Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
- Bu sahifa navigatsiya:
- Ключевые слова
- «ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж.
Тірек сөздер: бейімделу, әлеуметтік орта, әлеуметтік серіктестік үрдісі,
оңалту орталығы. В статье анализируются особенности социальной работы с детьми с особыми потребностями в обучении в реабилитационном центре. На основе экспериментальной работы показывается процесс социального партнерства в социальной адаптации детей с особыми потребностями в образовании и постоянное взаимодействие педагогов общего образования и специалистов медицинского, психологического и дефектологического направлений. В качестве базы исследований выступает Центр дневного пребывания «Байтерек», расположенный в г. Талдыкорган. Ключевые слова: адаптация, социальная среда, процесс социального партнерства, реабилитационный центр The article analyzes the features of social work with children with special needs in the 101 «ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. rehabilitation center. On the basis of experimental work the process of social partnership in social adaptation of children with special needs in education and constant interaction of teachers of General education and specialists of medical, psychological and defectological directions is shown. The center of day stay "Baiterek" located in Taldykorgan acts as the base of the research. Key words: adaptation, social environment, social partnership process, rehabilitation center Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен күнге көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және мамандар тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет. Қазіргі озық технология заманында мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандарды шығармашылық жұмыстар мен инновациялық технология әдіс тәсілдерін іздеуге итермелейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық- педагогикалық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймыз. Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық оңалту мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады [1]. Тек осыдан кейін психологиялық-педагогикалық түзету үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек. Бейімделудің негізгі түрлеріне сенсорлық бейімделу мен әлеуметтік бейімделу жатады. Сенсорлық бейімделу – түйсіктердің бейімделуі. Әлеуметтік бейімделу – бейімделудің ең жоғары дәрежесі, бір жағынан, үнемі жүретін индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, екінші жағынан, бұл процестің нәтижесі. Осы екі компоненттің өзара қатынасы индивидтің қажеттіліктеріне, оларды қанағаттандыру мүмкіндігіне тәуелді. Бейімделу үздіксіз жүретін процесс болса да, оны әдетте, адамның өмірінде негізгі әрекеттердің және әлеуметтік ортаның ауысуымен байланыстырады. Психологиялық бейімделудің негізгі көріністері – адамның айналасындағы адамдармен белсенді қарым-қатынас жасауы. Психологиялық бейімделудің басты құралы - тәрбие, білім, еңбек және кәсіби даярлық болып табылады. Психологиялық адаптация, адам өміріндегі кез келген өзгерістерде жүзеге асады. Мысалы, «үйкүшік» баланың балабақшаға келген соң, жаңа жағдайларға бейімделуіне тура келеді. Мектепке келу-жаңа талаптарды орындауға, жаңа жағдайларға бейімделуді қажет етеді. Еңбек жолын бастаған жастарда, бейімделу кезеңін басынан кешіреді. Тіпті микросоциумдағы (отбасы) өзгерістер: ата-аналардың ажырасуы немесе жақын адамдардың қайтыс болуы 102 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling