Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 шоғырландыру технологиясы, Ш.А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, М. Чошановтың модульдеп оқыту технологиясы, В. П. Беспальконың деңгейлеп оқыту технологиясы. Қазақстанда Ш.М. Қаланова, Ж. Қараев, Ш.Т Таубаева, М.М Жанпейісова, С.Н. Лактионова, Ә. Жүнісбектің зерттеулерінде оқытудың инновациялық технологиялары жан-жақты қарастырылады. Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау, тәрбие мен оқытудың бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту, баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушыны деңгейіне,оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту, Баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс жасау. «Педагогикалық инновация» (жаңаны енгізу) ұғымына педагогикалық сөздікте мынадай анықтама беріледі: 1) Тұтас білім беру жүйесінің және оның жекелеген бөліктерінің, компоненттерінің сипатын жақсартатын тұрақты элементтерді (жаңашылдықты) білім беру ортасына енгізудегі мақсатқа бағытталған өзгерістер; 2) жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және т.с.с) меңгеру үрдісі; 3) ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру үдерісіне енгізу және оларды шығармашылықпен ой елегінен өткізу [4,49б]. Сонымен қатар, педагогикалық инновация педагогикалық іс-әрекетке жаңаны енгізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында олардың мазмұны мен технологиясын өзгерту болып саналады. Әр түрлі анықтамаларды талдау инновацияға мазмұнды өзгеріс тән деген қорытындыға әкеледі, ал инновациялық өзгерістің басты функциясы-өзгерту функциясы болып табылады. Оқытудың модульдік компоненті бойынша дәстүрлі оқыту жүйесінде түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдістемесі, «талап қою педагогикасына» құрылған оқыту әдістері, құралдары, педагогикалық тәсілдері негізге алынады. Инновациялық технологияларға оқушының ақыл ой іс-әрекетін белсендіруді, дамытуды көздейтін әдістемелердің әр түрлі нұсқалары: проблемалық сұрақтар, эвристикалық әңгімелер, тренингтер, іскерлік ойындар, дамыта оқыту т.б тән. Кез келген пәнді оқыту барысында сол пән мұғалімі инновациялық педегогикалық технологияларды енгізе отырып, ой-өрісін ұлғайтып, кәсіби деңгейін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл ойларды кеңінен пайдалануға және оқушыларға білім беруді жаңашылдық тұрғыдан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынастарды ізгілендіру әрі демократияландыру негізінде, оқушының іс-әрекетін белсендіру мен итенсификациялаудың негізінде жаңа технологияны енгізу дәстүрлі әдістемені модернизациялау деуге болады. «Технология» сөзінің бірінші бөлігі «шеберлік», ал екінші сыңары «ілім» деген ұғымды білдіреді. Басқа да ұғымдары бар. Осыған тоқталғанда, ол әдіс, шеберлікті арттыру аясындағы ұғымдардан алшақ емес. Негізінен, оқу мен оқытудың әдістері бірнеше ұстаным бойынша топтастырылып жүр. Мысалы белгілі бір пән материалын оқушыларға жеткізу (беру) және оны оқушылардың қабылдау сипатына қарай оқу әдістерін төмендегідей топқа бөлуге болады: 1) продуктивті, 2) репродуктивті, 3) ізденісті, 4) зерттеу, т.б. Бұлардан өзге оқытудың жалпы әдістері де бар. Сондай ақ, пән сабақтарын жүргізудің де әдістері әр түрлі. Оқушының ойлауына шығармашылық қасиет дарыту үшін, алдымен, оған ойлаудың жолын ұсынбақ керек.Оқушыға мәселені шешу жолын іздейтін қажетті |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling