«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019
Кабулова отдавали должное его современники. Ему еще, как слушателю Института
красной профессуры в 1931 году предложили кафедру в Казахстанев 1933 году», - деп
жазған болатын.
Талантты, зерек бала Ілияс орыс, қазақ тілдерінде еркін жаза білген. Алғашқы
мақалаларын жиырма бір жасында жариялай бастаған. Мақалалары: «Мағжанның өлеңі»
(1925 ж), «Орта мектептерде қай тілде сабақ жүргізу керек» (1927ж.), «Қазақ ақыны
Абайдың философиясы және оның сыны» (1928 ж.), «Мәдениет кадрлары туралы бірер
сөз» (1928ж) жариялаған.
Осындай аз уақыттың ішінде көп нәрсе істеп үлгерген І.Қабылов тек қоғам және
мемлекет қайраткері емес, сонымен бірге ұстаз, әдебиет сыншысы, публицист, әрі
қазақтан шыққан алғашқы философ ғалым деп айтуға толық негіз бар.
І.Қабылов қазақтың зиялылары Б.Майлин, С.Сейфуллиндермен қатарласа жүріп,
сол кездегі қазақ еліндегі іргелі оқиғалар мен мәдени, әдеби өмірге белсене араласқан,
Темірбек Жүргеновпен бірлесе жүріп қазақ еліндегі мектеп ашу ісіне барынша
атсалысқанын барша жұрт біле бермейді.
1964 жылы орыс тарихшысы П.Тибекин «Сәулетті болашақ үшін күрескендер»
атты сериямен «Ильяс Кабулов» деген атпен І.Қабыловқа арнап ең алғаш рет кітап
шығарған.
І.Ж.Қабыловтың да еткен еңбектері еш кеткен жоқ. Қызылорда қаласындағы №12
орта мектепке 1983 жылы І.Ж.Қабыловтың есімі берілді.
№12 І.Қабылов атындағы мектепке 1998 жылы 13 мамырда Сырға сапары кезінде
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың келуі де кездейсоқ емес. Бұл біздің, жастардың келешекке
нық қадам басуымызға, айқын дәл мақсаттарға жетуімізге, базарлы болашаққа
ұмтылуымызға көп әсерін тигізеді десем артық айтқандық емес.
Қорыта айтқанда, қос алып Т.Жүргенов пен І.Қабыловтың қазақ руханиятына
жасаған еңбектері ұшан-теңіз. Олардың әдеби, ғылыми мұраларын болашақ ғалымдар
әлде де тереңірек зерттеу қажеттігін еске салсақ артық болмас.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Иманғалиев Б.С. Темірбек Жүргенов (зерттеулер, мақалалар, құжаттар
жинағы), Алматы 2012, -439б.т
2. Жүргенов Т. «Мектептің түрі, тілі туралы» // Еңбекші қазақ, 1927, 7 наурыз, 3б.
3. Жүргенов Т. «Об организации казахского госуниверситета», Советская степь,
1927, 22 апреля., 23стр.
4. Тибекин П. «Борцы за великое дело» сериясы. Ильяс Кабулов, 35 стр.
Do'stlaringiz bilan baham: |