Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Әлеуметтік орта және жеке адам. Жеке адам дамуы-ның әлеуметтік мәні


Download 1.31 Mb.
bet16/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

1.4.1. Әлеуметтік орта және жеке адам. Жеке адам дамуы-ның әлеуметтік мәні.
Адам дамуы өте күрделi процесс. Баланың бүкіл өмірiндe оның даму процесі жүреді. Адамның дамуы – бұл оның дене күші мен психикасының сан жағынан және сапалық өзгерiстерге ұшырауына айтылады. Дене күштері өзгерістеріне сүйек және бұлшық ет системасының, ішкі органдарының, нерв системаларының өсуі мен дамуы жатады. Психикалық өзгерістерге ақыл-ойы-ның дамуы, сөз байлығы мен сөйлеуiнің дамуы, жеке басының қалыптасуы жатады.
Қызметтің бір түрімен шұғылдану да (ойын, оқу, еңбек т.б.) дамудың белгісі.
Мораль, әлеуметтік мораль заңдылықтарына мойынұсыну, коллективте істей алу да бала дамуының белгісі.
Бала дамуындағы бұл процестер сыртқы әсер етудің де, ішкі күштердің де ықпалымен өтіп жатады. Сыртқы әсерлерге қоғамның материалдық өмірi-нің жағдайлары баланы қоршаған табиғи және әлеуметтiк орта мен оның қоғам өмірiне қатынасуы, яғни тәрбиесi үшін қажетті сапаларды балаға да-рыту жөніндегi адамның арнаулы мақсат көздеген қызметі жатады.
Барлық сыртқы әсерлер адамның iшкi жағдайларына тәуелді болады. Сондықтан да бiркелкi орта мен тәрбие жағдайында, адамдар әртүрлі дара ерекшеліктерге ие болып жетіледі. Адамның ішкі жағдайы дегенiмiз әр балаға тән нерв системасы дамуының типі мен дәрежесі, дене күші дамуы-ның ерекшеліктері.
Сыртқы күштер мен ықпалдарға адам организмiнің елең ету процесiнде ішкі қайшылықтар үнемі туады. Бұл ескі мен жаңадан қалыптасып келе жат-қан салалардың арасындағы қайшылықтар. Сондықтан бала психикасы бiр кезеңнен екiншi кезеңге өткенде сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да өз-герістерге ұшырайды.
Бұл қайшылықтар адам дамуының басты қозғаушы күші болып табыла-ды. Tipi организм үздіксіз өзгерiп отыратын қоршаған ортасына бейiмделу-мен болады. Бұл адам миының қыртысында барған сайын үсті-үстіне жаңа байланыстардың түзілуінен көрінеді.
И.П. Павловтың ілімiне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв процестерінің және қоршаған ортаның адамға үздіксіз көрсетiп отырған сыртқы ықпалда-рының өзара әрекеттестiгi.
Сонымен, жеке адам дегенiмiз белгілі бiр туа біткен қасиеттердің және қоршаған ортаға араласудың ықпалы арқылы оның бойында болып жатқан өзгерiстердің сапасы, осы екі әрекеттің қоспасы болып табылады.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling