Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet164/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
өнер академиясының ашылуы.
Қоғам және мемлекет қайраткері Т.Жүргенов туралы көп айтылып та, жазылып 
та жүр. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетіне, білімі мен ғылымына өлшеусіз үлес 
қосқан Т.Жүргеновтің жерлесі, інісі І.Қабылов туралы көп айтыла бермейді, мәліметтер 
де аз.
Енді қоғам қайраткері І.Қабыловтың өмір сүрген ортасы, өмірдеректеріне, 
сонымен қатар қазақ руханиятына қосқан еңбектеріне тоқталсақ.
Сыр бойының тумасы І.Қабылов небәрі 33 жыл өмір сүрген. Осы азғантай уақыт 
ішінде артына өлместей өлшеусіз мұра қалдырған. Ол 1904 жылы қазіргі Қызылорда 
облысы, Жалағаш ауданының «Мәдениет» ауылында кедей отбасында дүниеге келген. 
Ілиястың балалық шағы жоқшылықпен, ауыр бейнетпен өтеді. Шешесі Қырмызы 
Ілиястың алты жасында ауыр науқастан қайтыс болады. Шамалы уақыттан кейін әкесі 
Жүсіп те оба ауруынан көз жұмады. Бұл аз дегендей, осы ауыр қазалардың үстіне ауыр 
бейнеттің салдарынан Ілияс аяғын сындырып алады. Ақырында бір аяғын кестіруге тура 
келеді. Осы кезде Ілияс он үш жаста болатын. Ауруынан айыққаннан кейін ағасы Ілиясты 
Ташкенттегі еңбек колониясына жұмысқа орналастырады. Мұнда Ілияс 1922 жылға 
дейін тәрбиеленіп, орталау мектепті бітіреді.
1922 жылы Ілияс Қабылов Мәскеуде Шығыс еңбекшілерінің коммунистік 
университетінде, Қызыл профессура институтында оқыған. Мәскеудегі оқуын бітіргесін 
Ташкенттегі В.И.Ленин атындағы Ортаазиялық коммунистік университетінде 1925-1928 
жылдары маркстік-лениндік философиядан дәріс оқыған.
І.Қабылов 1928 жылы Қазақстанға шақырылып өлкелік партия комитетінің 
баспасөз секторының меңгерушісі қызметін атқарған. Біраз уақыттан кейін Қазақ АССР 
халық ағарту комиссариатының ғылыми-методикалық кеңесінің төрағасы болады.
Осы кезең жөнінде тарихшы П.Тибекин өз кітабында былай дейді: «Глубоко 
вникнув в проблемы народного просвещения, которые он считал условием прогресса
Ильяс Юсупович постоянно занимался ими. С еще большим рвением он стал 
разрабатывать эти проблемы, будучи членом Коллеги и председателем методического 
совета Наркомпроса Республики. В феврале 1929 года по поручению райкома партий он 
выступил с большим докладом «О системе народного образования в КАЗССР» на 
специальном совещании. В кратком изложении его опубликовала партийная печать... 
Доклад всесторонне проанализировал состояние школьной сети республики вообще
казахской – в особенности. В больших успехах народа в этом деле никто не сомневался. 
Но не было сомнений в том что не все возможности еще использовались» [4, 35б.].
Қоғам және мемлекет қайраткері І.Қабылов көбіне тіл, діл, дін, әдебиет, кино 
өнері, оқу-ағарту саласы, мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындары жайлы 
ғылыми дәйекті мақалалар жазған, сыни мақалаларын 1924-1925 жылдары «Большевик 
Казахстана» газетіне үздіксіз жариялап отырған. Әсіресе Абайдың шығармаларына 
қатты мән берген. Ол «Абайдың әдеби мұрасы», «Абай және оның дәуірі», «Абайдың 
философиясы», «Абайдың әдісі», «Абайдың қоғам туралы ілімі», «Мағжанның кітабы 
туралы», «Қызыл ат», т.б. сыни еңбектері жарық көрген.
Сол уақыттары республика өмірінде Ілияс Қабылов араласып, атсалыспаған сала 
болмаған деуге болады. Ол мәдениет, халық ағарту, идеология, әдебиет, тіл, баспасөз 
салаларында еңбек етіп өз ой-тұжырымдарын сол кездегі баспасөз беттерінде үздіксіз 
жариялап отырған.
1930-1931 жылдары І.Қабылов Мәскеудегі коммунистік университет пен 
архитектура институтының философия кафедрасын басқарып, философиядан дәріс 
оқыған. І.Қабылов Мәскеудің екі бірдей жоғары оқу орнында тарихи материализмнен 
дәріс бергені жөнінде Тибекиннің зерттеу еңбегінде: «Во время в Алма-Ате (1965г.) 
известный философ, академик Ф.В.Константинов вспомнил о Кабулове, с которым 
одновременно учился в ИКП. Он назвал его талантливым человеком. Способностям 


154
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling