O`zbеkistоn rеspublikаsi оliy vа o`rtа mахsus tа`lim vаzirligi tоshkеnt dаvlаt pеdаgоgikа univеrsitеti huzuridаgi pеdаgоgik kаdrlаrni qаytа tаyyorlаsh vа ulаrning mаlаkаsini оshirish tаrmоq mаrkаzi
II. Тарау. Төлеген Айбергенов поэзиясындағы Қарақалпақстан тақырыбы
Download 276 Kb.
|
Намазова Мұқаддас курс иши Т Айбергенов (1)
II. Тарау. Төлеген Айбергенов поэзиясындағы Қарақалпақстан тақырыбы
II.1. Т.Айбергенов поэзиясында туған жер тақырыбының жырлануы Әжiнияз бен Бердақтай ұлы ақындарды дүниеге әкелген Қарақалпақстан – қашан да ел-халқының ой-арманын ақындық қуатымен асқақтата жырлаған дарынды тұлғаларға кенде емес. Төлеген Айбергенов те мiне, осындай айтулы, бiртуар тұлғалардың бірі еді. Қазiргi күнде ақын өлеңдерiн оның қөзiндей қөрiп, қастерлей де қадiрлей бiлетiн қауым Қарақалпақстанның қайсы аймағына барсаң да кездеседi, алдыңнан шығады. Төлегеннiң мұраларын қастерлеп, оның атын мәңгiлестiру бойынша да бұл өлкеде қыруар жұмыстар атқарылып келедi. Өзi туып өскен аудандағы бiр мектепке ақын есiмiнiң берiлуi – осының айғағы. Төлеген Айбергеновтің ақындығы, поэзиядағы орны, қазақ өлеңiне енгiзген жаңалықтары т.б. туралы қазiр кең де мол жазылуда. Әсiресе, ақынның туған жерi, оның табиғаты, тарихы мен мәдениетi, өткенi мен бүгiнi, тауы мен тасы, тұзы мен теңiзi туралы өлеңдерiн оқи отырып, оның тылсым табиғатқа тiл бiтiрiп, жан ендiретiн сыршыл да сезiмтал лирик екенiн мойындамасқа бола ма? Төлегеннiң «Қарауымбет», «Барса келмес», «Кегейлi», «Қоңыратқа», «Теңiз», « Көл», «Жақсылық жыры», «Үстiрт басында» т.с.с. өлеңдерi Қарақалпақстанның қайталанбас табиғатын алуан түрлi бояулармен құбылта да, құлпырта да өрнектеген туындылар. Сылдырап аққан бұлағы мен сыңсып ән салып жатқан орманы жоқ, ысқырған құмы, ысылдаған желi бет бақтырмайтын қатал табиғаттан Төлеген қайсарлық пен өжет, өршiлдiктi үйренген. Құмның сексеуiлi мен даланың жусанын дәл Төлегенше сөйлеткен ақын поэзиямызда некен саяқ шығар-ау. Он күн соққан дауылдан, Сексеуiлдер бүгiлмес. Он күн құйған жауыннан, Аяғыңа шық iлмес.,--десе, ендi бiрде, Жел соқса, күй шертедi құлағыңа, Ақ қыздың бiлегiндей сексеуiлдер,- тебiренедi. Қазақ поэзиясының қасиеттi топырағында өлең-жырдың құдыреттi өкiлдерi, ғұмырлы адамдары қөп. Солардың ғұмыры уақытпен, замана екпiнiмен де өлшенбейдi. Олар әр ұрпақпен, әр кезеңмен бiрге жасайды, бiрге қайғырады, бiрге қуанады. Әр кездiң ұрпақтары сол ғұмырлар қалдырып кеткен жүрек үнiне, жыр жолдарына үңiледi, сырласады. Алмағайып заманның шытырман да қайшылыққа толы сәттерiнде тұйыққа тiрелсе, шешiмiн таба алмаған құпиялардан бастары қатса, соның баршасына сезiмге толы шумақтардан жауап қарастырады. Сондай мәңгi ғұмырлардың бiрi – Төлеген Айбергенов болды деп, қазiр батыл айта аламыз. Жалпы, адамзат баласының дүниеде жасау жағдайына тiрек тұтқан, мақсат қылған, алға қойған асыл арманы болады. Былайынша айтсақ, өмiр дегенiмiздiң өзi де сол биiк армандардың орындалуы. Адамды мақсат пен арман ғана алға жетелейдi. Армансыз жан –қанатсыз құс сияқты межелi жерiне жетер-жетпесi неғайбiл. Сондықтан да халық бiртуар талантты ұлдарын қадiрлеп өткен, пiр тұтқан. Олардың есiмдерiн мәңгi естерiнде ұстаған, таланттарына бастарын иген. Төлеген Айбергенов поэзиясында туысқан қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрiкмен халықтарының салт-дәстүрi, қонақжайлылығы, табиғаты туралы тебiренiп жырлаған өлеңдер өте мол ұшырайды. Ақынның «Түркiстан дәптерiнен», «Арал толқындарына», «Қарақалпақ жырлары», «Әмудария жырлары», «Кегейлi дәптерiнен» атты топтама жырлары бүгiн бiздер сөз қылып жүрген Түркiстан халықтарының достығын, Арал теңiзiнiң толып-тасып тұрған шақтарын жырлайды. Төлегеннiң туып өскен елi, оның табиғаты мен жерi жайындағы жырларын кiм де болса тебiренбей оқуы мүмкiн емес. Өлеңде ежелгi Түркiстан халықтары, олардың қөрген қиыншылықтары, халықтар арасындағы татулық, достық шалқыған бейнеде жырланады. Ақын Қарақалпақ жерiнде дүниеге қөзiн ашып, сол жерде ержетiп кемелiне келдi. Ол көзi жұмылғанша туған жерiнен қол үзбедi, оны үлкен махаббатпен жырлай бердi. Ақынның туған жерiне арналған өлеңдерiнде оның сағынышты мұңдары өте керемет сезiммен айтылады, оқи отырып сүйсiнесiң де, елтесiң де. Оның туған жерге деген сүйiспендiгiнiң күшi мына жолдардан да тағы бiр мәрте анық танылғандай: Қалайша, арман саған елтiмесiн, Дауысын қазды аспанның келтiресi. Қайтпасам болмайды ендi Алматыма Сен менi өртей-өртей өлтiресiң. Төлеген ақын жырлаған Қарауымбет тұз кенi, Үстiрт, Қаратау ақынның болжағанындай бүгiн Республикамыздың мақтанышы, кен байлықтарының ордасы болып отыр. Халқымыз оларды игерiп, ел қәдесiне жаратуда. «Барса келмес» деген атаулар Қарақалпақстанда да, Қазақстан жерiнде де қөп кездеседi. Бiр ғажабы тылсым сырлы болған, адамдары өз дәуiрiнде оның жұмбақ құпиясын аша алмаған өңiрлерге «Барсакелмес» деп ат қойған тәрiздi. Арал теңiзiнiң Өзбекстан мен Қазақстанның шекарасында «Барсакелмес» деген үлкен арал болғаны, оның мемлекеттiк маңызы бар қорыққа айналғаны, сирек кездесетiн құлан, жейран, киiк т.б. жануарларды алаңсыз өсiретiн мекен болғаны, бiрақ Аралдың тартылуына, құрғап кетуiне байланысты бұл өңiр де, оның атағы мен қорығы да бiрте-бiрте қөзден де, қөңiлден де ғайып болғаны қандай аянышты едi. Ақын атының өзi үрей туғызатын мекен туралы өлеңiнде асқан жылылықпен жыр болып төгiледi. Туған жерге деген махаббаттың да, ақындық қуат пен пейзаждық лириканың шынайы күшi де осында емес пе? Төлегеннiң «Сағыныш толқындарында» жүзiп жүрiп жазған лирикасы «Бiр тойым бар» атты қөпке танымал жыры. Бұл оның ақындық өмiрiне эпиграф етiп алуға татырлық шедевр дүние. Мұнда ақынның өмiрге деген махаббатының ең бiр кульминациясы, шарықтау шегi тұрғандай. Өлең ақынның тiршiлiкке, өмiрге деген сондай құштарлығын көкке көтере жырлайды. Ақынның өзi «Мен өлемiн өзiмнiң биiгiмде» десе, бұл өлең Төлегеннiң шырқау биiгiндей сезiледi: Қыз қуатын жiгiтке ат беремiн. Жанам деген жүрекке от беремiн Мен әйтеуiр бар-жиған тергенiмдi, Бiр тамаша той қылып өткеремiн. Бұл жолдар ақиық ақын Мұқағалидың да: Бәрiңiзге бiр той жасап берер ем, Жаратқанның жарытпай бiр қойғаны ай, - деген жолдарын еске түсiредi. Мұқағалида сезiм мұңдылау берiлсе, элегия басым жатса, Төлегенде мүлде басқа қырынан берiлген. Шынында, нағыз ақын ақпа-төкпе, ағыл-тегiл жасауды, шашуды да, берудi де қөбiрек күйттейдi емес пе?!. Салқын қанды, ойлы өлеңдерiнде ақын Қадыр Мырзалиев та осы жайлы жыр өрнектейдi. Қадырда: Қазақ осы бар дүниесiн өмiрде, Ағыл-тегiл шашу үшiн жинайтын, - деген қатарлар да әрiптестерiнiң жыр жолдарымен үндес шығатыны – ақындарға тән мырзалық пен халқымыздың қанына сiңген сақылық деп таныған дұрыс. Төлеген Айбергенов өлеңдерiнде Қарақалпақ өлкесiнiң бұл қүнде арманына айналып бара жатқан Арал теңiзi туралы да қөбiрек сыр шертiледi. Кейде Төлегеннiң Төлеген болуына туған елiнiң осыншама сырлы да әсем табиғаты себеп болған шығар деп ойлайсың. «Арал жырлары» деп аталатын өлеңдер циклiндегi теңiздi сөзбен суреттеуiн қарайықшы: Теңiзге мынау қарашы, Жетпейдi қөздiң шарасы. Кеткендей боп тұр астасып, Аспан мен жердiң арасы. Әттең, осы тұста ерiксiз ой мазалайды. Аспан мен жердiң арасы астасып кеткендей қөз шарасы жетпеген, шетi мен шегi жоқ, кiнә, кек дегендi бiлмей бүршiктенген бақыт, сан мұраттың ордасы болған, қайғы-қасiрет дегендi бiлмей, айтары тек өсиет болған сол көк теңiздiң бұл күнде тек жұрнағы қалғанын Төлеген қөрсе қайтер едi ?! Ақын жаны бұған қалай төзер едi деп ойланасың. Аралдың қайырда қалған кемелерiн, сусыз, шөлдеп, тiрi мүрдеге айналғанын қөргенде Төлегеннiң туған жерiм деп аласұра соққан титтей жүрегi мұндай жоғалтуды қөтере алмай қалар ма едi, қайтер едi? Ақын Төлеген Айбергенов - қайда жүрсе де туған жерiн әсте ұмытпаған азамат. Ол өзiнiң туған жерi Қарақалпақстан жерiнiң мәртебесiн өз мәртебесiнен биiк қойды. Сондықтан да болар, «Туған жер» атты өлеңiнде: Жауыңды кескiлермiн де, Қас етпен ешкiмдi ешкiммен. Бағың боп естiлермiн де, Сорың боп естiлмеспiн мен,- деп ақиқат сырын айтады. Сондықтан да Төлеген Айбергенов тек қазақ поэзиясының алып тұлғалы ақыны ғана болып қалмастан, ол сонымен бiрге қарақалпақ халқының да сүйiктi ақыны болып саналады. Ол өзi жырлағандай туған жерiнiң өшпес бағы, мәңгi мақтанышы болып қалды. Мұхтар Шахановтың мына өлең жолдарымен Төлеген туралы негiзгi пiкiрiмiздi аяқтамақпыз. Заманының ыңғайына жүрмей кеткен, iңкәрiм, Иығына бүтiн пешпент iлмей кеткен, iңкәрiм. Жер астынан сәлем жолдап жатарсың сен күн сайын, Қазағымның маңдайына сыймай кеткен, сұңқарым.. Айбергенов туралы бұдан асырып айту қиын. Егер де жырдағы жұлдыз Төлеген тiрi болғанда, оның алпыс, жетпiс жастары да өзiмен бiрге аталып өтер едi. «Бiр тойым болатыны сөзсiз менiң» деп басталатын халыққа мәшһүр өлеңiнде арман еткен айтулы күнге ақын жете алмады. Алай да ол өзiнiң өлең өлкесiндегi салтанатының «мәңгiлiк тарқамауы мүмкiн оның» дегенi қазiр шындыққа айналды. Жер бетiнде қазақ деген ел барда, қазақ тiлi мен жыры барда поэзия жұлдызы Төлеген Айбергеновтың өлең тойы мәңгi тарқамайтыны анық. Қорыта айтқанда, Төлеген Айбергенов поэзиясы, оның туған елi Қарақалпақстан, оның табиғаты, адамдары мен байлығы туралы туындылары өзiнiң қайталанбас еркшелiгiмен, нақыш-бояуларымен ажыралып тұрады, бұл тақырыпты бұдан әрi де тереңiрек зерттеу, әсiресе, Т.Айбергенов шығармашылығының қарақалпақ поэзиясымен байланысын аша түсу қажет деп есептейміз. Төлеген Айбергенов поэзиясында туысқан өзбек, қарақалпақ, түрiкмен, қырғыз халықтарының салт-дәстүрi, қонақжайлылығы, табиғаты туралы тебiренiп жырлаған өлеңдер өте мол ұшырайды. Ақынның «Түркiстан дәптерiнен», «Арал толқындарына», «Қарақалпақ жырлары», «Әмудария жырлары», «Кегейлi дәптерiнен» атты топтама жырлары бүгiн бiздер сөз қылып жүрген Түркiстан халықтарының достығын, Арал теңiзiнiң толып-тасып тұрған шақтарын жырлайды. Төлегеннiң туып өскен елi, оның табиғаты мен жерi жайындағы жырларын кiм де болса тебiренбей оқуы мүмкiн емес. Ақын Қарақалпақ жерiнде дүниеге көзiн ашып, сол жерде ержетiп кемелiне келдi. Ол көзi жұмылғанша туған жерiнен қол үзбедi, оны үлкен махаббатпен жырлай білдi. Ақынның туған жерiне арналған өлеңдерiнде оның сағынышты мұңдары өте керемет сезiммен айтылады, оқи отырып сүйсiнесiң де, елтесiң де. Оның туған жерге деген сүйiспеншілігін мына жолдардан да тағы бiр танығандаймыз: Қалайша, арман саған елтiмесiн, Дауысын қазды аспанның келтiресiн. Қайтпасам болмайды ендi Алматыма Сен менi өртей-өртей өлтiресiң. Төлеген жырлаған Қарауымбет тұз кенi, Үстiрт, Қаратау - ақынның болжағанындай бүгiн Республикамыздың мақтанышы, кен байлықтарының ордасы болып отыр. Халқымыз оларды игерiп, ел қәдесiне жаратуда. «Барса келмес» деген атаулар Қарақалпақстанда да, Қазақстан жерiнде де қөп кездеседi. Бiр ғажабы тылсым сырлы болған, адамдары өз дәуiрiнде оның жұмбақ құпиясын аша алмаған өңiрлерге «Барсакелмес» деп ат қойған тәрiздi. Арал теңiзiнiң Өзбекстан мен Қазақстанның шекарасында «Барсакелмес» деген үлкен арал болғаны, оның мемлекеттiк маңызы бар қорыққа айналғаны, сирек кездесетiн құлан, жейран, киiк т.б. жануарларды алаңсыз өсiретiн мекен болғаны, бiрақ Аралдың тартылуына, құрғап кетуiне байланысты бұл өңiр де, оның атағы мен қорығы да бiрте-бiрте қөзден де, қөңiлден де ғайып болғаны қандай аянышты. Download 276 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling