«orleu-tv. Kz» халықаралық pdf журнал. Куәлік № kz37vpy00015077


Download 387.64 Kb.
Pdf ko'rish
bet12/21
Sana02.06.2024
Hajmi387.64 Kb.
#1838712
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Bog'liq
orleutv-2023-17

 
 
 
 
 
 
 


«ORLEU-TV.KZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
22 
№ O00009 30.11.2023 ж 
 
МАМАНДЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ 
БАЙСЕИТОВА ГУЛЗИ БАЙСЕИТОВНА
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
N31 "Еркемай" бөбекжайы
Әдіскер 
 
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер,он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз,ал 
мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле»,-дейді халық даналығы. 
Өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие сіңіру,болашаққа жарқын бағыт-бағдар 
беру,келешекке кемел боларлық ақыл-парасат меңгерту аса жауапты іс екені 
мәлім.Сондықтан да жауапкершілік жүгі ауыр,осынау қажырлы іске бой ұрған 
әрбір маман қоғам арасында үлкен құрметке ие болатындай дәрежеге жетуі 
тиіс.Мен үшін де өмірдегі ең қастерлі,әрі қасиетті мамандық ол-
педагог.Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы,Баутин ауылында 2007 жылы 
халықтың сұранысы бойынша,140 орындық балабақша ашылды.Мен осы еңбек 
жолымды 2008 жылы «Ақбота» балабақшасында тәрбиеші болудан 
бастадым.Міне,содан бері 14 жылдан аса уақытым,сол болашақ ұрпақты 
тәрбиелеп,білім беретін тәрбиеші болдым.Қазіргі кезде әдіскермін. 
Тәрбиеші -жәй ғана мамандық емес,ол адам тағдырын жасаушы келешек 
ұрпақтың сәулетшісі.Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығы үлкен 
жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр.Бөбекжай жұмысы жауапты әрі 
қызықты 
жұмыс. 
Жауаптылығы 
сол-Отанның 
лайықты 
тұлғаларын 
қалыптастыруда ең алғаш темірқазық болатын -мектепке дейінгі мекеме. 
Қызықтылығы сол – жас бүлдіршіндермен араласып,олардың тәтті қылығынан 
туындайтын әр сөздері,олардың балаң көңілімен ұштасып шығатын,әр іс-
қимылын күнделікті көзбен көрудің өзі ғанибет. 
«Жол 
таңдауда 
жалтаңдауға 
болмайды»,-дегендей, 
әу 
баста 
ұлтымыздың,тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу 
жолын таңдағаныма еш өкінбеймін.Керісінше,ауыртпалығы мен жауапкершілігі 
мол осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып келе 
жатқанымды мақтан етемін.Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі 
не десек,ол-өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген ынтызарлық,әрі 
ыстық ықлас дер едім.Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген,қоғамдық ортадағы 
жауапкершілікті тереңнен сақтай алған,бір сөзбен айтқанда,өмірдің мәні адал, әрі 
мағыналы,жемісті, әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр 
адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі.Қалаған ісіңе шын 
көңіліңмен қарай білсең,өз орныңды тапқандығың! «Кәсібің-нәсібің»,-дейді 
қазақ даналығы. 


«ORLEU-TV.KZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
23 
Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы 
өмірлік несібеңді,абырой –беделіңді,қоғам алдындағы құрметіңді еселей аласың. 
Ал,тәрбиеші болу айтуға ғана оңай шаруа болғанымен,бұл мамандықтың қоғам 
үшін қаншалықты маңызы барын сол кәсіпті таңдағандар ,сол жолда еңбек етіп 
жүрген жандар жақсы түсінеді. 
Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса,елім 
дейтін бала қайдан болсын»,-деген екен.Бөбекжай тәрбиешілері қай кезеңде 
болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде.Бұл жолда 
үлкен ізденіс,шыдамдылық қажет.Ендеше,тәрбиешілердің әр күні ізденіспен 
ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.Тәуелсіз 
елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу-біздерге артылған аса жоғарғы 
міндет.Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады.Ендеше, 
олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.Баланы 
жастайынан 
еңбексүйгіштікке,шыдамдылыққа,ұқыптылыққа,белсенділікке 
тәрбиелеу үшін балаларға бар жағдайды жасай отырып,олармен жүргізілетін 
барлық 
іс-шаралардың 
дұрыс 
ұйымдастырылуына 
көмек 
беріп, 
қадағалап,бақылап отыру,әрине әдіскердің міндеті. 
Қиындығы мен қызығы,ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін 
осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым-үнемі жаңалыққа 
ұмтылып,алдағы қатардан көріну және алдымыздағы тәрбиелеп отырған 
тәрбиеленушілеріміздің бойынан көрінетін жақсылықты,талап пен талантты 
тауып,бұлақтың көзін ашу,биікке жетелеу,сондай ізденістер арқылы биік 
мақсаттарды орындау.Тәрбиеші болу-әр балаға екінші ана.Анадай мейірім мен 
қамқорлық таныту,аялы сөздермен ілтипат білдіріп,ізгіліктерге бағыттау, біздің 
күнделікті еңбегімізде өріліп жатыр.Сондықтан да тәрбиеші болу екінің бірінің 
қолынан келе бермейді.Өйткені,бала жанын терең сезінетін,өз ісін жан-жақты 
білетін,бүлдіршіндерді жан тәнімен сүйетін,балаларды бағалай білетін нағыз 
маманның қолынан ғана келетін іс деп білемін. 

Download 387.64 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling