Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Педагогикалық процестің заңдылықтары мен прин-циптері


Download 1.31 Mb.
bet21/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

1.5.2. Педагогикалық процестің заңдылықтары мен прин-циптері.
Педагогикалық процестің заңдылықтары деп осы процестің құбы-лыстары, бөлек жақтары арасындағы объективті түрде қайталанатын, тұрақ-ты, маңызды байланыстарға айтылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтар Ю.К.Ба-банский, И.Я.Лернер, И.Ф.Харламов сияқты ғалымдардың еңбектерінде кең көлемде баяндалған. Осы ғалымдардың еңбектерінде көрсетілгендей, педагогикалық процестің заңдылықтары деп мыналарды айтамыз:
1. Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтажына және экономикалық-әлеумет-тік жағдайына байланысты жүзеге асу заңдылығы.
2. Тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бipлігінің заңдылықтары.
4. Тәрбие мен оқыту іс-әрекетінде қарым-қатынастың шешуші ролі заң- дылықтары.
5. Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін
есепке алу заңдылықтары.
6. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылықтары.
7. Педагогикалық процесс міндеттерінің, формаларының және методта-рының өзара байланыс заңдылықтары.
Егер педагогикалық процестің міндеттері, мазмұны, формалары, метод-тары тұтас логикалық тізбек құрса, онда, қарастырылып отырған байланыс заңдылығы ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді
Жоғарыда айтылған заңдылықтар тәрбие жұмысы тәжірибеде қалай ұйымдастырылуы тиіс екенін көрсетеді
Оқыту мен тәрбиеге қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін педагогикалық процестің принциптері деп атайды. Олар төмендегілер:
1. Педагогикалық процестің мақсатылық принципі
2. Мектептің өмірмен байланысты болу принципі
3. Оқыту мен тәрбие мазмұнының ғылымилық принципі
4. Білім мен тәрбиенің шамаға лайықтылығы, оқушылардың жас және
дара ерекшеліктерін есепке алу принципі.
5.Саналылық және белсенділік принципі
6. Жүйелілік және бірізділік принципі
7. Көрнекілік принципі.
8.Тәрбие мен оқытудың коллективтік сипатта болу принципі.
9. Баланың жеке басына құрметті талап қоюмен ұштастыру принципі.
10. Оқыту мен тәрбие методтары, формасы және тәсілдерінің оптимал варианттарын таңдау принципі.
11. Білім беру, тәрбиелеу және даму нәтижелерінің тиянақты, түсінікті, әрекетте болу принципі.
12.Тәрбиеге комплексті ықпал ету принципі.
Педагогикалық процестің бұл принциптері Ю.К.Бабанский бойынша алынған.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling