Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet137/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай 
білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс-тәсілдердің де 
озығын пайдалану керек[3, 49б.]. 
Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі 
кемістікті жоюды да ойластырған. Соған орай жаңылтпаштар шығарған. 
Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін 
түсініп, ой-қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды. 
Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске 
асырған жөн.
Мысалы: 
Бұл – піл, бұл ірі піл.
Шеше, шеше, 
Неше кесе 
Сынды кеше? 
Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма беруге 
болады. 
Ертегілерді сахналау, мақал-мәтел, жұмбақ сайысы, сахналық өнерге, екінші 
кішкентайлар тобынан даярлық тобына дейінгі балдырғандарды қамтиды. Мұның 
барлығы балалардың шығармашылық қабілет - дарынын дамытып, оны қоршаған 
ортаның ерекшеліктеріне орай бейімдеп, сонымен тығыз байланыстыра отырып 
ұғындырып, олардың өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял армандарын жетілдіруге 
тырысу. Осы жұмыстарды педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп, зорлаусыз-ақ, 
өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған шақта балалар 
одан сайын ынталанып, оның жемісі де айтарлықтай болады.
Бұрынғы ата-бабаларымыз өз елінің табиғатына қалай қарады, біз ата-баба жақсы 
дәстүрін, қалдырған мұрасын орындап жүрміз бе, жоқ па деген сұрақты әркім өзіне ғана 
қоймай, басқаға да, әсіресе жастарға үйрете білсе, туған жер табиғаты бұрынғыдан да 
бетер жайнай түсуіне, байи түсуінде көбейе беруінде күмөн жоқ.Саялы орман-тоғайсыз, 
айдынды шалқар келсіз, бітік шыққан егінсіз мыңғырған төрт түлік малсыз адамзат 
қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да табиғи ресурстарды үнемді 
пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.Өмірлік тәжірибесі мол, ересек адамның жастарға 
үлгі-өнеге болуы занды десек, кейде керісінше, жас адамның да өзінен үлкен кісіге ықпал 
етуі мүмкін. Мысалы Шоқан Ф.М.Достоевскийден көп нәрсені үйренумен қатар, оған да 
ерекше қабілеттілігімен ықпал етті. Сондықтан да Ф.М.Достоевский Шығыс мәдениеті 
жөнінен Шоқанға тәнті болды. Оның «Шоқан табиғаттың өзі тудырған дара тұлға» деп 
бағалауы да тегін емес.
Адамның жан-жақты үйлесімді жетілуіне, яғни біліміне, кәсіптік ебдейлігіне, 
өндірістік дағдысын дамуына, творчестволық қажеттілігінің өсуіне халық дәстүрлерінің 
тигізетін әсері ерекше. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. С.Ғаббасов. Халық педагогикасының негіздері. 1995ж. 
2. С.Б. Бабаев «Бастауыш мектеп педагогикасы», Алматы – 2007ж. 
3. Б.А. Тұрғынбаева. Ұстаздық шығармашылық. Алматы, 2007 ж..
4. Этнопедагогикалық құндылықтарды және ұлттық мектепке қойылатын 
талаптар. http://45minut.kz/ 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling