Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet126/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
Мысалы: Ап-арық шырпының жіңішкелігіндей қолымен домыққан ісіктерін сипады. Аян 
қалпақша қалқып барып анадай жерге түскен. Шымырбайдың тайыншадай төбеттері 
арсылдап қоя бермесі бар емес пе! Сүйреткіге шөпті таудай ғып тиегеннен кейін, салынып 
жатқан маяның түбіне әкеп, маяшыларға көтеріп бере бастады. 
Қолданыста даяр күйінде жұмсалатын фразеологиялық тіркес түрінде келетін –дай 
формалы тіркестерді аталған шығармалардан молынан кездестіреміз. Теңеулер тізбегі 
төмендегідей: 
Оттай басылу. Қарақаншық көзімізге оттай басылып ұшырай кетті. 
Қол-аяғы балғадай. Осыдан үш жыл бұрын ілмиген ап-арық қыз еді, бүгін де қол-
аяғы балғадай бойжеткен болды.
Тал шыбықтай бұралу. Е, алла-ай, тал шыбықтай бұралып енді жеткендеріңде 
сендерге де ауыз салды ма? 
Құстай ұшу. Тақымды қысуым-ақ мұң екен, құстай ұша жөнелді. 
Тастай қату. Тоқтар оның жалына тастай қатып жабысып, былқ еткен жоқ.
Жұлдыздай ағу. Жиренқасқа жұлдыздай аққан күйде кеп қалың жылқының ортасына 
қойып кетті де, қақ жарып өте шықты. 
Тастай қараңғы. Табанымыздың асты тастай қараңғы шыңырауға айналды, үңіреніп 
жатыр, бір кішкентай ғана от жылт-жылт етеді.
Аш бөрідей. Сөйтіп қозы қораға түскен аш бөрідей әп-сәтте қауындықтың үстін әлем 
тапырық қылдық. 
Сілтідей тына қалу. Үйдің ішіндегі де, сыртта терезе түбінде тұрған біздер де 
демдерімізді іштерімізге тартып, сілтідей тына қалдық.
Бұл қатарды жаутаңдай қарау, қалпақтай ұшыру, іші удай ашу, өлердей жек көру, 
мұнтаздай таза, өгіздей өкіру, мұрттай ұшу, көк ала қойдай, бармақтың басындай, 
өлердей қорқу, арқаға аяздай бату, көзі тұздай, көзге шыққан сүйелдей, түйдей жасты, 
сомадай болу, өлердей ғашық, торғайдың миындай, т.б. фразеологиялық тіркес 
образдылығымен, экспрессивті-эмоционалды бояуымен ойға көрік беріп, сурет жасайтыны 
белгілі. «Жабайы алмада» соғыс тауқыметіне тап болған қырдағы ел, ондағы адам тағдыры, 
ию-қию өмір арпалысын суреттеуде қыр қазағына жете таныс тіркес-теңеулер ұлттық 
психологияны сезіндіріп, заман тынысын көз алдына әкеледі. Сонымен қатар, Сайын 
Мұратбековтің шығармаларында ауызекі сөйлеу тіліндегі теңеулер жиі қолданылады. Бұл 
теңеулер оқиға желісімен үндеседі. Мысалы: Онан соң өзіне-өзі сөйлегендей сабырлы, 
салқын ғана: - Осыдан дәл екі жыл бұрын көктемнің осындай жаймашуақ бір күнінде келіп 
еді. Тыңдап еді, сонда...-деді. «Мұхаң» деген есімді естігенде қатты елең етістік («Қыран құс 
көз жүзін шарлап кетті»). Бал қаймақтай тәтті еді («Қыран құс көз жүзін шарлап кетті»). Ал 
арғы бетте әлі бір шошақтай шөп қалып отыр (Алғашқы қар). Өзі шүйкедей бір-ақ уыс 
(Алғашқы қар). Күлипаның малмандай су етігінің тобығына дейін үлпек қар жабысып, ери 
бастады. (Алғашқы қар).Ұшар құстай үркектеп, айналасына жалтақтай береді. 
(Махаббат)Қоңыр сырмен боялған зілдей ауыр ағаш қақпа қарсы алдынан ешбір сықырсыз 
жәймен сырғи ашылды (Таңғы шық). Содан бері: салқар аспан жүзіне сақинадай ғана торкөз 
терезеден қарап, кең дүниені қоршауы биік, тар аулаға күніне бірауық шығарғанда ғана 
сезетін. (Таңғы шық). Ал бүгін ертеңгісін ыдыс керек боп қалған кезде әйелі Шынар 
қабағын шытып еркектің үніндей жуан даусымен: -Әкелме. Электр барда, кәресінді жинай 
беріп қайтпекпіз,-деп күңк ете түсті (Көктемгі егіс). Мөлдір қара көзі жаудырап, балшықпен 
ойнаған баладай бет-аузы май-май болған он жетілер шамасындағы жап-жас қыз (Көктемгі 
егіс). «Немене, білекті еркектер жетпегендей, бүлдіршіндей жап-жас қызды тракторға 
отырғызып»,-деді ол іштей наразы болып (Көктемгі егіс). 
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған теңеулерді жазушы авторлық баяндауда 
аракідік қолданып отырады: Дұп-дұрыс келе жатып мінезі аяқ асты сайтан сияқты. 
Үлкендер оны әлі бала дейді, бірақ біздерге ол үлкен жігіт сияқты көрінеді: биыл өзіне 
мұрт өсе бастаған. Өмірімізге қос ауыз мылтықтан өзге ештеңені көрмесек те жарқ-жұрқ 


122
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling