Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet136/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
Ертегілер. Алғашқы қауымнан бастап бала тәрбиесіне ерекше әсіре ететін 
ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор.
Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып 
ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер 
деп бірнеше топтарға бөлуге болады.
Мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылатын ертегілер бөлмесі әркім әсер 
алатындай әсем, мазмұнды, ғажап көріністермен безендірілуге тиіс. Ертегілер 
бөлмесінде ертегілерді айтып, көрсететін қуыршақ театры жұмыс істеуге тиіс. 
Күнделікті өтетін әрбір сабақта этнопедагогика элементтерін пайдаланып отыру 
қажет. 
Ұлттық тәрбие бере отырып, еңбекті, табиғатты сүйе білуге және төрт түлік малға, 
табиғатқа байланысты ырымдар мен тыйым сөздерді де пайдаланамыз. Осының негізі 
өздеріне де сондай жұмбақ, жаңылтпаш құрауға тапсырма беруге болады.
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен 
жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке 
адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол 
жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа 
жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол 
жеткізеді. 
Баланың танымдық белсенділігін дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен 
жұмыс жасауы керек. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін 
ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану 
тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі 
тәсілдерді тиімді қолдану қажет: 
* Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу; 
* Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру; 
* Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»- деп, 
үнемі балаға шабыт беріп отыру. 
Әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана 
қоймай, әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру.
Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді 
жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық 
асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер 
айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, 
жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық менгерген, өз ісінің шебері болуы 
керек: 
Бала қабілетінің ашылуы үшін: 
1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсібі шеберлігін шыңдауы тиіс. 
2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек. 
3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет. 
4. Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны жөн. 
5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл 
бөлінуі керек. 
Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның 
нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл-
Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген 
білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-
деген.Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені 
үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептері іздестіру балалар 
психологиясының маңызды міндеті. Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің 
ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, 


132
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling