Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
Ключевые слова: наука, философия науки, философия права, право, гражданское
общество, субъективная мораль, объективная мораль, закон. This article discusses the subject of philosophy of law, which occupy an important place in the general sciences. Especially, the concept of law and the relationship between law and law 114 Materials of the international scientific-practical conference «YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» October 25-26, 2019 were analyzed on a philosophical basis. In addition, the article presents the views of famous philosophers about law. Of these, a thorough analysis of the work of the German philosopher Georg Wilhelm Friedrich Hegel with the title "Philosophy of Law" was carried out. Most importantly, the article reveals the philosophical significance of legal science. Key words: science, philosophy of science, philosophy of law, law, civil society, subjective morality, objective morality, law. Жалпы, бір ғылымның философиялық мазмұнын тереңірек зерттеу үшін, оның концептуалдық негізі болып табылатын ғылым философиясының пәнін анықтап алу маңызды. Сондықтан, құқық философиясы туралы айтпас бұрын, ең алдымен ғылым философиясы жайында қарастырып өтейік. Ғылым философиясы – бұл ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылады. Ал ғылыми таным дегеніміздің өзі кең мағынада – объектілер әлемінен адам қызметі үрдісі кезінде танылатын қандай да бір шектеулі біртұтастық немесе нақты объект, зат және оның түрлі ерекшеліктерінің, қасиеттерінің, байланысының жиынтығы. Аталған ғылымға немесе ғылыми пәнге тән және оның пәнінің ерекшеліктеріне негізделген әдіс-тәсілдер жүйесі [1, 4,84 бб]. Яғни, ғылым философиясының зерттеу объектісі ретінде ғылымның қалыптасу тарихы мен оның әдістемелік негізін атауға болады. Нақтырақ айтар болсақ, ғылым философиясы әр ғылым саласы нені зерттейді және оның қандай мәселелері бар деген сұраққа жауап береді. Ғылым философиясының бір тармағы ретінде құқық философиясының да өзіндік пәні және зерттеу нысаны бар. «Құқық философиясы» термині алғашқыда заң (юридикалық) ғылымында пайда болды. Оны құқықтың тарихи мектебінің ізашарларының бірі – неміс заңгері Густав фон Гуго ғылымға енгізді. Гуго «құқық философиясы» терминін құқық туралы ілімнің философиялық бөлігінің қысқаша атауы «позитивтік құқық философиясы» деп қолданды. Гугоның пайымдауынша, юриспруденция, яғни, заң ғылымы үш бөлімнен құралуы керек: бірінші – юридикалық догматика, екінші – құқық философиясы (позитивтік құқық философиясы) және үшінші – құқық тарихы. Әрекеттегі (позитивтік) құқықпен шұғылданатын және «юридикалық кәсіп» болып табылатын юридикалық догматика үшін Гугоның пікірінше эмпирикалық білім жеткілікті. Яғни, тәжірибе негізінде нақтылы фактіні анықтауға болады. Ал құқық философиясы және құқық тарихы соған сәйкес «құқықты ғылыми танудың парасаттық негізін» және «ғалымдық, либералдық юриспруденцияны (элеганттық юриспруденцияны)» құрайды [2, 163 б]. Сонымен, құқық философиясы дегеніміз – бұл құқық жөніндегі ақиқатты іздестіру және орнықтыру, құқық жөніндегі ақиқи білімді, адамдардың әлеуметтік болмысының ерекше формасы және әлеуметтік реттеудің ерекше түрі ретінде қарастырып зерттейді. Құқық философиясы – философиялық құқықтық білімдер саласы. Ол практикалық, құқықтану, заңнама мәселелерін шешуге тікелей бағытталмай, құқықтың мәнін, шығу тегін және мағынасын зерттеуге, оның бастамаларын, принциптерін тануға негізделген. Құқық философиясының пәні дегеніміз – құқық пен заңның ажыратылуы, арақатынасы және ізденістегі бірлігі. Құқық философиясының пәні – теңдік принципі және оның көрінісі [3, 24 бб]. Яғни, бұл ұйғарымнан мынадай қорытынды шығаруға болады: құқық философиясы – заң ғылымының философиялық- әдістемелік аясын қарастырады әрі құқық ғылымының тұғырнамасы болып саналады. Жалпы, заң ғылымының философиялық қыр-сырын тереңірек түсінуде неміс философы әрі неміс классикалық философиясының және романтизм философиясының негіздеушісі – Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің 1821 жылы жарық көрген «Құқық философиясы» атты еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбекте абстрактілі құқық, субъективті мораль, объективті мораль және «құқық философиясының» диалектикалық логикасы туралы қарастырылған. Мәселен, осы еңбектің кіріспесінде: «Құқық туралы философиялық ғылым құқық идеясын |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling