Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet20/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Бақылау сұрақтары:
1. Дамып келе жатқан организмде қандай өзгерiстер болады?
2. Адам организмі дамуының басты қозғаушы күші не?
3. Баланың дамуында тұқымқуалаушылықтың ролі қандай?
4. Баланың дамуына орта қалай әсер етеді?
5. Баланың дамуына тәрбие қалай әсер етеді?
6. Баланың дамуы оның қызметі және белсенділігімен байланысты ма?
7. Kiшi, орта, жоғары мектеп жасындағы оқушылар дамуының ерекше-
лiктерi және олардың тәрбиедегі мәнін айтып бер.
1.5. Біртұтас педагогикалық процесс
1.5.1. Педагогикалы қ процесс және оның құрылымы.
Педагогикалық процесс – педагогика ғылымының бастапқы, негіз бо-латын категорияларының бірі.
Педагогикалық процесс – үлкендердің педагогикалық қызметі мен тәр-биешілердің жетекшілік және бағыттаушылық ролі арқылы баланың белсенді тіршілік әрекеті нәтижесінде өзін-өзі өзгертудің мақсатқа бағытталған, маз-мұнды және ұйымдастырылған өзара әрекеті.
Педагогикалық процесс тәрбие заңдарына, педагогтың творчествосы мен баланың жас өзгерістерінің динамиксына сүйенетін ғылыми негізделген, дамушы және жетіліп барушы система ретінде қаралынады. Бұл системаның ішінде оған тән болған принциптер мен заңдылықтар пайда болады және әре-кет етеді.
Педагогикалық процесс басқа қоғамдық процестермен (экономикалық, саяси, құлықтық, мәдени т.б.) тығыз байланысты. Оның мәні, мазмұны және бағытталғандығы осы қоғамдық процестердің жағдайына, өндіріс күштері мен өндіріс қарым-қатынасының өзара әрекетіне тәуелді болады.
Педагогикалық процестің негізгі ерекшелігі – біртұтастығы, ондағы барлық негізгі компоненттерді сақтап қалу қажеттілігі. Педагогикалық про-цестің компоненттерi: тәрбие мен оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, методтары және осылардан шығатын нәтижесi. Бұл компоненттер бip-бipiмен тiкелей байланыста жүзеге асырылады.
Педагогикалық процестің мәні тұтастық негізінде оқу, тәрбие және да-мудың бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.
Педагогикалық процесс – бірнеше процестердің ішкі байланыстар жиынтығы. Онда оқыту, білім беру, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру бөлінбестен бірігеді.
Педагогикалық процестің жалпылығы және бірлігі оның құрамындағы барлық процестерді бір мақсатқа бағындырады. Педагогикалық процестің ішіндегі күрделі қарым-қатынастар мыналарда көрінеді:

  • оны ұйымдастырушы процестердің бірлігі және дербестігі;

  • оның құрамындағы процестердің тұтастығы және қатар бағынушылығы;

  • жалпылықтың болуы және өзіне тән ерекшеліктің сақталынуы.

Педагогикалық процесс үш негiзгi функцияны орындайды: білім беру-шілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық.
Бiлiм берудің мазмұнында ғылыми түсінікті, мағлұматты, заңды, тео-рияны, iскерлiктi, дағдыны қалыптастыру басым жатса, ал тәрбиенің мазмұ-нында қоғамдық мінез-құлықтың нормасын, ережесін, идеясын, тәсілін қа-лыптастыру басым болады. Білім беру мен тәрбиелеу процесі арқылы жеке адамның сана-сезіміне, мінез-құлқына, қарым-қатынасына, еркіне, эмоциясы-на, қызметіне әсер етіледі, бұл баланың жалпы дамуына әкеледі. Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзiн-өзі тәрбиелеу және өз бетiмен білім алу процесiне ұласады. Сондықтан, тұтас педагогикалық процесс оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерiнің органикалық бірлігі болып есептеледі.
Педагогикалық процестің нәтижелi болуы оның ішкі қозғаушы күште-ріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орын-дауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықтарды айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншiлiгiне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзiне айналады.
Педагогикалық процесті оның құрамдас бөліктері мен элементтерінің белгілі жүйелі, үйлесімді құрылған тұтастықты білдіретін система ретінде қараймыз. Құрылым – бұл тұтас бір заттың бөлімдерінің (элементтердің) өз-ара орналасуы. Системаның құрылымы қабылданған критерийлер бойынша белгіленген элементтерден (компоненттерден), сондай-ақ олардың арасын-дағы байланыстардан тұрады. Педагогик*алық процестің өзі педагог пен тәр-биеленушінің өзара әрекетінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, метод-тарын, формаларын және одан шығатын нәтижелерді сипаттайды.
Педагогикалық процесс жүзеге асырылатын системаның басты компо-ненттері педагогтар мен тәрбиеленушілер, тәрбиенің алғы шарттары болып саналады.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling