Морф және морфонема. Морфонология бірліктері


Қазақ тілі мамандары ішінде морфонологияға көңіл аударып мақала жазған ( “ Языкознание”. Ташкент,1980) және кейінірек морфонологияның зерттеу объектісін анықтауға әрекет жасаған А.Қалыбаева болды


Download 27.35 Kb.
bet4/5
Sana08.10.2023
Hajmi27.35 Kb.
#1695322
1   2   3   4   5
Bog'liq
ОСӨЖ 1 Қалдыбайқызы Н. КИЛ 2-курс

Қазақ тілі мамандары ішінде морфонологияға көңіл аударып мақала жазған ( “ Языкознание”. Ташкент,1980) және кейінірек морфонологияның зерттеу объектісін анықтауға әрекет жасаған А.Қалыбаева болды.

А.Қалыбаева морфонологияның объектісі — “дыбыстар үндесуі” деп түсінді де, фонетикалық жағдай мен пайда болатын өзгерістерді морфонологияға жатқызды. Ол морфонологиялық құбылыстардың “жалаң түбірлер емес, жалғау, жұрнақты және біріккен т.б. күрделі тұлғалы, дәлірек айтқанда, екі-үш тағы-тағы морфемалардың қосындысынан тұратын сөздерде” кездесетінін айтты. А.Қалыбаеваның бұл пікірі М.З.Закиевпен сәйкес келеді.

А.Айғабылов фонетика мен морфонологиялық құбылыстарды бір-бірінен ажырата білу жөнінде төмендегідей мысалдарға назар аудартады. Тіліміз артикуляциялық базасының мүмкіндігінде жоқ сш,шс, нк,ақ, нг дыбыстар тіркесімі айтуда басшы /-башшы/, күшсіз /-күшсіз/, түнгі /түңгү/ өзгереді. Ал ек-ін /егін/, түп-і /түбі/, ақ-ыс /ағыс/ деген сөздердегі к, п, қ дыбыстарын ұяң г, б, ғ дыбыстарымен айтамыз. Бұл өзгерістер қазіргі қазақ тілі фонетикасы оқулықтарында кейінгі ықпал заңымен түсіндіріледі. Ал екі, апа, көпір, мықын деген сөздердегі к, п, қ неге ұяң дыбыстармен айтылмайды?! Ғалым «Егер қазақ тіліндегі ілгерінді ықпал, кейінді ықпал жолымен түсіндірілетін өзгерістерді артикуляциялық мүмкіндікке қатысты өзгеріс пе, әлде сөйлеу кезінде әр түрлі айтылу дағдысымен нормаға айналып кеткен өзгеріс пе деген сұраққа жауап алсақ, фонетика мен морфонологияның еншісін де бөлу қиын болмайды», - дейді.

М.Жүсіпұлы қазақ тілінің вокализм жүйесінде бір-ақ түрлі морфонологиялық алмасу бар екенін анықтады. Ол алмасу [ы, і] дауыстылардың ноль дыбыспен алмасуы, яғни бұл дауыстылар сөздің формасы өзгергенде «түсіп қалады», яғни дыбысталмайды. Алмасулар: ы/0, і/0 (ноль): ойын – ойна, қырық-қырқыншы, ерік-еркім, көрік-көркім.


Фонетика мәселелерін қарастыру барысында морфонология саланың қазақ тіл білімінде зерттелуіне ерекше үлес қосқан, морфонология жөнінде артына құнды ғылыми мұра қалдырған ғалым А.Айғабылұлы зерттеулерін басшылыққа аламыз. Морфонологияның зерттеу нысаны мен бірліктері, оның пайда болу жолдары т.б. жан-жақты зерттелуі фонетика мен морфология саласының да алға басуына игі ықпал етті, себебі бұл саладағы кейбір түсіндірілуі қиын құбылыстардың сыры ашыла түсті. Морфонология саласы кейінгі кезде одан әрі жаңа ізденістермен толыға түссе де, осы саланың зерттелуінің бастауында тұрған ғалым А.Айғабылұлы еңбектерінің маңызы зор деп білеміз [2]. 
Прага лингвистика ағымының өкілі В.Скаличка морфема терминіне көңіл бөліп: «Грамматика – белгілі тілдік жүйе, сондықтан оның кіші единицаларын табу қажет», - деді. Морфеманың грамматикалық қызметін нақты көрсету мақсатымен сема деген термин ұсынды. Л.Блумфильд осы атауға балама ретінде морф дегенді қосты.
Морфема дегенмен қатарластырып, морф терминін де қолданамыз. «Орыс грамматикасында» бір морфеманың бір, екі, көп морфтары болуын негіздеп, нақты объекті сөз болғанда, оны морф деп атайды. Осыдан келіп фонемалардан тұратын морфема емес, морфтар» деп тиянақтау енгізілді. Ал, морфема болса, морфтар жүйесін қамтитын жалпы атауға айналды. Мысалы, бар септігі өзбек тілінде –га деген жалғау, қазақ тілінде –ға, -ге, - қа, - ке, тәуелдеулі септеуде –а, -е және –на, -не деген осы 8-ді барыс септігінің морфемасы десек, олардың әрқайсысы сол морфеманың морфтары болып есептеледі [3].



Download 27.35 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling