Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet127/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
еткен көк семсер тұрғанда зеңбірек, пулемет дегендер айтар сөзге, көңілге олқы түсіп, 
ойыншық сияқты боп қалатын. Ел сияқты семья құрып, үй болғым, бала сүйгім келеді 
дейді. 
Теңеулер белгілі бір мақсатта жұмсалады. С. Мұратбеков қолданған теңеулер 
оқырманына әсер ететін, көңілдің күйіне күй қосатын, сезімді түртіп оятататын әсер өрісі 
бар сөздер мен сөз тіркестері түрінде кездеседі.
Танып білудің ең қарапайым формасы ұқсату, балау, салыстыру, теңеу нәтижесінде 
жүзеге асады. Профессор Т. Қоңыров «...теңеу-көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері 
жинақталған, дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялардың бірі» 
[2,3]- деген ой қорытады. Теңеу, ең алдымен, адам санасымен, ойлау нәтижесімен тығыз 
байланысты. Әр ұлттың тілі мен діліндегі ұлттық ерекшелігі де осы теңеуден көрінеді. 
Тіліміздегі теңеулер халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның ойлау және танымдық қабілеті 
жөнінде бай мәлімет береді. 
Сайын Мұратбеков шығармаларында да тұрақты теңеулер көптеп кездеседі. 
«Негізінен, тұрақты теңеулер- фразеологизмдердің айрықша бір түрі болып есептеледі. 
Фразеологизмдері- жинақылықтың бір үлгісі» [3,67]. Тұрақты теңеудің басты қасиеті
салыстыру, ұқсату. Осындай сипатқа ие тұрақты теңеулерді жазушы шығармаларындағы 
мынандай мысалдардан байқауға болады: Көңіліне осы ой келгенде ұйқысы шайдай 
ашылып, үрейленіп біраз жатты (Алғашқы қар). Меселі қайтып қатты ыңғайсызданған 
Сұлтан өрттей боп қызарып, хатты қалтасына тықты (Алғашқы қар). Ал Әсия болса жат 
адамдай, үй ішінен ала бөлектеніп, көбіне үнсіз тұнжырап отырады да қояды (Махаббат). 
Тек анадай шетте, көшенің бұрышында ине-жіптен жаңа шыққандай тап-таза киінген қара 
костюмді жас жігіт тұр (Таңғы шық). Талабы таудай-ақ, шіркіннің! (Көктемгі егіс). 
Тілімізде қалыптасқан фразеологизмдердің көпшілігін қазақ тілінің төл туындысы деуге 
болады. Себебі тұрақты теңеулер-халықтың образды ойлау нәтижесінде қалыптасқан тілдік 
бірліктері. Сондықтан тұрақты теңеулерді ұлттық-мәдени мазмұнды білдіретін тілдік 
таңбалар деуімізге болады.

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling