Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 - «инновациялық жетілу» кезеңі: инновациялық үдеріс үздіксіз өтеді және білім беру мекемесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді [7]. Педагогикалық инновацияны талдаудың әртүрлі бағыттары арқылы жаңашылдықтың үш түрлі деңгейде жүзеге асырылуын қарастырамыз: - макродеңгейде (оның парадигмасының өзгеруіне әкелетін барлық білім беру жүйесіндегі өзгерістер); - мезодеңгейде (аймақтың білім беру ортасындағы, жекелеген оқу орындарындағы өзгерістер); - микродеңгейде (жаңа технологияларды, оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу немесе жаңа мазмұн құру). Қазіргі жаңартылған білім берудегі инновациялық үдерістердің күрделілігі мен алуан түрлілігі педагогикалық инновациялардың түрлі түрлерін талдауды талап етеді. Қазіргі заманғы педагогикалық әдебиеттерде білім беру ортасындағы инновацияларды жіктеудің бірнеше жолы бар. Атап айтқанда, педагогикалық үрдістің ішкі логикасына сүйене отырып Н.В. Бордовская және А.А. Реан инновациядарды төмендегідей бөледі: - білім беру мақсаттары мен мазмұнындағы инновациялар; - оқыту және тәрбиелеу үдерістерінің әдістері, құралдары мен технологияларындағы инновациялар; - ұйымдастырушылық формадағы оқыту және тәрбие жағдайындағы инновациялар; - әкімшілік, педагогтар және оқушылар қызметіндегі инновациялар [8]. Осыған байланысты, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тартуды болжайды. Ең алдымен оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру мазмұны анықталады, бұл ретте әрбір әзірлеушілер теориялық материалды барынша көбірек қамтуға тырысады. Жаңартылған білім беру стандарты білім беру салалары бойынша анықталатын және іс-әрекет аспектісін көрсететін күтілетін нәтижелерге негізделген, яғни оқушылар "біледі", "түсінеді","қолданады", "талдайды", "синтездейді","бағалайды". Ұстаздарды өз кәсібінде жаңаны жасаушы болуға ынталандырып қана қоймай, білім беру жағдайын рефлексациялауға қабілетті, соның негізінде өзінің табысты кәсіби мансабын құруға қабілетті педагог-шеберді құру қажет. Мұғалімнің кәсіби жетілуі – бұл кәсіби өсу және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында инновациялық педагогикалық тәжірибені игеруге және пайдалануға бағытталған кәсіби қызмет пен жеке белсенділікті жүзеге асыру нәтижесінде тұлғаның мақсатты дамуының үздіксіз процесі. Мұғалімнің кәсіби жетілу құрылымы келесі компоненттер арқылы анықталды: кәсіби білім- кәсіби жетілдіруді қалыптастырудың негізі ретінде; коммуникативті дағдылар - теориялық білімді практикада қолдана білу және дайындық; өзін – өзі жетілдіру дағдылары - инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу, игеру, бейімдеу және тарату. Инновациялық педагогикалық тәжірибені қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби жетілуі үш деңгейді бөлуді көздейді: бірінші деңгей – базалық (инновациялық педагогикалық қызметтің ұғымдық аппаратын меңгеру);екінші деңгей-қайта құру (педагогикалық инновацияны жүзеге асыруға өз педагогикалық қызметін бейімдеу); үшінші деңгей- креативті( инновациялық педагогикалық тәжірибені қолдану арқылы авторлық технологияларды әзірлеу). Инновациялық педагогикалық тәжірибені қолдана отырып, мұғалімнің кәсіби жетілдіруін қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру жүйесіндегі білім беру процесі: а) факторлар: сыртқы (біліктілікті арттыру жүйесін дамытудың перспективалық бағыттары) және ішкі (нақты инновациялық педагогикалық тәжірибені меңгерудегі мұғалімнің мақсатты ұстанымдары); |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling