Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы» [2,2]. Теңеу ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиет тілінде жасалып, танылады. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы дерлік өз бастауын теңеуден алды десек, артық айтқандық емес. Қазіргі қазақ тілінде зерттеуші ғалымдар (А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, Т. Қоңыров) теңеудің онға жуық түрін, жасалу жолын, семантикалық-құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді. «Сол теңеулерді жасап, ... көпшілікке етене таныс сөздерді жаңа қырымен, соны бояуымен, өзгеше өңімен жұмсай білушілік- жазушы талантын танытатын құбылыс» [3,90]. Отыз жылғы жазушылық жолында қаламынан туған шығармаларымен, көркемдік ізденіс арналарынан қалыптасқан көркемдік стиль ерекшеліктерімен дараланатын көрнекті жазушымыз Сайын Мұратбековтің қолданысындағы теңеулердің өзіндік сипатын, шығармаларынан жинақталған теңеулердің жасалу тәсілін төмендегідей топтастырдық: Теңеулердің ішінде жазушының өте жиі қолданатыны –дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы арқылы жасалғандар. Бұл теңеулер өзінің бейнелеуіштігі, экспрессивтілігі жағымен ерекшеленеді. Екіншіден, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер көбіне тұрақты теңеулер болып келеді, халық арасында кеңінен тараған жұдырықтай, көсеудей, еңгезердей, алпамсадай, зіңгіттей, қайыстай, қазандай, уыздай, шидей, тайыншадай, тастай, таудай, т.б.дайын қалпында қолданылатын теңеулер тобын құрайды. Мысалы: Шыдай алмай кеттім жұдырықтай тас алдым да, екеуінің дәл ортасына лақтырып жібергем, екеуі де селк етіп, сасып қалды. С. Мұратбековте осы тектес теңеулерге «қылу», «болу» етістіктерін «боп», «қып» қысқарған түрінде тіркестіру жиі ұшырайды. Мысалы:Кемпір-шалдың күнделікті толып жатқан шаруасын тындырып, баласындай боп кетеміз. Сүйреткіге шөпті таудай қып тиегеннен кейін, салынып жатқан маяның түбіне әкеп, маяшыларға көтеріп бере бастады. Менің білегімнен тастай қып ұстап алды да, мелшиіп отырды да қойды. Синтетикалық тұлға –ша, -ше жұрнағы арқылы жасалған теңеулерде салыстыру мағынасы басымырақ екені байқалады. Жоғарыда аталған түріндей жиі қолданылмағанымен де, С. Мұратбеков шығармаларында өзіндік орны бар теңеулер осы қосымшалар арқылы жасалады. Бұл теңеулердің жазушы қаламынан туғандары да, тұрақты түрде қолданылатындары да кездеседі. Мысалы: Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты. - Е, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең де күн ашық болады,-деп қойды үлкен кісіше. Аян батырлық туралы ертегіні айтқанда, біз-алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып, жауға қарсы арыстанша ақыра шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді. Ух, шіркін, сондай семсерім боп мен де соғысқа барсам, фашистерді тура бауша қияр едім, деп тістенетін Есікбай. Аян нанды көргенде көзі отша жанып, екі ұртына кезек бұралай тығып, қақалып қала жаздайтын. Синтаксистік тәсіл «ұқсас», «ұқсау», «тең» сөздерінің қатысуымен жасалатыны белгілі. Сайын Мұратбеков теңеу жасаудың бұл тәсілін көп қолданбайдысирек болса да кездеседі: Назира әпкем құсап ішімдегіні мен де сөзбен, зарлы жоқтаумен шығарғым келеді....Зибаш пен Қыдырманның бала құсап ойнағандары бәрі есіме түсіп, еріксіз күлдім. С. Мұратбеков синтаксистік тәсілмен теңеу жасағанда, «ұқсау» сөзін «құсап» сөзімен алмастырады. Оның себебі де жоқ емес сияқты. «Әпкем құсап», «бала құсап» теңеулері буыны әлі қатпаған ауыл баласының қарапайым сөйлеу тілімен берілгендіктен, орынды есептеледі. Енді теңеуді жіктегенде, жазушы қолданысындағы теңеулердің ауыс мағынадағы түрлері метафоралық, метанимиялық, синекдохалық тәсілдері арқылы жасалғанын, сонымен қатар, литота гиперболалық теңеулердің кездесіп отыратынын байқаймыз. Бұл теңеулер жазушы суреттеуіндегі іс-оқиға, көрініске ерекше түр, экспрессия үстемелейді. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling