Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 тұрақты айналысады. Мұндай мамандардан саналы әрекетті, этикалық және құқықтық нормалардың сақталуын, жоғары деңгейлі педагогикалық ынтымақтастықты (яғни, мұғалім-оқушы қарым-қатынасы), таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылықты байқауға болады. Болашақ ұстаздарда кәсібилікті қалыптастыру рухани және мәдени құндылықтарды бойына сіңіруіне, жалпы педагогикалық білімді игеруіне және тұлғалық-кәсіби сапаларды бір мезгілде дамыту мен жетілдіруге байланысты болады. Оқу процесін және студенттермен аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыра отырып, болашақ ұстаздарды кәсіби қызметке кешенді дайындауға бағдарлану керек. Болашақ ұстаздың міндетті кәсіби дағдыларының қатарына кіретіндер: оқушының жеке ерекшелігін зерттеу; кәсіби этиканың жаңа белгілерін меңгеру; өзін өзі тәрбиелеу: өзінің бойында қажетті кәсіби-тұлғалық сапаны дамыту. Соңғы талапқа болашақ ұстаздың өзін сыни бағалай алуын, болашақтағы кәсіби қызметінде өзінің білімін тұрақты түрде толықтырып отыруын және кәсіби шеберліктің құпияларын меңгеруді қосуға болады. Студент таңдаған мамандық оны оқушыны жақсы көруге, оның көңіл-күйін сезінуге, қуанышта да, сәтсіздікте те онымен бірге болуға, өз оқушыларының қызығушылықтары мен әуестенетін істерінен хабардар болуға және оларды білім алу мен өзін-өзі жетілдіру жолында ептілікпен бағыттап отыруға міндеттейді. Болашақ ұстазды оқушылармен кәсіби бағдарлау жұмысына дайындау қажет. Өз мамандығына қызығушылығын, оның шығармашылық жақтарын мұғалім оқушылар алдында ашуы керек. Студенттің ұстаздық мамандыққа қызығушылығын дамыту жөніндегі міндеттердің арасынанкелесілерді бөліп айтуға болады: а) оқушылардың мұғалім мамандығына жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру, олардың санасына мамандықтың маңызын, оның гуманистік сипатын жеткізу; б) студенттердітаңдалған саладағы білімді тереңінен сіңіруге ынталандыру; в) мамандық таңдауға әсер ететін себептерді анықтау және оның кәсіби қалыптасу мен дамудағы рөлін белгілеу [5, 86 б.]. Болашақ мұғалімдерді тәрбиелеу мен дамыту ісінде олардың жеке тұлғалық сапалары мен психикалық қасиеттері үлкен маңыздылыққа ие болады. Әсіресе талдамалы қабілеті мен қортындылау қабілеті, ойлау қабілеті (проблемалық, шығармашылық, теориялық, эмпирикалық, бейнелі ойлау), қортынды және аңдатпа жасай алуын, эмоционалдық-сезімталдық саладағы ерекшеліктерін ерекше айта кету керек. Педагогикалық еңбектің ерекшелігі жеке тұлғаның репродуктивтік және өнімділік (шығармашылық) қабілетіне, қоғамдық және жеке бейімділікке, психикалық тұрақтылықа, дәстүрлі ойлауға, романтикалық әуестенушілікке, армандаушылыққа, реакцияның тездігіне, тәрбиелілікке және басқа да көптеген тұлғалық сапаларға байланысты. Болашақ ұстазды дайындау процесінде өзінің мінез-құлқы мен әрекеттерін басқара алушылығын, оның қоршаған ортаменқарым-қатынасын назарға алу керек. Болашақ ұстазды тәрбиелеу мен дамыту «Мен» тұжырымдамасын жүзеге асырумен байланысты, яғни студентте өзі туралы көріністі қалыптастыру. Педагог үшін бұл үлкен маңызға ие, өйткені кәсіби қызметінде оған оқушылардың, олардың ата-аналарының, ұжым мүшелерінің өзі туралы пікірлерінбірнеше рет естуге тура келеді, сондықтан мұғалім өзінің абыройын сақтап, сендірерлік дәлелдер келтіруге әрқашан дайын болуы тиіс. Мұғалім мамандығында іс-әрекеттің әр түрі болады, сондықтан болашақ педагогтар оған дайын болғаны дұрыс. Негізгі іс-әрекет: оқу-танымдық әрекет; педагогикалық іс- әрекет, ақыл-ой, шығармашылық және қоғамдық іс-әрекет; (тәжірибе кезінде ол оқу немесе тәрбие іс-әрекеті болуы мүмкін) жатады. Қазіргі заманның мұғалімі өзінде үнемі жаңа қабілеттерді дамытып отыруы, ойлау алгоритмін жылдам қалыптастыруға дайын болуы, өзінің психикалық жағдайын басқара алу керектігі жоғарыда айтылған. Басқаша |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling