Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet78/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
толық бір саны осы бронтотериді ғылыми сипаттап жазуға арналды (Mihlbachler et al., 
2004). Бұрын Қазақстан жерінде бронтотерийдің бірен- саран сүйектері тек Қарағанды 
маңында және Зайсан ойпатында табылған. Ақтау бронтотериінің, осы ерте кезде тіршілік 
еткен жануардың эволюциялық дамуын және оның ерекшеліктерін зерттеуде, маңызы зор. 
Одан басқа, осы жерден, бұрын тек Қытай жерінде ғана белгілі болған, бұдан 40 млн жыл 
бұрын тіршілік еткен, батпақ мүйзтұмсығының бір түрі – Sharamynodon сүйектері де 
табылды [13].
3 сурет а- бронтотеридің бір түрінің сырт пішіні және б- Ақтау бронтотериінің бас 
сүйегі 
Сонымен, Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің палеонтология 
ғылымында, ертеде тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктерді зерттеуде, алатын орны 
ерекше. Оның геологиялық зерттеулердегі маңызы да зор. Қалқан тауларындағы бор 
кезеңінің тұнбаларын және Қатутаудағы жанартау қалдықтарын есептемегенде,
Ақтаудағы 50 млн жылдан бергі геологиялық тұнба қабаттарының ретімен 
орналасу қалпының бір жерде сақталуы көрнекті жағдай. Бұл жер студенттер мен 
геология, палеонтология, тарих ғылымдарының жас мамандары үшін табиғый оқу құралы 
десек қателеспейміз. Биыл Астананың Евразия университетінің бір топ студенттері 
далалық практикада болған кезінде, оларды алып келген оқытушысы профессор 
А.Қ.Жаманғара Ақтауда ертеде тіршілік еткен керіктін өкше сүйегінің сынығын тауып 
алды. Ол басқада жануарлар сүйектерімен қатар Алтынемел мұражайында қойылады. Бұл 
жерге шет елден жылына жүздеген туристер келуде [15; 14].
Қазір тіршілік ететін жануарлардан, Қазақстан қызыл кітәбіне енген, сирек 
кездесетін және құрып кететін қаупі бар түрлеріде бар. Олардың ішінде қарақұйрық елігі 
(джайран) және жерсіндірілген құландар мен пржевальский жылқылары, тағы басқалар. 
Үлкен және Кіші Қалқан тауларының арасында орналасқан, жел қозғаған кезде гүрілдеген 
дауыс шығаратын, «айғайқұм» жер бетінде сирек кездесетін құбылыстардың бірі.
Қазіргі кезде, Алтынемел Мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің директоры 
Х.О.Баядилов пен Қ.И.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының 
профессоры С.А.Нигматованың бастауымен, осы жерде геологиялық парк ашу көзделіп 
отыр. Ол Қазақстандағы алғашқы «Геопарк» болмақ, және оның осы Алтынемел паркінің 
аймағында ашылуы ғылыми және туристік жағынан да өте орынды [16; 17; 18].
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Абдрахманова Л.Т., Байшашов Б.У., Костенко Н.Н. Новые данные по 
палеоентологии Джунгарского Актау (Юго Восточный Казахстан) // Вестника АН 
КазССР, 1989. № 3. С. 76-78. 
2. Бажанов В.С., Костенко Н.Н. Схема стратиграфии третичных отложении юго-
востока Казахстана и Севера Киргизии в свете палеонтологических данных // Материалы 
по истории фауны и флоры Казахстана. Алматы. 1958. Т.2. С. 5-16. 
3. Бажанов В.С., Костенко Н.Н. Геологический разрез Джунгарского Актау и его 


76
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling