Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. жұмыстарын ұйымдастыруда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мекемелердің орны ерекше. Сондай оңалту орталығының бірі – Талдықорған қаласында орналасқан «Бәйтерек» күндіз болу орталығы». «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 26 маусым 2006 жылғы № 177 «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған Облыстық оңалту орталығын құру туралы» қаулысымен құрылды. «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» 4 және 10 сағат аралығында 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалармен тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға және тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мекеме болып табылады. Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзету жұмысын жүргізу үшін «Бәйтерек» күндіз болу орталығында» балалар топ және топ бөліктері бойынша ұйымдастырылған. Топ пен топ бөліктері мүгедек-балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне қарай, әлеуметтік дағдылары мен когнитивті дамуы ескеріле отырып жинақталады. Сабақтардың ұзақтығы 15 тен 45 дейін болады. Мекемеде әлеуметтік-педагогикалық қызметтер мазмұны мынадай бағыттарды жүзеге асырады: педагогикалық диагностика және тұлғалық, баланың, даму деңгейіне зерттеу жүргізу; балаларды педогогикалық түзеу; өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру; тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету; әлеуметтік-педагогикалық консультация беру. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін оңалту орталығында командалық мамандар тобы жұмыс жасайды. Атап айтқанда: - логопед кабинеті; - дефектолог кабинеті; - әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарға арналған кабинет; - психолог кабинеті; - медициналық кабинет; - физиокабинет; - массаж кабинеті; - емдік дене шынықтыру залы; - топтық сабақтарға арналған бөлмелер; - қол еңбегі; - сезім дамыту бөлмесі; - музыка залы; - жатын бөлмесі; - асхана мен ас дайындау бөлмесі. “Бәйтерек” күндіз болу орталығында” көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлері былай топтастырылған: Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling