O`zbеkistоn rеspublikаsi оliy vа o`rtа mахsus tа`lim vаzirligi tоshkеnt dаvlаt pеdаgоgikа univеrsitеti huzuridаgi pеdаgоgik kаdrlаrni qаytа tаyyorlаsh vа ulаrning mаlаkаsini оshirish tаrmоq mаrkаzi
Download 276 Kb.
|
Намазова Мұқаддас курс иши Т Айбергенов (1)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Курс жұмысының предметі
- Курс жұмысының әдісі
- Курс жұмысының практикалық маңызы
- Курс жұмысының құрылымы
- I.1. Төлеген Айбергенов поэзиясының тақырыптық ауқымы
Курс жұмысының нысаны: Ақынның поэзиялық туындылары. Өскелең ұрпақтың тәлім және тәрбиесі жолында амалға асырылып жатқан кең көлемдегі реформалар студент жастар психологиясында ғана емес, бүкіл қоғам өміріне жаңа, тың серпіліс алып келді. Тәуелсіздік себепті шығармашылық еркіндіктің келуі, әдебиет тарихының дамуына кең жол ашып берді. Сондықтан да бүгінгі талғампаз оқырмандар көңілінен шығарлық, туындылар жазу үшін қаламгерлер алдына жаңа міндеттер жүктелуде. Кешегі кеңестік идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта да, сыршыл да, ғаламат сезімге толы поэзиялық туындылар жазған ақындардың бірі, әрі бірегейі – Төлеген Айбергенов болатын.
Курс жұмысының предметі: Поэзия бар жерде өмір толастамайды. Әрбiр ақынның өмiрi – оның ақындық талантымен өлшенеді. Ақын өзiнiң өмiрбаянын өлеңмен де, қарасөзбен де жазып кетедi. Ақынның өмiрi – оның поэзиядағы орнын белгiлейтiн кездері де бар. Курс жұмысының әдісі: тақырыпқа тиісті зерттеу еңбектерді талдау, функцияналдық талдау, тілдік талдау, сатылай кешенді талдау, кейс.. Курс жұмысының жаңалығы: ақынның поэзиялық туындылары жаңа қырынан талдау жасалды, шығармаларының көркемдік ерекшелігі анықталды. Курс жұмысының практикалық маңызы: курс жұмысы, реферат, мақала, өзіндік жұмыстарды орындауда, лекция және семинар жаттығуларына дайындық көруде теориялық және практикалық маңызға ие. Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. I ТАРАУ. Т.АЙБЕРГЕНОВ – ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖҰЛДЫЗЫ. I.1. Төлеген Айбергенов поэзиясының тақырыптық ауқымы Поэзия бар жерде өмір толастамайды. Әрбiр ақынның өмiрi – оның ақындық талантымен өлшенеді. Ақын өзiнiң өмiрбаянын өлеңмен де, қарасөзбен де жазып кетедi. Ақынның өмiрi – оның поэзиядағы орнын белгiлейтiн кездері де бар. Қазақ әдебиетiнде жалындай өткен, аз ғана ғұмырында басын тауға да, тасқа да соғып, әдебиет пен өмiрдiң бұралаң жолында небiр қиындықтарға кездессе де мойымай, өмiрден аларын ала алмаса да, берерiн үйiп-төгiп берiп кеткендер де кездеседi. Қазақ топырағы отызға келмей ақ дүниемен қоштасқан аяулы да ардақты ақын ұлдары: Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бернияз Қүлеев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Жұматай Жақыпбаев, Кеңшiлiк Мырзабеков, Бауыржан Үсенов т.б. есiмдердi бiледi де, олардың талантына тәнтi болған күйде тарихына алтын әрiптермен есiмдерiн жазып қояды. Мiне, осындай бiрегей, бiртуар ақын – Төлеген Айбергенов едi. Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген.1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады. Әкесi Айберген – қарапайым еңбек адамы болса да, етi тiрi, заман ағымын жақсы болжайтын, парасатты кiсi болған. Айбергеннiң қыздары бiрнешеу болса да, ер баласы болмаған. Көпке дейiн ер баланы яғни ұлды армандаған отбасының арманы орындалып – үш қыздың артынан Төлеген дүниеге келедi. Ақынның анасы Жiбек те сұлу, сымбатты, ақыл-парасаты бар жан екен. Төлеген Айбергенов орта мектептi 1954 жылы жақсы бағаларға бiтiрiп шығады. Төлегеннiң өскен, туған елi Қоңырат – Қарақалпақстанның қазағы қөп, өзбек, қарақалпақ, түрiкмен ұлтымен қоян-қолтық араласып жатқан елi. Төлеген Айбергенов 1954 жылы Ташкенттiң Низами атындағы педагогикалық институтының қазақ тiлi және әдебиетi бөлiмiне келiп оқуға түседi. Төлеген Айбергенов педагогикалық институтта оқи жүрiп, сол кезде Қазақстанда шығатын газет-журналдарды аса асығыстықпен оқиды, оларда басылған қазақ ақындарының өлеңдерiн де қатты қызығып оқитын болған. Өз өлеңдерiн ғана емес, өзге ақындардың да өзi ұнатқан шығармалалын оқып, тез жаттап алу ұқыбына ие екендiгiн онымен замандастардың, бiлетiндердiң қөбi мойындайды. Институтта қазақ әдебиетi үйiрмесiнiң жұмысына да өте белсене араласады. Сол кезде Низами атындағы педагогикалық институтта белгiлi ғалымдар: Н.Базарбаев, Ә.Исабаев, Т.Айдаровтар дәрiс оқыған. Тұрап Айдаров тiл бiлiмiнiң белгiлi маманы, филология ғылымдарының докторы болып қана қоймастан, белгiлi ақын да едi. Оның бiрнеше өлеңдер кiтабы жарияланған, Төлегеннiң ақындық талантын танып, оны әдебиеттiң қыр-сырына үйреткен ұстаздарының бiрi – осы Тұрап Айдаров болады. Ақын 1959 жылы Ташкенттiң Низами атындағы педагогикалық институтын табысты бiтiрiп, өзiнiң бұдан екi жыл бұрын қосылған жары Үрнисамен туған өлкесi Қарақалпақстанға келедi. Алғашында ауыл мектебiнде екеуi де мұғалiм болып iстейдi. Кейiн Қоңырат қаласындағы Ордженкидзе атындағы орта мектепке ауысып, осы мектепте өз мамандығы бойынша сабақ бередi. Ақын 1962 жылы Қазақстанға жақындау, әдеби ортаға араласу ниетiмен Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қөшiп келедi. Осында кешкi мектептiң директоры қызметiн атқарады. Сарыағашта болған кезi Төлегеннiң болашағын белгiлеп бердi. Ол 1962 жылы өзiнiң тұңғыш жинағы «Арман-сапар» атты өлеңдер кiтабын жариялайды. Бұл жинаққа қазақ поэзиясының үлкен өкiлi Әбдiлда Тәжiбаев ақ батасын берiп, «сәт сапар» тiлейдi. Болашақта Төлегеннен қазақ поэзиясы үлкен жаңалықтар күтетiнiн айтады. Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 жылдары Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 жылдары Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор. 1965 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан бастап жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ, орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», Абай сүрлеуін салып, Алаштың болмысын адам баласына паш еткен қазақтың түпсіз тұңғиық жер асты суындай тұнық та, мөлдір поэзиясының саф таза сағыныш пен махаббатқа толы мекені - Айбергенов әлемі десек артық айтпаймыз. Айбергеновтің ай сәулелі жырлары жанымызды ізгілік пен мейірімге бөлеп, өмірді сүюге үндеп тұр. Айбергенов поэзиясының әсеріне елігіп, ақ жүректі ақынның егіле-төгіле жырлауына еліктеп өскен жыршылардың бірі - Мұхтар Шаханов. Талай шырғалаңға ұшыраса да Махамбет мінезді Төлегенше жазуға талпынған ақын. Ол өз сөзінде: «Төлеген Айбергенов, Шәмші Қалдаяқов үшеуміз ерекше достық қарым-қатынаста болдық. Анам марқұм 13 құрсақ көтерген, соның ішінде менен басқасы түгел о дүниелік болып кеткен. Неше балаңыз бар деп сұраған адамдарға: «Менің үш балам бар: үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – мына Мұхтар» – дейтін. "Шәмші де, Төлеген де анамды ерекше қадірлейтін"- деді. Мұхтар Шаханов Төлеген шығармаларынан нәр алып, ағалық ақылын тыңдап, қасында жүріп, көп нәрсені үйренген. Тіпті Төлегеннің мықтылығын мойындап, күллі қазақты таң қалдырған ақын деп, "Айбергенов шыңы" деген өлең шығарған. Бәйшешектің ғұмырындай тағдыркешкен мәрт батыр, Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр, Намысынды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл. Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп, Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр. Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен бала, Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана. Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала. Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты Толғандырған, таң қалдырған Махамбет пен Сен ғана. Адамдықсыз ақындық жоқ, тырмыссаң да жан сала, Жомарттықсыз тағы алысқа шабамын деп шаршама, Батырлығың қанша болса ақындығың соншама. Тіпті өзіңді сыйдырмаған даңқтың тар төріне, Мені бірге ап шыққың кеп арпалыстың қаншама. Заманының ыңғайына жүрмей кеткен, іңкәрім, Саф өнерде қызғанышты білмей өткен, іңкәрім, Иығына бүтін бешпет ілмей кеткен, іңкәрім Жер астынан сәлем жолдап жатырсың сен күн сайын, Қазағымның мандайына сыймай кеткен, сұңқарым. Не жақсылық болса алдымен елге болсын дегенсің, Сондықтан да сенің даңқың, сенің салтың көгерсін. Сайын далаң жырыңды еске ап күлкісін сәл шегерсін. Әр жүректе бұлтқа оранған қасиетті бір шың бар Ол - ақындық мәрттік шыңы, Айбергенов деген шың... Ұлт рухы қай кезде де қанаттыға астана, Айбергенов шыңын көрсең атыңнан түс, жас бала! Міне, екі ақынның өлеңдеріндегі, поэзиясындағы байланысты осыдан-ақ көруге болады. «Ақынның аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Шынайы талант – мәңгілік ғұмыр. Төлегеннің өмірден көшкеніне біраз уақыт өтсе де есімі елімен бірге келе жатуы соған дәлел. Оның өлең өлкесіндегі құс жолындай нұрлы соқпағы кейінгі толқын інілерге өшпес өнеге. Жастарды ақын мұралары қашанда қызықтырып, өзіне тартып тұрады. Қалың оқырман қауым Төлегеннің беймәлім күнделігі мен өлеңдерін өте жылы қабылдайды. Сол секілді Мұхтар Шаханов та әдебиет әлемінде есімі алтын әріппен қалатын ақын. Ақынның екiншi жинағы «Өмiрге саяхат» кiтабы 1965 жылы жарық қөредi. Бұл кезде де Төлеген жары Үрнисамен, балаларымен осында, Сарыағашта тұратын. Бұл өлеңдер жинағы оқушы қауымды бiрден елең еткiзген жаңалық болды, тiптi ақын-жазушылар қауымын да мойындатты деуге болады. Төлеген Айбергенов 1965 жылдың қүзiнде Алматы қаласына қоныс аударады. Ондағы мақсаты – ақындар ортасына, әдеби-мәдени қауымға жақын болу, бiржола творчестволық қызметке берiлу едi. Әрине, Алматы сияқты үлкен қалада ғұмыр кешiру оған оңай болмайды. Алматының өзiнде пәтер жалдап тұру, бала-шағаны асырау қиын болғандықтан, астананың iргесiнде Қаскелең қаласында жасайды. Бiрақ Төлегенге бiрден қызмет берiлмейдi. Ол тек өлеңдерiнiң қаламақысымен күн қөредi. 1967 жылы Жазушылар Одағына поэзия бойынша консультант болып жұмысқа орналасады. Сол жылдың тамыз айында жұмыс сапарымен туған жерi Қарақалпақстанға кетiп, осы сапардан қайтып оралмайды. Тамыздың 30 күнi талантты ақын Төлеген жаңа ғана отыз жасқа толған шағында бұл өмiрмен мәңгiге қоштасады. Ақынды туған халқы да, туған елi де қатты құрметтеп ақырғы сапарға шығарып салады. Нөкiс қаласының iргесiнде «Шорша» деп аталатын қойымшылыққа жерлейдi. Төлеген поэзиясы өз бойына лаулаған жiгер мен алғыр сезiмдi, сәулелi сезiм мен зымыран ойларды қатар сiңiрген поэзия. Сондықтан да оны поэзияны сүйетiн, танитын адам тебiренбей оқи алмайды. «Төлеген поэзиясының құдыретi ә дегеннен ақ шетке теуiп, жалпыға ортақ, әрi қажеттi симфонияның жолынан жаңылыспай ұстай бiлуiнде едi»-дейдi ақынның ең жақын қөретiн iнiсi әрi жан досы Мұхтар Шаханов. Төлеген Айбергенов өзiнiң ғана емес, өзгенiң табысына да қуана бiлетiн, жаны жайсаң жан болған. Газет-журналдардан жақсы өлең не жыр шумақтарын көрсе, дереу жаттап алатын, автормен қуанышын сырттай болса да тезiрек бөлiсуге асыққан. 1962 жылы жарық көрген тұңғышы «Арман сапар» мен 1965 жылы жарық қөрген екiншiсi –«Өмiрге саяхат». Ал ақын өз қолымен жариялай алмаған үшiншi жыр жинағы –«Құмдағы мұнаралар» 1968 жылы шыққанда, ақын арамызда жоқ едi. Алай да, алғашқы жинағымен ақ Абайы, Сұлтанмахмұты, Мағжаны, Ілиясы, Қасым Аманжоловы бар қазақ поэзиясының табалдырығын аттаған Төлеген Айбергенов «Өмiрге саяхатынан» кейiн ақ қалың жұртшылыққа өзгеше бiтiмдi ақын болып танылып, өзiндiк үнiмен, басқа шайырларға ұқсамайтын ерекшелiктерiмен, қайталанбас қол таңбасымен көзге түскен-дi. «Құмдағы мұнаралары» Айбергеновтың үлкен ақынға – суреткер, күрескер ақынға айналғанын дәлелдедi. Ол осыдан соң ақ күллi қазақ халқына мәлiм болып, миллиондармен тiлдесе бастаған болатын. Соның белгiсiндей ақынға 1974 жылы Республика Жастар сыйлығы берiлдi. Соның тағы бiр белгiсiндей – ақын шығармашылығының небiр толық, қайта басылымдары «Мен саған ғашық едiм» (1970), «Аманат» (1975), «Бiр тойым бар» (1981). «Таңдамалы» (1987) деген аттармен жарық қөрдi. Әрине, бұл Төлеген Айбергенов мұрасын ұмытпауға белгi. Алай да, оны халқы қалай қастерлейтiнi, лайықты бағалайтыны жыл сайын айқындалып келедi. 2007-жылы «Жан едi өлең үшiн дара туған» деген атпен Төлеген туралы естелiктер жинағы үлкен кiтап болып шықты. Бұл кiтапқа ақын туралы естелiктермен қоса, Төлегенге арнап жазылған өлеңдер, поэмалар т.б. қөркем туындылар да енгiзiлдi. Талантты ақын - ұлттың болмысы. Оның жырлары туған халқының өзiндiк нақышымен, қаны бойында ойнаған табиғи қасиетiмен қосыла өрiлiп жатады. Оның жырлары қай тiлде сөйлесе де, ұлттық бояумен үндеседi. Қазақтың талантты ақындарының жырларынан даланың кеңдiгi, сәбидiң пәктiгi, ұлт бойындағы даналық пен даралық есiп жататыны да сондықтан. Ендi бiз ақынның өлеңдерiндегi тақырыптық, идеялық – қөркемдiк табыстарына да тоқталып өту үшiн алдымен тақырыптың негiзгi анықтамасына жүгiнейiк. Профессор З.Ахметовтың авторлығында шыққан «Әдебиеттану терминдерi сөздiгiнде» тақырып былайша тұжырымдалады: «Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негiзгi арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары…Тақырыптың қандай қөркемдiк шешiм табатыны шығарманың идеясымен тығыз байланысты»2. Ақын Айбергенов бүгiнде тiрi болғанда сексен беске келер едi. Отыз жасында құйрықты жұлдыздай ағып өткен таланттың аз ғана ғұмырында өзгелердiң ұзақ жасаған дәуiрiнде айта алмағанын айтқызатын ерекшелiгi, мәрттiгi де бар. Ақынның «Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты, Мен өлемiн өзiмнiң биiгiмде» дейтiнi де сондықтан болар. Найзағай iспеттi жарқ-жұрқ етiп, жалындап өте шығу задында ақындар болмысына ғана тән. Бернияз Күлеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Төлеген Айбергеновтардың орда бұзар отызға орнығып үлгермей, жарқылдаған күйi мәңгiлiк поэзияға айналып кетуi осының бiр айғағы. Қысқа ғұмырында жыр әлемiндегi ескерткiшiн өздерi қашап кеткен таланттарға «алда айтатыны қөп едi» деп көңiл жұбатудың өзi асылық болар едi. Бiр жетсе, менiң ажалым жетедi, Адам қолы жасаған ұяттардан. Қалыңдығы осынау сияқты орман. Әйтпесе, пысықтыққа пысқырмайды, Мендегi қуатты арман. Бұл өлеңдi бiр ғана тақырыпқа телу қиын. Азаматтық тақырып па, қөңiл күйi лирикасы ма мейлi қайсысы болса да, ақын жерiне жеткiзе айтады. Мұнда тақырып пен идея, айтпақ ой жалғасып бiрiгiп кеткенi соншалық, дәл басып, дөп тауып мына тақырыпқа жазылған дей алмайсың. Бұл аса қанатты дарындарға тән ерекшелiктерден болса керек. Айбергенов әлемiнiң шексiз тазалығы мен кiршiксiз пәктiгiнiң қөрiнiсiне осылайша тағы бiр мәрте куә боласыз. Ақын жүрегiнiң нәзiктiгi сондай, «адам қолы жасаған ұяттарға» төзiмдiлiк жасай алмайды. Сондықтан да Айбергеновтің иелеген шыңы қазақ поэзиясында орны бөлек, оқшау тұр. Қазақтың қара өлеңiне бүкiл болмысын, ғұмырын арнаған Төлегеннiң поэзия жолындағы сапары шынында да өзi атағандай «ұзақ сапар», «досы түгiл дұшпаны» да сүйсiнiп оқиды ақын жырларын. Поэзия кеңiстiгiндегi қиындығы мен тауқыметi мол сапарда Айбергеновтің өз асуын аптықпай алғаны баршаға белгiлi. Ал, әу басында ақын өзiнiң жыр әлемiне деген ұмтылысын төмендегiше бастаған-ды. …Алдымда бозала таң, батпаған ай, Қаймағы алынбаған аппақ арай. Мен солай ағып барам Иә, қәдiмгi Найзағай шатырлайтын жаққа қарай. Ақын поэзия әлемiндегi алдан ататын арайлы таңға қарай «ағып өткенiмен» поэзия әлемiнде өмiршең өлеңдерiн қалдырды. Төлеген жырдың түндiгiн түрген сайын таңырқай бересiң. Жыр сандығындағы жиналған жауһар жырларға болған құштарлығың, ынтызарлығың арта түседi. Поэзия әлемiн жан-тәнiмен сүйетiн ақын ғана осылай толғанса керек. Жай айта салу емес, соңғы қос жолда Айбергеновтің поэзия кеңiстiгiндегi өзiндiк тәуекелi, керек десеңiз өмiрлiк кредосы орныққан. Ақын жырларының шоқтығы басқалардан биiктеп тұратыны да осы арпалыс ағыны, отты жырдың табанды тегеурiнi. Талантты ақын пасықтық пен пысықтықтың алдында әсте бүгежемектегенiн осыдан-ақ айқын аңғаруға болады. Жастарымыз үшiн де, жасамысымыз үшiн де танымдық, руханияттық мәнi зор, ерекше тақырыпты, адамбасылық тақырыпты қозғайтын дүние деп айта аламыз. Сенгендердi мен жерге қарата алман, Таң желi боп есемiн саратаннан. Мынау қысқа ғұмырды ғажап етiп, Тек адамға сенгендер жарата алған. Бұл жыр жақұтын iздеген жұртының, тектiлiктi ту еткен бабалар дәстүрiнiң биiгiнен қөрiнемiн деп ұмтылған ақиық ақынның өмiр жолындағы өзiндiк байламы едi. Сол байламның арқасында рухы биiк ақынның шыңына да өзiнiң «қысқа ғұмырын ғажап етiп» кеткендiгiн жыр қадiрiн бiлетiн түйсiгi бар оқырман жан-жақты бағамдай алса керек. Жалпы, Төлеген Айбергенов шығармашылығындағы ең арналы тақырып – кең мағынасындағы Туған жер, Атамекен мәселесi, соған деген перзенттiк ұлы сағыныш сезiмi. Ақынның көз көлемiне байтақ Қазақстан жерi тұтас болмысымен түгел сыйып кеткендей. Қасиеттi атамекеннiң талай-талай түпкiрлерiне аяғы жетпей кетсе де, ол шексiз де шетсiз Қазақстанды бiрегей қалпында бар дауысымен, асқақ рухты шабытпен жырлайды. Ақынның өзi қайтыс болған соң жарық қөрген кiтабы – «Құмдағы мұнаралар» Маңғыстау сапарының ұлы жемiсi. Ақындық арқаның шын қозуы, шабыттың арнадан аса шалқуы, қөкiрек қөрiгiнде балқыған ой-сезiмдердiң кесек-кесек жыр-толғауларға, циклдерге айналуы шын мәнiнде қазақ поэзиясындағы ерекше бiр құбылыс болды. Тың образдар, соны теңеулер, тосын ырғақтар, бiрде ерке, бiрде адуын келетiн саздар, сарындар. Мұның барлығы Төлеген Айбергеновтың ата жұртқа деген лапылдап жанған сағынышынан, шын перзенттiк аңсаудан туған теңiздей терең сезiмдерi. Көрсең ғой, шiркiн, бәрiн де көзбен көрсең ғой, Жатыр ау менiң жазира далам өлшенбей. Осынша сазбен ынтызар қылған аймаққа, Бiр әсем дария керек ақ екен дәл сендей. Қуаты керек мендегi асқақ арынның, Құдыретi керек Әбдiлдадағы дарынның. Бұл жолдар ұлы композитор Шәмшi Қалдаяқовқа арнаған «Сырласу»деген өлеңiнен алынды. «Құмдағы мұнаралардағы» төрт өлеңнен тұратын «Сағыныш» циклi Төлеген Айбергеновтың қазақ поэзиясы қорындағы мәңгiлiкке қалдырған асыл гауһары деп танимыз. Ал «Аруана бауыр дүние» тумыс бiтiмi мүлде бөлек, астары қалың, рухы биiк туынды. Және исi қазақы, ұлттық бояуы қанық, ежелде жыраулар толғаған түйдек-түйдек ой қөркемдiгiн бойына сiңiрген сүбелi сыйы. Қазақтың қалың елi тербетiлген тал бесiк. Шетте жүрген қазақтың көз салар құбыласы, мәңгiлiк Меккесi, мәңгiлiк сағынышы. Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап өлтiрiп, Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтiрiп. Жерiне тартып отырады екен моншақтап жасы боздаумен, Омырауын шерге толтырып. Төлеген толғауларындағы сағыныш сазына, сағыныш сырына терең бойлаған жан бұл жерде тек қана ақынның жеке бас тағдырға тайдай таңба басқан кешегi ел айырылған жылдардағы зар заман жаңғырығын аңғарған болар едi. Осы тұста Төлеген жырларына баға берген, заманымыздың заңғар жазушысы дәрежесiне қөтерiлген Әбiш Кекiлбаев «Төлеген сөз жоқ. дара талант… Т.Айбергенов шығармашылығы өлiмдi жеңiп шыққан өмiр шаттығының жыры», -деген. Мiне, нағыз баға, оған ақынның қай жырын алмайық, толық жауап бере алады. Қазiргi белгiлi қоғам қайраткерi, аса iрi ақын Мұхтар Шаханов Төлегеннiң не қиыншылық тартқан кезiнде де үнемi қасынан табылып. қолдан келген жақсылығын аямаған жан. Ақын қайтыс болғаннан соң да жары Үрнисаның қиналған сәтте Мұхтарға жүгiнуi және сол жүгiнiстi дереу қабыл алып, сол замат, қандай жағдай болмасын қасынан табылуы шынымен де нағыз достықтың символы емес пе? Мұхтар iнiсiне көзi тiрiсiнде ақ өзiнiң ырзалық пейiлiмен жазған жырлары да ақынның сол үмiтiн ақтағандай болып шығуы қөп жағдайдан хабар бередi. Бұған куә «Сағыныш» жыры. Сағындым, жаным, мен сенi, Қөркiңдi жүрген қуаныш қылып, Мендей ме екен бар ағаң. Шын iнiм болсаң, бас бұрма, жаным, Өсек-ғайбатқа бораған. Қажет жерiнде қатыгездiк пен қаталдық керек десек те, Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте,… дей келiп, ақын өз ықыласын әрi қарай адамзатқа қажеттi пәлсапаға ұластырады. Бұл жырдың басты тақырыбы ‒ философиялық тереңдiгiнде деп тануға болар едi. Үмiтке толы, арманға толы, әр жерде бiр түп қарағай, Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкiн жамырасуға да жарамай. Биiкте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған, Сенi мен менiң ғасырлап күткен сағынышымнан оянған… дейдi ақын. Download 276 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
ma'muriyatiga murojaat qiling