Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 [3,124-126]. Сол себепті, экономикалық мазмұнды есептерді сабақта, сабақтан тыс уақытта шығару мына шарттарды қанағаттандыруы тиіс: оқушыларға жиі кездесетін экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіру; оқушыларды елінің ұлттық байлығын ұқыпты, үнемді пайдалануға тәрбиелеу; оқушыларға математикалық әдістердің экономикада қолданылатынын көрсету. Математика сабағында мазмұнды экономикалық есептер шығарудағы басты мақсат: математиканы оқытуда оптимальді шешімдерді табуға арналған есептерді қарастыру; оқушыларға өмірге байланысты қарапайым экономикалық терминдердің (еңбек өнімділігі, сұраныс, ұсыныс, шығыс, өнімнің өзіндік құны, пайда) математикалық мазмұнын ашу. Нарықтық қатынастар азаматтан практикалық іскерлікті, сондай-ақ жауапты таңдау жасаумен, сананы айла-шарғы жасау әрекеттеріне қарсы тұрумен байланысты жалпы мәдениетті талап етеді. Мұнда стратегиялық бағыттар мынадай: оқушылардың қоғамның экономикалық өміріне саналы қатысуы және олардың тұтынушының рөлін игеруі, болашақ кәсіби қызмет саласын таңдауда қоғам мен жеке тұлғаның мүдделерінің оңтайлы үйлесуі, әртүрлі экономикалық жағдайларда жауапкершілікті түсіну және қабылдау үшін қаржылық сауаттылықты арттыру. Оқушының экономикалық сауаттылығы деп базалық білім беру деңгейінде экономикалық білім мен іскерлікті иелену, тереңдету, кеңейту табыстылығы және олардың қоғамның экономикалық өміріне бағдарлануға көмектесетін қасиеттерді қалыптастыруға әсер етуі, өз мүдделерін іске асыра отырып және оларды қоршаған адамдардың мүдделерімен келісе отырып түсініледі. PISA өткізетін қаржылық сауаттылық деңгейін халықаралық зерттеуде ол қаржылық тұжырымдамалар мен тәуекелдерді білу және түсіну, сондай-ақ адам мен қоғамның қаржылық әл-ауқатын жақсарту үшін және экономикалық өмірге қатысуды қамтамасыз ету үшін бірқатар қаржылық контексттерде тиімді шешімдер қабылдау үшін осындай білім мен түсінуді қолдану дағдылары, мотивациясы және сенімділігі ретінде анықталады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп–өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігі, сондай-ақ еліміздің экономикасы мен әл-ауқатын көтеруге айырықша көңіл бөлуі атап көрсетілген.Еліміздің экономикалық жүйесі шаруашылықты жүргізудің жаңа формалары мен әдістерін стандартты емес экономикалық сипаттар мен арақатынастарды енгізу, қолданбалы экономикалық ойлаудың пайда болуы мен қалыптасуына байланысты сапалы өзгерістерді басынан кешіруде. Кәсіпкерлік, бизнес, банктік несие, депозит, пайыздық өсім, қайтақаржыландыру т.с.с. терминдер үлкен экономикадан алшақ қарапайым адамдардың да өміріне дендеп енді. Математика сабақтарында экономикалық мазмұнды есептерді қолдану оқушыларға экономикалық білім және тәрбие берудің маңызды жолдарының бірі. [4]. Қазіргі таңда осындай, оқушылардың танымдық ой-өрісін дамытып, өмірге бейімділігін арттыратын экономикалық мазмұнды есептер шығарудың және экономикалық тәрбие берудің қажеттілігі арта түсуде.Мектеп оқушыларын экономикалық ойлауға тәрбиелеу жалпы (интеллектуальды, шығармашылық, логикалық) және арнайы (математикалық, политехникалық, профессионалды) қабілеттерінің дамуына күнделікті өмірде экономикалық білімнің қалыптасуына әсер етеді. Экономиканы түсінікті етуге сюжеттік-дидактикалық ойындар көмектеседі. Білім алушыларды белсендіру және оқылатын материалға қызығушылықты қолдау үшін оқудың белсенді әдістері қолданылады: іскерлік және сюжеттік-рөлдік және дидактикалық ойындар ("кәсіптер әлемі", "жарнама агенттігі", "валюта айырбастау |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling