Морф және морфонема. Морфонология бірліктері
Download 27.35 Kb.
|
ОСӨЖ 1 Қалдыбайқызы Н. КИЛ 2-курс
- Bu sahifa navigatsiya:
- (протеза)
- Пайдаланылған әдебиеттер https://prezi.com/wsrqouhd5x2r/presentation/frame=7b1625fb045f9fe9bd0fd64c7ede10476e351f11
- Қалыбаева А., Оралбаева Н.Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1986. – 192 б
«Морфонема» - морфонологияның морфонологияның ең кіші бірлігі. «Морфонема» ұғымын 1927 ж. ұсынған Х.Улашин оны фонеманың семасиологиялық-морфологиялық қызметі деп түсінген. Осы мағынада морфофонема термині А.Реформатскийдің «фонема», Р.Аванесовтің «фонемалық қатар», М.Пановтың «парадигма-фонема» терминдерімен ұштасады. Улашинмен қатар «морфофонема» терминін Н.С.Трубецкой да қолданған, бірақ оның анықтамасы өзгеше болатын: «Морфофонема екі не одан көп фонемалардың күрделі бейнесі, олар бір морфеманың ішінде бірі--бірінің орнын басуға қабілетті».
Прага лингвистері мектебінің фонологтары бұл анықтамаларға қарсы болды (Й.Вахек және т.б.). Морфологиялық бірігудің динамикалық үлгілерінде (А.А.3ализняк, В.Топоров,Д.Ворт, Халле, Т.М.Лайтнер және т.б.) морфофонема сөзтұлғаның морфологиялық деңгейіндегі бөлік ретінде қарастырылады. Ол графикалық немесе фонетикалық, кейде фонологиялық деңгейлерге қарсы қойылады. Морфонология – әртүрлі морфемалардың фонологиялық құрылысын және морфологиялық мақсатта фонологиялық ерекшеліктерін пайдалануды зерттейтін тіл білімінің саласы. Тар мағынасында – морфофонема бір морфтарының құрамындағы фонема түрлерін, яғни олардың альтернациясын (алмасуын) зерттейді. Кең мағынасын да – морфофонема нысанына мынадай зерттеулер жатады: 1) әр түрлі морфемалардың дыбыстық (фонологиялық) құрамы мен оларды ажырату тәсілдері; 2) тұлғада не сөзжасамда морфемалардың морфемалық жүйе құруы. Бір морфема құрамында алмасатын фонемалар морфонемалар деп аталады [4]. Морфонологияның жеке сала ретінде бірліктері болуы керек болса, А.Айғабылұлы морфонологияның жеке еншісіндегі ұғымдарды да атап көрсетеді. Бұрын фонетика саласында әңгіме болатын игерусіз өзгерістер, сөз құрылымының ықшамдалуы мен морфонологияда айтылып жүрген сөз құрылымының ұлғаюы – таза морфонология бірлігі, элизия, апокопа, гаплология, прокопа, метатеза, синкопа, қыстырма дыбыс, селбеспелі дыбыс, субморф дегендер морфонология ұғымдарын аңғартатын төл терминдер дейді. Морфонология тіліміздегі сөздердің түсіріліп айтылу мүмкіндігі бар мағынасыз бөлшектерін қарастырып, түсіріліп айтуға мүмкіндігі бар дыбыстардың сөз құрылымын ұлғайтуға себепкер болатынына назар аудартады. Мағынасыз бөлшектер сөз басында келуіне қарай қатар дыбыс (протеза), тұлға жігінде келуіне қарай қыстырма дыбыс, сөз соңында келуіне қарай селбеспелі дыбыс, мағыналы бөлшектерге (жұрнақ, жалғау) ұқсас келуіне қарай тұлғасын (субморф) болып төртке бөлінеді. Тұлға жігіндегі дауысты дыбыстар арасына осы дауысты дыбыстарды сақтауды ғана мақсат ететін мағынасыз қыстырма дыбыстар қойылады. Мысалы, зырылда+ық-зырылда/ы/қ – зырылда +/у/+ық . Ал ықшамдалған сөздер сөз басында, сөз ортасында, сөз соңындағы ықшамдалу деп үш топқа бөліп қарастырылған. Мысалы, бақыр – ақыр, торы ала – торала, орын + ы – орны, қайын іні – қайыныны – қайын, аға-іні – аға-й-ыны – ағайын, т.б. [2]. Пайдаланылған әдебиеттер https://prezi.com/wsrqouhd5x2r/presentation/?frame=7b1625fb045f9fe9bd0fd64c7ede10476e351f11 Қазақ морфонологиясының зерттелуі. Садуакас Н.А. https://www.rusnauka.com/3_ANR_2015/Philologia/7_186344.doc.htm Қалыбаева А., Оралбаева Н.Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1986. – 192 б А. Салқынбай., Е.Абакан Тіл әлемі. Лингвистикалық терминдердің анықтамалық сөздігі. – Алматы, 2009. https://dokumen.pub/15d8c5ecd52503060fa953110d0ef9e2.html Download 27.35 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling