Nukus davlat pedagogika instituti "kelishilgan"


Download 2.1 Mb.
Pdf ko'rish
bet193/196
Sana05.08.2023
Hajmi2.1 Mb.
#1665390
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
Bog'liq
Нукус ДПИ 2019 магистратура дастури

РОМАНТИЗМ-(роман деген сӛзден шыққан, яғни түпкi мағынасы 
ӛмiрдi кiтаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу)-әдебиеттегi, кӛркем 
ӛнердегi ӛмiрдiң жарқын, жағымды жақтарын кӛбiрек алып, кӛтере 
суреттейтiн кӛрекмдiк әдiс. Сондай-ақ осындай әдiстi қолданған, 
қалыптастырған әдеби ағым, әдеби бағыт деген мағынада да айтылады. Осы 
соңғы мағынасында романтизм белгiлi бiр дәуiрмен, сол кездегi әдеби 
процеспен, нақтылы ақын-жазушылардың творчествосымен байланысты 
алып қаралады да, нақтылы сипат алады. Ал кӛркем әдiс ретiнде алғанда 
романтизм әлде қайда кеңiнен мағына бередi. 
АДАПТАЦИЯ – (лат. adapto) бейiмдеймi- әдеби шығарманың белгiлi 
бiр ортаға әдетте дайындығы тӛмен оқырмандарға лайықталып, солардың 
қабылдауына бейiмделiп қайта жазылуы. Адаптация кӛбiнесе Шет тiлiн 
үйренудiң бастапқы сатысындағы текст әзiрлеуде қолданылады, мұндайда 
шығарма ықшамдалып тәржiмаланады да, түпнұсқасымен қатар берiледi. 
Бұл тәсiл балаларға күрделi шығармаларды ұғымды түрде таныстыру үшiн 
қолданылады. «Одессия» мен «Илиаданың» «Робинзон Курузосының» 
осылай жасалған нұсқасы бар. 
Соңғы кезде бейiмдеу тәсiлi қазақ әдебиетiнде де ұшырасып жүр. 
Айталық, «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Қобыланды батыр», эпосы қазақ, 


221 
орыс тiлдерiнде қарасӛзбен қысқаша қайта баяндалып, жеке басылым болып 
шықты. 
 
АНОГРАММА (грек. ана-қайта, gramma-әрiп) – Атау сӛз iшiндегi әрiп 
орнын алмастыру арқылы бүркеншек ат жасау. Мәселен, орыс жазушысы 
Х.Макентиннiң Антиох Кантемир деген псевдонимi болған.
АНАПЕСТ (грек. anapaisptos-соны сәулелеi) - кӛне дүние 
метрикасында қалыптасқан, орыс поэзиясында силлабо-тоникалық ӛлең 
жүйесiнде қолданылатын ӛлшемнiң бiрi, үш буынды ырғақтық ӛрнек. Екi 
екпiнсiз буынан соң үшiншi буын екпiндi болып келедi. (-). Ӛлең тармағында 
осы ӛрнек бiрнеше рет қайталанады. Лермонтовтың «Выхожу один я на 
дорогу» атты ӛлеңi осы ӛлшеммен жазылған. 
 
АНТОНИМ (қайшы сӛздер) (грек. anti- қарсы, onomo- атау) – бiрiне-
бiрi қайшы қарама-қарасы мағыналы сӛздер. Мысалы: ақ-қара, ерте-кеш
ескi-жаңа, арық-семiз.
АССОНАНС (лат. assono–үйлесiм) - ӛлең сӛзге дауысты дыбыстардың 
қайталануы. Мұның ӛзi суреткердiң шеберлiгiне тығыз байланысты. 
Орнымен үндескен сӛздер әдеби тiлдiң ӛрнек кестесiне әдемi ажар, айшық 
қосады. Мысалы: 
Еңсесi биiк ақ орда
Еңкейiп сәлем бер сана
Ернеулi жұқа сар аяқ, 
Ер сарқытын бер сана. (ЕрЕдiге

Download 2.1 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling