Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet99/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
Экономикалық ақпараты бар математикадан стандартты емес тапсырмалар 
экономикалық терминологияның мазмұнын түсінуге ықпал етеді, сонымен қатар 
математикаға деген қызығушылықты арттырады, бастауыш сынып оқушыларының 
жалпы дамуына ықпал етеді, ой-өрісін кеңейтеді. 
Бастауыш мектепте математика сабақтарында экономикалық мазмұнды
есептердің міндетті болуы бастапқы экономикалық сауаттылықты алуға мүмкіндік 
береді, практикалық бағыттылықты енгізеді. Мысалы, отбасылық бюджетпен танысу 
кезінде оқушылар отбасына не қажет деген тиімді сатып алуды оқып үйренуі мүмкін. 
"Баға, саны, құны" тақырыбын оқу барысында балалар тауар бағасының қалыптасуымен, 
шығын түрлерімен, сауда саласындағы әртүрлі мамандықтармен таныса алады. 
Оқушыларға экономикалық білім берудің нақты жолдарының бірі 
мектеп пәндерінің экономикалық бағытын күшейту. 
Әсіресе, бұны математика сабағы арқылы шешу қолайлы. Оқушылар сабақта 
экономикалық білім ұжымдарымен танысып өнімнің меншікті құнын, еңбек өнімділігін, 
шығын, түсім, т.с.с. есептеулерді үйренеді. 
Қазіргі уақытта пәндер бойынша алған білім деңгейін тест тәсілімен бағалау 
кеңінен қалданылуда. Алайда, тест тапсырудың қыр сырын толығымен меңгеріп алдық 
деп айта алмаймыз. Сондықтан, тест тапсырмаларын тез орындауға, дұрыс белгілеуге 
үйрену қисынды жауапты тез таба білу әлі де көп оқуды, көп ізденуді, көп есеп 
шығаруды қажет етеді. Осыған байланысты зерттеу тақырыбымызға сай теңдеулер мен 
теңдеулер жүйесін құру арқылы шығарылатын тест тапсырмаларын талдап, жүйелеу 
жүргізілді.
Ұсыныс
Қазіргі уақытта оқушыларды ғылыми білімдерге ынта ықылас қоюға тәрбиелеуге 
және зерттеу еңбегіне деген қабілетті дамытуға қажетті негізгі мақсаттарды атауға 
болады:
- Ғылыми көзқарас пен белсенділікті қалыптастыру;
- Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салу;
- Интеллекті мен шығармашылықты дамыту;
- Табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейлерін тереңдету.
Есептерді шығарған кезде оқушылар есептердің ұтымды әдістерін тауып, 
неғұрлым тиімді жақтарын анықтаудың маңызы ерекше зор екенін айқындайды. 
Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс-әрекеттері бір-бірімен 
байланысты. Қабылдаушылық іс-әрекет оқушының дамуының алғашқы сатысы болып 
табылады және ол біртіндеп сатылап, даму нәтижесінде шығармашылық іс-әрекеттерге 
айналып отырады. Есептерді шығару барысында оқушының ізденісін, тапқырлығын, 
зеректігін дамытуға ықпал етеді. Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың 
математика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі – сабақ барысында 
оқушылардың алған білімін баяндауға ынталылығын, математика тарихының 
элементтерін енгізе отырып, есеп мазмұнының тартымдылығын арттыру керек. 
Математика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты есептер, ойындар сабақ 
үстінде өзінің орнын табады. Сондықтан сабақты дұрыс ұйымдастыруарқылы 
оқушылардың білімін қалыптастыруға болады. Сонда олардың:
- ынтасы артады;
- қызығушылығы туындайды.
Қабілетті оқушылардың математикалық даму дәрежесі есеп шығарудан анық 
байқалады. Мазмұнды есепті теңдеу құру арқылы шығару оқушыдан үлкен еңбекті, 
табандылығын, сенімділігін талап етеді. Есеп шамадан қиын болса мұғалім көмекші 
болуға тиіс. Оқушыларға мына міндеттер жүктеледі: Оқушының математикалық ойлауы 
дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс. 
Қорыта келгенде, экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың 


96
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling