Морф және морфонема. Морфонология бірліктері
Download 27.35 Kb.
|
ОСӨЖ 1 Қалдыбайқызы Н. КИЛ 2-курс
Түркологияда морфонологияға көңіл аударып, бірінші рет чуваш тілі материалы бойынша қалам тарткан И .П .Павлов болды. Ол өзінің "Қазіргі чуваш тілі морфонологиясының қысқаша очеркі” деген еңбегінде 1974 және 1975 жылдары бөліп жариялады. Ол морфонологияның зерттеу объектісі ретінде фонемалардың алмасу жайы, қыстырма фонемалар, морфтардың кірігуі (наложение), морфтардың сөздегі ықшамдалуы сияқты морфемалар арасында пайда болатын құбылыстарды алып қарастырады. Морфонологияның элементі ретінде ол морфонема, интерфонема ықшамданатын фонемаларды атады.1980 жылы В.И.Золохоевтың агглютинативті тілдердің морфонологиясына арналған енбегі жарық көрді. Ол сөздің фонологиялық құрылымы фонологияға, ал морфеманың фонологиялық құрылымы морфонологияға қатысты деп түсінді. Ол: “ Поскольку слово состоит из морфем, то, естественно, фонология слова включает в себя фонологию морфемы, т.е. морфонология является частью фонологии слова" — дейді. Ол морфонологияның міндетін үш мәселе төңірегінде жинақтады:1 ) морфемалардың фонемалық құрылымын анықтау; 2) морфемалардың өзара жалғасу жөніндегі дауыссыз дыбыстардың тіркесімінің нормасын анықтау; 3) фонемалардың алмасуы. 1982 жылы татар тілінің жоғары оқу орынына арналған бағдарламасында “морфонология” бөлімі беріледі. Оның авторы - М .З.Закиев. Морфонологияны морфемалардың фонологиялық құрылымы деп түсініп, морфонеманы алмасушы фонема ретінде қарастырады. Дәстүрлі дыбыс алмасу мен фонетикалық дыбыс алмасуды бөлмейді, бір-бірінен ажыратпайды. М.Закиев 1984 жылы “Советская тюркология" журналында, “Түркі морфонологиясы туралы” деген мақала жариялап, орыс тіл білімінде де, түркологияда да морфонологияның өз бағыт-бағдарын анықтайтын тұжырымның және негізгі единицасы — морфонема туралы ғалымдар арасында бірауызды пікірдің жоқтығын айтты.Қазақ тілінің маманы Н.Жүнісов диалектологиялық материалдар негізінде жазған, “Дауыстылардың қолданылу ерекшелігі” деген еңбегінде “Дауыстылардың фономорфологиялық өзгерісі’’ деген тақырыпшамен қосымшалардағы дауысты дыбыстардың бірсыпыра қолдану өзгешеліктеріне тоқталды. Ол дауыстылардың өзгеше қолданылуы деп жіктік жалғауларының құрамындағы дауысты дыбыстардың алмасуына әдеби тілдегі -мын, -мін, -пын, -пін, -сың, -сің болып қысаң дауыстымен (ы, і) айтылатын қосымшалардың қарақалпақ жұртымен аралас тұратын қазақтар тілінде -ман (-мен -ман), -саң (-сен , -саң) түрінде ашық дауыстымен ашылатыны; көмектес септігінің мен (бен, -пен) немесе -менен (-бенен, -пенен) түріңде дыбысталу нормасы жергілікті жерлерде -ман,-бан, -пан, -мынан, -бынан, -пынан, -манан, -банан түрінде кездесетінін; -рак (-рек) қосымшасының тезырақ, көбырақ, ертерақ, үлкеңірақ түрінде сингармонизмге бағынбай қолданылатынын жазды.Download 27.35 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling