Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet121/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асырады деген сөз.
Объективті моральда сондай-ақ, мемлекет туралы айтылған. Гегель мемлекетті 
былайша қарастырады:
- Ішкі мемлекеттік құқық ретінде. Патша билігін, үкіметті, заңды туындататын 
мемлекеттік құрылыс; 
- Бір мемлекеттің өзге мемлекетке қатынасы ретінде (сыртқы мемлекеттік құқық); 
- Мемлекет идеясы осы екі элементтің бірлігінде жүзеге асады және дүние тарихы 
процесінде өзінің болмысын өзіне танытады.
Жеке құқық пен жеке мүдде, отбасы мен азаматтық қоғам қатынасында мемлекет 
«сыртқы қажеттілік және олардың жоғары билігі» ретінде көрініс табады делінген [4, 181-
185 бб]. Шын мәнінде де, мемлекет – бұл адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, 
жеке мақсат-мүдделерін қамтамасыз ететін, жоғарыда атап өткеніміздей, неке мен отбасы 
институтын дамытуды әрі демократиялық жүйеге тән азаматтық қоғам қалыптастыруды 
басты мақсаты санайтын үлкен саяси ұйым болып табылады. Міне, Гегельдің «Құқық 
философиясы» еңбегі – өте құнды еңбектердің бірі десек болады. Себебі, аталған еңбек 
арқылы бүкіл қоғамның, тіптен бүкіл әлемнің құқықтық қырын білуге болады. Сондай-ақ, 
құқық ұғымының философиялық астарын осы еңбектен табуға болады. Ендігі кезекте 
құқық ұғымының философиялық негізін талқылап өтейік.
Құқық ұғымы – ең маңызды әрі күрделі қоғамдық құбылыс ретінде түсінілетін 
философиялық категория. Сондықтан да ол бірнеше тұрғыдан қарастырылады. 
Біріншіден, субъективтік тұрғыдан құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет 
еркіндігін білдіреді. Мысалыға айтар болсақ, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, 
қорғану құқығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Ал екіншіден, 
объективтік мағынадағы құқық – бұл нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген 
нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда бір айта кететін жайт: субъективтік құқық 
объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқталады. Құқықтың объективтік және 
субъективтік мағыналарының біріктіріле түсінетінділігі де жоққа шығарылмайды. Осыған 
қарап құқықтың күрделі категория екендігін білуге болады [1, 176 б]. Негізінен, құқық 
категориясының әлеуметтік және философиялық мәні өте терең. Құқық қоғаммен бірге 
диалектикалық даму процесінде болғандықтан, оның мазмұны сан қырлы бағытта дамып, 
байып отырды. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, 
әртүрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси 
шындық, әділеттілік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары – құқық діни норма, ал Жан Жак 
Руссо – құқық қоғамдық билік – деп түсіндіреді. Бұл аталған пікірлердің бәрі дұрыс.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қаралады: 
1) «Құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене 
отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, 
меншік иесі болуы. 
2) «Құқық» деген – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл 
объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық 
процесс арқылы жүреді. 
3) «Құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, 
әкімшілік құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы. 
4) «Құқық» термині субъективтік құқық және объективтік құқықтың жиынтығы 
ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген ұғым қалыптасады. 
Мысалы, қазіргі жағдайда Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда. Сонымен, осыдан 
құқық ұғымының нақты анықтамасын шығаруға болады. Құқық – бұл мемлекет шығарған 
немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп 
отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы [6, 12-13 бб]. Яғни, құқықтың 
философиялық мәні біріншіден, бұл адамдардың өз қалауын жүзеге асыру мүмкіндігі, ал 
екіншіден, бұл адамдарды белгілі бір ережелерді орындауға мәжбүрлейтін негізгі 


117 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling