Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. материалдар ұсына білу керек. Сонда ғана оқушы салыстыруларға, сұрыптаулар, пайымдаулар мен талдауларға барады. Солай бір қорытындыға келеді, шығармашылықпен айналыса алады. Бұл орайда, семинар, пікір-сайыс, баспасөздік конференция сабақтарының нәтижесі жоғары деп айтуға болады. Оқушының шығармашылық ойлау қабылетін ұштай түсетін түрлі мәселелер, ахуалдар жасай отырып, оларды талдау арқылы нақты ақиқаттарға жетуде, негізінен, жоғарыда аталған сабақтардың, сын тұрғысынан ойлауға үйрету сабақтарының практикалық мүмкіншіліктері мол. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артқан уақытта ғана ол оқытудан оқуға ауысады,өздігінше ізденістер пайда болады. Әрі бұл идея бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Сократ, Платон, бірінші ұстаз- Аристотель, екінші ұстаз- Әбу-Насыр әл-Фараби, бергі заманда Ы. Алтынсарин бұл жөнінде бағалы ойлар айтқанын білеміз. Ал Ахмет Игунеки «Білікті-баға жетпес алтын, біліксіз-қара бақыр» деген екен. Бабамыз біліктіліктің бағасын сонау орта ғасырда –ақ дөп басып айтып кеткен екен. Оқыту үдерісін ұйымдастыруда әлемнің оқу орындары қолданып отырған технология біз үшін де алыс емес. Екінші жағынан,ол біз үшін жаңалық та емес. Мұның өзі Қазақстанның білім беру жүйесінің түп негізінде бар ғалам таныған іргелі теориялық қағида барын көрсетеді. Оқытуда мұғалім мен оқушы бірдей белсенді әрекет иесі болып табылады. Мұндай оқытудағы мақсат баланың жеке тұлға ретінде еркін дамуымен, жетілуімен тікелей сабақтасады. Бұл ретте оқыту үдерісін оқушының өмірлік мақсат- мұраттары мен сұраныстарына, таңдауы мен қалауына сәйкес ұйымдастыруына үлкен мән беріледі. Сол арқылы тырнақтап жиған білімін өмірдегі мақсатына жету үшін пайдаланады. Әр сала бойынша белгіленген оқу пәндерін сыныпта ғана оқып қоймай, сол пәндердің мазмұнын ашып, тереңдететін басқа дерек көздерін пән мұғалімінің көмегімен де, өздігінше де оқып, игере алуы да шарт. «Педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асу жобасы», -дейді. В.П Беспалько. [5,52б]. Жаңаша оқыту технологиясының негізгі параметрлеріне мыналар кіреді: 1. Бұл барлық технодлогиялардың психологиялық негізі ретінде қарастырылатын, оқыту іс-әрекетінің теориясы (қабылдау, ойлау, есте сақтау, қолдану, жалпылау, жаңа информацияны жүйелеу). 2. Диагностикалық мақсат қоя отырып оқушы жобалау кезінде оқыту нәтижесін қалыптастырады. 3. Жаңа технология оқыту үдерісінде оқытудың жеке тұлғаны дамытуда бағытталған әртүрлі деңгейлі оқытуды жүзеге асырады. 4. Оқушының өзіндік іс-әрекетінің қалыптасуы үшін оқу материалдары оптимальды ұйымдастырады. 5. Оқыту мақсаттарына сай оқу сабақтарының барлық түрі ұйымдастырылады, мұнда басты назар оқу материалын дайындауға, оқушының жекешелігін өзіндік жұмыс түрін жасауына аударылады. 6. Білімді бақылау жиынтық және қалыптастырушы бағалау жұмыстары арқылы жүзеге асып отырады. Осы орайда мұғалімдерге мынадай талаптар қойылады: 1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болулары тиіс; 2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білулері тиіс; 3. Оқушылардың білімді өз бетінше оқып үйренуге баули білулері тиіс; 4. Сонымен қатар ұстаздың ұйымдастырушылық бейімділік,сараптамашылық 100 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling