалық 
үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол 
өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген 
әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді 
қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана оңалту мекемелеріндегі әлеуметтік 
педагогикалық үрдісті дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра 
алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с 
ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития
Алматы.2001 
2. Шеримова А. С., Елюбаева А. Н. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды 
әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы // Молодой ученый. — 2015. — №8.1. — 
С. 41-44. — URL https://moluch.ru/archive/88/175943. 3. Шакурова 
М.В. Методика и 
технология работы социального педагога.- М.: Акад., 2002. 
17 4. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу 
арқылы қолдау туралы» Заңы
5. Специальная педагогика. / Под ред. Назаровой Н.М.- М.:АКАДЕМИЯ, 2000. - 
395 с. 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling