Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet122/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
қозғаушы күш болып табылады.
Жоғарыда құқық философиясының пәні дегенімізде құқық пен заңның 
ажыратылуы, арақатынасы және ізденістегі бірлігін атап өттік. Негізінен, құқық пен 
заңның ажыратылуы және ара қатынасы туралы жалпы теория мен құқық түсінудің 
юридикалық қағидасын – либертарлық деп атауға болады, өйткені осы қағида бойынша 
құқық дегеніміз – адамдар еркіндігінің жалпылық және қажетті формасы, ал әлеуметтік 
өмірде еркіндік тек құқық түрінде және құқық формасында болуы мүмкін, әрі болады. 
Либертарлық қағида – бұл құқық пен заңды ажыратудың жаңа жалпы теориясындағы жаңа 
дербес бағыт болып табылады [3, 35-36 бб]. Негізінен, құқық пен заңның арақатынасы 
туралы проблемалар көне заманнан бері көтеріліп, бір мезгілде пайда болған (Демокрит, 
Софистер, Сократ, Платон, Аристотель Эпикур, Цицерон, Рим заңгерлері) және осы 
уақытқа дейін құқықты түсінуде ортақ проблемалардың бірі болып саналады. Құқық пен 
заңның айырмашылығына байланысты көптеген концепциялар бар. Дегенмен де, 2 
принципті бағытты алуға болады: 
1) Құқық – мемлекеттік биліктің туындысы және барлық арнайы құқық 
нормаларының қайнар көздерін, олардың мазмұнына қарамай құқық деп есептеуге 
болады; 
2) Заң өз мәніндегі субъектімен және өз мәніндегі процедуралық нысанға сай 
қабылданған болса да, құқықтық мазмұны болмауы мүмкін, құқықтық емес заң ретінде 
саяси бассыздықты көрсетеді. Бұл жерден мынадай тұжырым жасауға болады: құқық 
мемлекет күшімен қамтамасыз етілген жалпыға бірдей тәртіп ереже болып табылса, ал заң 
ең жоғарғы күші бар нормативтік акті болса да, оның құқықтық мазмұны болмауы мүмкін. 
Бұл әрине, мемлекеттің саяси жүйесіне қайшы болары анық.
Құқық пен заңның арақатынасын сипаттағанда тек төмендегідей тұрғыдан 
белгілеуге болады: 
1. Құқық пен заңды айыру қажет. Заң – бұл құқықты сырттай объективтендірген 
көріну нысаны, ал құқық – сол нысан мен мазмұнның бірлігі (тәртіп жолы). 
2. Құқық оған дейін де және заңнан тыс та бола алмайды. Нысан – құқықтың өмір 
жолы, оның өмір сүруі. Профессор Мушинскийдің сөзімен: «Барлық қазіргі құқық жүйесі 
заңдардың мундирлерімен киінген» [7, 16-18 бб]. Яғни, заң – бұл құқықтың мазмұны 
нақты сипатталған ең жоғарғы нормативтік акті болса, ал құқық – сол заңды құраудың 
басты негізі болып табылады. Оның айқын мысалы, азаматтардың құқықтары мен 
міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген. Ал Конституция 
– мемлекеттің ең жоғарғы заңдық күші бар басты құжаты болып саналады.
Сонымен қатар, құқық философиясының пәндік шеңберінде табиғи құқық туралы
қарастырылады. Ертеде табиғи құқықты көне гректер адам табиғатымен байланыстырған, 
оның өмір сүру құқығын, өзінің табиғи қажеттілігін қанағаттандыруын, ләззаттандыруға 
құқығын, «нан және көрініске» және де сол уақытта – аскезаға құқығын, жеке бас 
бостандығына құқығын байланыстырады.
Антикалық кезеңде қалыптасқан табиғи құқық туралы көрініс өзінің өрнектелген 
түрінде бүгінгі күнге жетіп, «адам құқықтары» идеясында туындады. Осыған сәйкес 
табиғи құқықтар туралы көріністердің тарихи эволюциясы жеткілікті көрсетімді немесе ол 
көзқарастардың өзгеруін, адамның қоғамдағы орны мен рөлін мемлекеттің адамға және 
адамның мемлекетке қатынасын білдіреді [1, 182 б]. Жалпы алғанда, табиғи құқықты 
адамға тумысынан берілетін құқық деуге болады. Яғни, олар өмір сүру құқығы, демалу 
құқығы және т.б. Табиғи құқықты заң тілінде абсолютті құқық деп атайды. 
Табиғи құқық жөнінде көптеген ойшылдар өз пікірлерін айтқан болатын. Соның 
бірі – голландиялық заңгер әрі философ Гуго Гроций. Гуго Гроций табиғи құқық 
теориясының сұрақтары жөнінде маңызды идеялар айтты. Құқық Құдайдан берілмейді, 
құқық бастапқыда адамға берілген; барлық құқықтарды екі үлкен бөлімге бөлуге болады 
– табиғи құқық және жазбаша (танымдық) құқық. Табиғи құқық бұл адамның табиғатының 


118
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling