Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet124/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

 
ӘОЖ 82 
 
САЙЫН МҰРАТБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТЕҢЕУ МЕН ЭПИТЕТТЕР 
Дармишева Қ.Б. мұғалім 
Сарқан ауданы «Мектепке дейінгі орталығы бар Жетісу орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесі 
Мақалада теңеу мен эпитетке анықтама берілген. С.Мұратбековтың 
шығармаларындағы теңеу мен эпитеттерге талдау жасалған.
Тірек сөздер: теңеу, эпитет, синтаксистік тәсіл, тұрақты эпитет 
 
В статье дано определение сравнению и эпитету. В произведениях С. Муратбекова 
проанализированы сравнения и эпитеты. 
Ключевые слова: сравнение, эпитет, синтаксический метод, постоянный эпитет 
 
The article defines the comparison and the epithet. Comparison and epithets are analyzed 
in the works of Sain Muratbekov. 
Key words: comparison, epithet, syntactic method, constant epithet 


119 
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
Сайын Мұратбековтің алғашқы кітабы «Ауыл оты» деп аталады. Жазушы 
оқырманын осы жинағымен-ақ баурап алады, алғашқы шығармалары 50-жылдардың 
аяғында жариялана бастағанекен. Содан бергі уақытта «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл 
оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), Жусан иісі», 
«Кәмен-тоғай», «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір 
томдығы (1981), 1986 және 1991 жж.екі томдығы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 
1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом 
молодых», «Камен тугай», «Дикая яблонья», т.б.кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр 
жылдары жарық көрген «Дикая яблонья», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У 
теплого родника», т.б.кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар 
тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б.туыстас 
халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері 
жеке кітап болып шықты.
Қазақ ауылының қиын кезеңін шынайы әрі көркем бейнелейтін 
«Жабайы алма» атты кітабы үшін Мемлекеттік сыйлық беріледі.  
Сайын Мұратбековтің баяндау тіліндегі эпитеттің орнын атап өту қажет, себебі
«Эпитетті қолданғанда белгілі мақсатпен қолданады. Жазушының қолданған эпитеттері 
суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетеді» [1,87]. Осы пікірдің айғағын Сайын 
Мұратбековтің шығармаларынан табарымыз даусыз. Жазушы өзі суреттеп отырған 
жағдаятты, оқиға, қоғамдағы адамдар туралы сипаттап, баяндауда өмір тәжірибесін 
пайдаланады. Сондықтан шығармалары шынайы болып шығады.Ол кейіпкердің ой 
шамасына, шығармадағы «орнына қарай» сөз саптатуы да айтарлықтай дер едік.  
Тілдердің қай-қайсысында да бір нәрсенің (адамның, заттың, құбылыстың, ұғымның) 
белгілерін бейнелеп, әсерлі түрде айтатын әрі сол атаумен үнемі бірге қолданылатын 
эпитеттер болады. Олардың көбі өздерінің тура мағынасында келеді, бірақ анықтап тұрған
сөзімен тіркесіп, белгілі бір образ үшін жұмсалады. Мысалы: Бірақ мен оның осы әсем 
сұлулығынан гөрі, тиісе кетуден тайынбайтын ерке қылығын аңсап келіп едім ғой. 
Жүрегімде ауыр мұң пайда болды. Біртіндеп ымырт үйіріле бастады. Тымық кеш. Маған аса 
бір жылы мейірім көрсетуге тырысты. Бос өрген қолаң шашын өңіріне түсіріп, қарақат 
көздерін кең ашып, әлденеге таңырқай қарап қалыпты. (Райгүл). Маужыраған жым-жырт 
түн. Аспанда ауыр-ауыр бұлттарТәтті ұйқысын қимағандай Жанболат тамсана есінеп 
қояды. Даланың арналы қоңыр салқын самалы тынысыңды хош иіске бөлеп, ауық-ауық 
желпіп өтеді де, үздіктіріп барып тына қалады. (Жанболат). Әркімдер-ақ жаз еркені 
аңсайды. (Қысқы кеш). Лағын ерткен ақсақ киікті көзден таса болғанша қалың ойда тұрып 
ұзатып салды (Қыран құс көк жүзін шарлап кетті). Бұл үзінділердегі эпитеттер - авторлық 
баяндау тіліндегі эпитеттер. Жазушы қолданысындағы эпитеттерді зерделей отырып
мынандай түйін түюге болады: 
-Эпитеттер қазақ тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты лексикалық қордан 
жасалған. 
-Тұрақты эпитеттер молынан кездеседі: мөлдір тамшы, тымық кеш. 
-Жазушы эпитетті көркемдік белгілердің константты (тұрақты) жиынында, өз 
қаламынан туған авторлық түрлерін де пайдаланады: ауыр бұлт, ерке жаз, ерке қылық, сүт 
аралас қою тоқ иіс, қарауытқан көз. 
-Тұрақсыз немесе тавтологиялық эпитетте (көп қайталанатын, үйреншікті) молынан 
кездеседі: тәтті ұйқы, қалың ой, салқын самал, қазбауыр бұлттар, ұзын сонар әңгіме т.б. 
-Қазақ тілінің бай лексикасынан образды анықтауыштарды тауып, сөздің 
эстетикалық өрісін кеңейтіп, мүмкіндігін тапты. Халық тіліндегі көзі қарауытты
фразеологизмі - қарауытқан көз эпитетіне, тостағандай көз- тостағандай қара көз түрінде 
эпитетке айналады. 
Тіліміздегі ең көп қолданылып, кең тараған бейнелеуіш-көркемдегіш құралдардың 
бірі-теңеу. «Теңеу дегеніміз-ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа 
салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивті 


120
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling