Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Балалардың жас және дара ерекшеліктері


Download 1.31 Mb.
bet18/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

1.4.3. Балалардың жас және дара ерекшеліктері.
Балаларға тәлім-тәрбие беру ісiнің табысты болуы олардың жас және дара ерекшеліктерін дұрыс біліп, өмірiн, іс-әрекетiн ұйымдастыруда оны басшылыққа алуына байланысты. Себебi баланың өcyi, дамуы, рухани жағы-нан жетілуі әр түрлі жаста түрліше болады. Оқытушы балалардың жас және дара ерекшеліктерiн өте жақсы білуi керек.
Медицина және педагогикалық-психологиялық ғылым балалардың жас
кезеңдерiн төмендегіше топтастырады:
1. Нәрестелiк туылғаннан 1 жасқа дейiн.
2. Сәбилiк 1 жастан 3 жасқа дейін.
3. Мектеп жасына дейiнгi кезең 3 жастан 6-7 жасқа дейін.
4. Мектеп кезеңі 6-7 жастан 17-18 жасқа дейiн.
Мектеп кезеңінің өзін үш топқа бөліп қараймыз:
1. 6-7 жастан 11 жасқа дейiн (I-IV кл.) бастауыш мектеп жасы (балалар);
2. 11-ден 15 жасқа дейiн (V-VIII кл.) орта кластардағы мектеп жасы (жеткiн-шектер);
3. 15-тен 17-18 жасқа дейiн (IX кл., академиялық лицей және кәсіптік коллеж) жоғары класс оқушыларының жасы (жасөспірімдер, жiгіттер мен қыздар).
Мектепте оқу кезеңі адамның өміріндегi бүтіндей бiр дәуір. Ол дәуір аса қажетті де елеулi дәуір. Бұл дәуір оның адам бола бастау кезеңі.
Жастары бірдей болғанымен, оқушылардың өсіп-жетілуi бірдей емес. Олардың біреулері ұзын бойлы, мықты, дені сау болса, ал екіншілері нәзік, аласа, аурушыл болады. Бiреулерi айтқанды, түсіндіргенді тез ұғып алса, екін-шілері баяу ұғады.
Жетi жастағы оқушы мен он жетi жастағы оқушының түр-тұлғасы, қи-мыл-әрекетi, мінез-құлқы тарапынан да айырмашылық бар.
Оқушылардың осындай жеке дара және жас ерекшеліктері өте байқал-ғыш. Бастауыш класс оқушыларына тән жалпы белгілер: бойлары орташа 120 см, салмағы орташа 22 кг, миының дамуы негiзiнен аяқталады, тез бай-қағыш, есте сақтауы, зейiнi ырықсыз, эмоционал, өнердің бiр түріне қызық-қыш, жолдастық қарым-қатынасқа тез кірісіп, тез тоқтайды, сенiмі күшті, дербестігі әлі аз.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling