Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet169/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
Орынсыз қалың топта талпынбаған,
Жиырма бес заулап бастап өтті-ау, қайран, 
Тоқсанда сары аяздай сартылдаған, -
деп «Қалың топ, сары аяздай» сияқты тапқыр теңеумен тың эпитеттермен өрнектер 
жасайды.
«Базар – ойға берік, сөзге жүйрік, талғампаз суреткер. Ол көркем сөз - тілдің күш-
құдіреті мен өмірлік мәнін терең түсініп, оны адам санасын өзгертіп, тәрбиелеу үшін 
таптырмас құрал ретінде пайдаланған», - деп баға берген М.Жармұхамедов [4.352].
Зерттеуші ғалымның сөзімен айтқанда көркем сөздің асқан шебері әдеби бейне 
жасауда кестелі өрнектер жасай білген. Халық даналығын терең меңгерген. Оның 
толғауларында халықтың мақал-мәтелдерімен қатар қанатты сөздер мол. Күнделікті 
қолданылатын нақылдарды әдеби бейне жасауға түрлендіріп отырады. Мәселен,
Өнбейтін даудың ізінен,
Өспейтін жігіт қуалар.
Әр кемелге, бір зауал.
Қырық жыл қырғын болғанмен,
Ажалы жетпей ер өлмес. т.б. 
Базар жырауда ғана ұшырайтын айшықты сөз үлгілері де мол.
Бақ тайса, айналдырар ерді қырсық. Тағдыр – құйын, адам – қаңбақ.
Жыраудың шығыс сюжетін пайдалана отырып жазған «Әмина қыз», «Айна-
тарақ», «Ахмет Жүсіп» тәрізді дастандары бар.
Бұл дастандарында ертегілік сарынды тың мәліметтермен беріп, әдеби бейне 
жасаған. «Әмина қыз» дастанында саудагер мен оның жарының, яғни, кейіпкер образын 
ашады. Базар даралап берген саудагер әйелінің қанышер екенін бетіне басады. Жігітті 
дуалы сумен дуалап итке айналдырып жібереді. Бір мейірімді наубайшыны паналаған ит, 
бір емші қыздың көмегімен адам қалпына келеді. Сол қызға үйленіп бақытты өмір сүреді. 
Әминаны байталға айналдырып жібереді. Жыраудың әдеби кейіпкер жасаудағы 
шеберлігі дастандағы Әмина, күйеуі, наубайшы, емші қыздар арқылы сөз кестесін салып, 
тағылымдылық ой тастайды. Дастан соңында байталға айналған қызды патшаға сыйға 
тартып, жігіт басына азаттық алады.
Жыраудың ойы ұшқыр, қанатты сөздер түйдек-түйдек төгіліп, бейнелілікпен 
толыға түседі.
«Құмарын тарқан алқаның» атты толғауында:
Алмас қылыш сыналмас,
Айқасқан жерден аршындап, 
Қиялай тартып шаппаса,
Ақ берен мылтық сыналмас,
Сағалай көздеп сұрмерген, 
Асырымын атпаса, -
немесе мына жолдардағы:
Жігіттің басын кемітер,
Жаман туса баласы.
Әйелі шайпау ер болса, 
Жабырқап көңілің ашылмас, -
деп асқақатата шырқап, сыршыл мінезбен арманшыл қиялға берілетін жырау өзінің 
бастау бұлағын Асанқайғы, Досмамбет, Қазтуған, Шалкиіз, Бұхар жыраулардан алғанға 
ұқсатады. 
Өсиет, үлгі-өнегеге құрылған толғауларында түгелдей мақал-мәтелдермен өріліп 
отырады.
Толғаулары шығарламалары арқылы өлең өміріне әдеби бейне мен бейнелілікті 
молынан еңгізе отырып, Базар жыраудың суреткерлік тұрғыдан қазақ өлеңіне қосқан 


158
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling