Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet173/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
ат пен қаршығаны опасыз, ал итті достықтың үлгісінде суреттеген.
Көркем бейне жасауда ақындық параллелизмді де қолданған.
«Дарақ пен Сая» мысалында адам басындағы түрлі психологияны, табиғатпен 
қатарласа суреттеп, өлең жолдарын құбылтып отырады.
Дараққа сая бір күн өкпеледі 
Жаясың жапырағыңды шетке,-деді 
Жолына жолдастықтың жөн бе осының 
Екеуміз сынатайық көпке,-деді. 
Сөз соңында «деді» - сөзін қайталап сөйлемнің әсерлілігін күшейткен.
Кейіпкер бейнесін тұспалдап, аң, құс, жан-жануарлармен суреттеп, астарлап 
айтумен адам образын жасайды.
Мысал өлеңдерінің қорытындысы тұжырым беріп, ғибраттық ойлар айтады.
Өлеңнің ретін келтіретін дыбыстардың бірыңғай сөз басында қайталануы, 
сөйлемнің әсерлілігін арттырып, сөз образын бейнелікпен дамыта жырлайды.
Сөз басында бірыңғай дауысты, дауыссыздардың қайталануы «Лұқпан хакім» 
мысалында дыбыстық үндесу жасап, бейнелік оқырманға әсер етіп, тыңдаушысын 
баурап алады.
Жасырын сырыңды айтпа қатыныңа,
Жаңа мал біткеннен қарыз алма мықтан,
Жаныңа зақым қылар, жүргізбей ықтан.
Ақын әдеби бейне жасауда өмір шындығынан қорытынды түйін жасаған, ақыл-
нақыл, ғибрат сөздерді сөз образын жасауда орынды қолданған.
Қазақ әдебиеттану ғылымында стильдік ізденістер туралы мол пікір, тұжырымдар 
баршылық. Мұхтар Әуезов: «Әдебиеттің ұлттық түр мәселесінің бірі іргелі үлкен мәні – 
стильде. Теңеу тілі, әр алуан көркемдік шеберлікпен келетін сөз кестесі түгел құрала 
кетіп, жазу стилін қалыптастырады» [9.238].
Базар жырау мен Тұрмағамбет шығармаларындағы ойды көркемдеу, көріктеу 
тәсілі тіл суреткерлігі жазу стилін, ақындардың ойлау жүйесінің тапқырлығын 
байқатады. Өлең өрнегінде өзіндік кесте салған Базар мен Тұрмағамбет сөздің әрі мен 
ажарын, ырғағы мен дыбыс үйлесімі мен адам бейнесін жасап, ұлттық сөз өнеріміздің 
образдық жүйесімен ұғым – түсініктерге тыныс, соны серпін берген. Біздің мақсат 
бейнелі сөз табиғатына және оның сиқырлы сырларын анықтауға күш салдық. Бүгінгі 
күні халқымыздың рухани қазынасына айналып отырған Базар жырау Оңдасұлы мен 
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармаларындағы әдеби бейнелілік көрінісін терең зерделеу 
басты назарда болмақ. 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling