Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet280/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
Қазақстан әлемнің өзге де көптеген елдері сияқты сыбайлас жемқорлықты жою 
және алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Қазақстан Республикасы – 
жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдап, осы мәселе бойынша халықаралық 
конвенцияларға қосылған ТМД бойынша алғашқы мемлекеттердің бірі[3].
Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі экономикалық дамуға кедергі келтіреді, 
инвестициялық климатқа теріс әсер етеді, елдің беделін түсіріп, Қазақстан 
Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған 
байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - Қазақстанның мемлекеттік саясатының 
басты басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық 
даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процестерін баяулатады және 
демократиялық мемлекеттің саяси және әлеуметтік институттарына теріс әсер етеді, бұл 
елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіреді[4]. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында 
жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Бүгінде халық парақорлық 
дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың 
жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. 
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, 
беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың 
конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан 
Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, 
сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын 
лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың, ұжымдардың, жергілікті 
өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік 
және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге 
міндетті[5]. 
Бүгінгі таңда жeмқорлық cаяcатта ғана eмec, срнымен қатар экономика жәнe 
баcкару элиталарында да кeңінeн таралып отыр. Бұдан аңғаратынымыз, құқық қорғау 
органдары инcтитуционалды жeмқорлықпeн күрecудe әлcіздік танытуда. Жeмқорлық пeн 
оны тудыратын жағдайлар eкі жақты болып табылады. Біріншідeн, жeмқорлықты 
тeрeңдeтeтін жағдайлар туындаcа, eкінші жағынан маcштабты жeмқорлық баcым түcіп 
оларды шeшудің өтпeлі кeзeңін туғызады. Бұл жағдайлар мынадай міндeттeрді 
туындатады: біріншідeн, жeмқорлықтың пайда болуына әceр eтeтін жағдайлармeн күрec 
жүргізу арқылы жeмқорлықты азайту жәнe дамуына кeдeргі жаcау; eкіншідeн, бұл 
проблeмаларды шeшудe құқық қорғау органдарымeн бірлece әрeкeт eту[6]. 
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа және осы тұрғыдағы құқық 
бұзушылықтарға бой алдыруының себебі сан алуан. Оған ең алдымен қызметшілердің 
білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей 
мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби 
әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың кеңеюіне 
септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де 
жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. 
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық 
сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру 
керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір 
құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты 
жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас 
жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, 
мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен 
оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына 
сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады[7]. 


262
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling