Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 тыныс-тіршілігінен, әдет-ғұрпынан, түсінік-болмысынан туындаған байлаулы ой түйіндері. «Көне болмай – жаңа болмас, бала болмай – дана болмас» дегендей, халықтың рухани бай қазынасының бірі, бірден-бір тәрбие құралы – ұлттық ойындары. Енді мектепалды даярлық тобында балалардың танымдық белсенділігін дамытуда қолданылатын этнопедагогиканың құралдарына тоқталсақ. Жаңылтпаш- тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымындамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады.Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса сөлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланығ ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой қиялы дамиды, тәлім алады. Этнопедагогиканың бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбінесе әрі тіл ширату, әрі дүниеге таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу. Мектепалды даярлық тобында тіл ширату, көркемсөз оқу, тақпақ айтуға оқушыларды жаттықтыру үшін арнайы уақыт бөлініп, эстетикалық тәрбие жұмыстары жүргізіледі, мүмкіндігінше жағылтпаштарды әнге қосып та айтуға болады. Даярлық тобында ұйымдастырылған жағылтпаш айтысудың мәні зор. Ол үшін мұғалім күні бұрын жоспар жасап, керекті жағылтпаштарды топтай білу керек. Жаңылтпаш айтудың психологиялық әсері де ерекше. Даярлық тобында фольклорлық кеш өткізіп, онда жаңылтпаш айтуға да тиісті орын беріп, айтқыш балалардың абыройын арттырып отыру керек. Санамақ. Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатында шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады. Әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп. Оның үстіне жаңадан қосыла береді.Санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы ақындық қабілетін байқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса, айтыста жеңілген болып табылады. Отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жаттатып, олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту – ата-ананың борышы. Мектеп жасына дейінгі балаларға санамақтардың сан алуан түрлерін үйретіп, оны айтқызу, санамақ шешімдерін дұрысшешкендердің білімін бағалап, оларды мадақтай білу керек. Кейбір санамақтарды және олардың ұййқасты шешімдерін әнге қосып айтуға болады. Даярлық тобында күрделі санамақтарды айтып, олардың шешешімдерін тез тапқан оқушыларға ұпай қою, баға беру ісі ұйымдастырылады. Күрделі санамақтарды «өнерпаздар мен тапқыштар» клубының жарысына қатысушылар да өнер сайысының бір кезеңінде орынды пайдалана білуі тиіс. Жұмбақ. Мектепалды даярлық тобында «Қызықты кеш», «Өнерпаздар мен білгіштер» жарысы сияқты думандарды жоспарлы түрде ұйымдастыра білген мұғалім, жұмбақ айту, жұмбақ айтысу, жұмбақ айтыс дәстүрлерін қызықты өткізеді. Әрине, жұмбақ айтуды мұғалім көбінесе өзі бастайды да, бұрыннан үйретілген жұмбақтар бойынша жұмбақ айтысу одан әрі жалғасады. Жұмбақты көп білген оқушыға білімпаз деген атақ беріледі[2, 27б.]. Мектеп бағдарламасында ауыз әдебиетінің бір бөлімі ретінде жұмбақтар 1- сыныптан бастап оқулықтарға ендірілген. Әдеби кештерде, мерекелік кештер, өнерпаздар мен ой тапқыштар жарысында жұмбақ айтысу ерекше орын алады. Жұмбақтарды дүниетанымдық, ой дамытардық мәнімен қатар тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу жұмбақтарды жаттау кезінде оқушы өзінің білім дәріжесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы артады. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling