Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Адам дамуында тұқым қуалаушылық, орта және тәрбиенің алатын орны


Download 1.31 Mb.
bet17/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

1.4.2. Адам дамуында тұқым қуалаушылық, орта және тәрбиенің алатын орны.
Баланың дамуына үш негізгі фактор әсер етеді, олар: тұқым қуалаушы-лық (ішкі жағдай), орта және тәрбие (сыртқы жағдай).
Бұл үшеуінің өзара байланысы, әсері, қарым-қатынасы, қайсысының же- текші болып шығатындығының зор ғылыми және практикалық маңызы бар.
Ұрпақ бойында ата-анаға биологиялық ұқсастықтың мол болуы тұқым қуалаушылық деп түсіндіріледі. Мысалы, баланың әкесіне яки шешесіне ұқсастығы, шашы, көзі, тepісі, жүpісі, өзін ұстауы, сөзі.
Нерв системасының кейбір ерекшелігі де тұқым қуалауға жатады, осы-ның негізінде қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі нәтижесінде жоғары нерв қызметінің белгілі бір типі дамиды (холерик, сангвиник, флегматик, мелан-холик).
Педагогика баланың дамуында тұқым қуалаушылықтың ықпалын мой-ындаса да, бірақ ол дамуда негізгі анықтаушы роль атқармайды деп есептей-ді.
Баланың дамуында едәуір ықпал өтетін екінші бір фактор бұл орта. Орта деп стихиялы түрде балаға ықпал өтетін әр қилы сыртқы құбылыстар-дың жиынтығына айтылады. Орта үй-ішілік, географиялық, әлеуметтік бо-лып бөлінеді.
Үй-ішілік ортаға баланың семьясы, ауласы, көшесі, т.б. жатады. Геогра-фиялық ортаға климат, жасайтын жері, ол жердің географиялық жағдайы т.б. жатады.
Әлеуметтік ортаға қоғамдық өмір, адамдар, олардың іс-әрекеттері, қа-рым-қатынастары, мәдениеті, әдебиеті, саясаты, идеологиясы т.б. жатады.
Баланың дамуында бұл орталардың ықпалы өте үлкен. Баланың мінез-құлқы, әдеттері, көзқарасы осы ортада қалыптасады. Баланың сыртқы көрі-нісіне тіршілік ету салты мен еңбек қызметінің сипатына географиялық орта орасан әсер етеді.
Баланың әдебі, мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері орта арқылы қа-лыптасқанмен, бірақ ортаның өзі ғана шешуші фактор бола алмайды.
Бала дамуындағы үшінші фактор тәрбие болып есептеледі. Тәрбие деге-німіз адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп ықпал ету болып табылады.
Тәрбие беруде алға оның бағыт-бағдары, нәтижелері алдын-ала көріп бі-лінетін белгілі бір мақсат қойылады. Тәрбие белгіленетін мақсаттары бар адамдардың қызметін арнайы ұйымдастырады, әpi алға қойылған мақсатта-рды мейлінше нәтижелі жүзеге асыру үшін құралдарды, методтар мен ұйым-дық формаларды таңдап алуды қарастырады.
Тәрбие арқалы баланың туа біткен нышандарын дамытуға болады. Тұ-қым қуалаушылықпен келген нышан дайын қабілет емес, дамуға қажетті ал-ғы шарт, мүмкіншілік қана. Оны дамыту үшін жағдай, тәрбие қажет. Дұрыс тәрбиеленген нышан қабілетке айналады, ал тәрбие көрмеген нышан жоқ бо-лып кетуі мүмкін.
Нышанның талантқа айналуының тағы бір шарты еңбексүйгіштік. Ең-бек етуге ерінбеу, ұзақ уақыт жұмыс істей алу тәрбиенің нәтижесінде қалып-тасады.
Тәрбие бала денесінің дамуына да мәнді ықпал етеді. Мысалы: күнделік-ті гимнастика, спортпен шұғылдану баланың денсаулығын нығайтады, шы-нықтырады. Ал, ақыл-ой, еңбек тәрбиесі арқалы дарындылығын дамытуға болады.
Баланың өскен ортадан алған жағымды мінез-құлқы, әдеттері тәрбие ар-қылы әpi қарай дамиды, оның қоғамдағы мәртебесін көтереді. Ал жағымсыз іс-әрекеттері, мінез-құлқы болса, оны тәрбие арқылы түзеуге болады.
Жеке адамды дамытуда оның белсенділігін тәрбиелеу де аса қажетті тә-сілдердің бipi. Бала белсенділгінің ең алғашқы формасы қарым-қатынас жа- сау белсенділігі. Белсенділік баланың білім алу, еңбек ету, қоғамдық жұмыс-тарға қатысу, өзін-өзі тәрбиелеу барысында дамиды. Баланың дамуы мен қа-лыптасуы оның белсенділігіне байланысты. Ол өзiнің белсенділігі арқылы тәрбиенің субъектiсiне айналады. Яғни, бiрiншіден, өзiн қоршаған ортаны танып-білушi, екіншіден өзiнің белсенді іс-әрекетi арқылы сол ортаға өз та-рапынан ықпал етуші адам.
Тәрбиенің тиiмділігі баланың жеке психологиялық ерекшелiктерiне бай-ланысты болады. Белгілі бiр жастағы балалардың бәрі бiрдей емес. Әр бала-ның өзiндік қызығушылығы, бейiмділігі, қабілетi, мінезі бар. Осыларды ес-керіп тәрбие жұмысын жүр гізу керек. Сонда ғана мақсатқа жетуге болады.
Сонымен, мақсатқа бағытталған тәрбие, баланың жүйелі әрекетiн ұйым-дастыру, оған дұрыс басшылық ету және қоршаған орта бiрлессе бала дамуын-да шешуші роль атқарады.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling