Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Дидактиканың негізгі категориялары


Download 1.31 Mb.
bet24/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Дидактиканың негізгі категориялары: оқыту, оқу, білім беру, сабақ жүргізу, ілім үйрену, білім, іскерлік, дағды, сондай-ақ оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, методтары, тәсілдері, нәтижесі. Соңғы кезде дидактика-ның категориялары қатарына дидактикалық система және оқыту техноло-гиясы деген түсініктер енгізілді. Сонымен, дидактика оқыту мен білім беру, олардың мақсаты, мазмұны, методтары, тәсілдері, ұйымдастыры-луы, нәтижелері туралы ғылым.
Сабақ жүргізу (преподавание) – оқытудың мақсатын іске асыратын оқытушының қызметі. Бұл процесте хабар беру, тәрбиелеу, білімді түсіндіру мен іс жүзінде қолдау амалға асырылады.
Оқу (учение) – білім, дағды және іскерліктерді меңгеру npoцeci болып, оқушылардың мінез-құлқына, сана-ceзімінe, қызметіне әсер етеді және олар-дың дамуын қамтамасыз етеді.
Оқыту (обучение) – алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасы.
Мағлұмат (образование) – оқушылардың оқыту процесінде алған бі-лімдер, дағдылар, іскерліктер және ойлау қабілеттерінің системасы.
Білім – бұл оқушылардың санасында белгілі бір системада берік сақта-лынған, олардың жеке меншігіне айналған және бұдан қажетіне қарай пайда-лана алатын фактілер, мәліметтер, ғылыми теориялар, заңдар және түсініктер.
Іскерлік – шәкірт алған білімдерін саналы түрде іс жүзінде қолдана алатын әрекеттері.
Дағды – автоматтандырылған әрекеттер, яғни іс-әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі.
Мақсат (оқу, білімдiлiк) – бiрдемеге ұмтылу, оқытудың оған келешекте өзін жетiлдiре отырып ұмтылуы.
Мазмұн (oқыту, білім беру) – оқыту процесінде оқушылардың меңгеруi керек болған ғылыми білімдер, дағдылар мен iскерлiктер, қызмет және ойлау тәсілдерiнің системасы.
Ұйымдастыру – белгілі бір критерийлер негізiнде дидактикалық процес-ті тәртiпке келтiру, оған қойылған мақсатты іске асыру үшін қажетті фор-маны беру.
Форма (латын сөзі «forma» дан алынған сыртқы бейне) – оқу проце-сінің сыртқы жағын, оқушылардың санын, өтетін уақыты мен жерін көрсе-теді

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling